Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Қырғызcтандағы қазақ диаспорасы арқалы ақынын мақтан тұтады

Қырғызcтандағы қазақ диаспорасы арқалы ақынын мақтан тұтады

Биыл жыл аяғына таяу Қырғызстанда заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойы жоғары мемлекеттік деңгейде аталып өтпекші. Осы мерейтойдың аясында жақында Қазақстанның халық жазушысы, қырғыз ел ақыны Мұхтар Шаханов Бішкек қаласында қырғыз жұртшылығына өзінің «аға-досына» арнаған «Шындық формуласы» және махаббаттың  Еверестіне көтерілу» атты эссе-кітабының орыс тіліндегі нұсқасының тұсау кесерін өткізді. Бұл іс-шаралар Қырғыз ұлттық кітапханасында, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде, Қырғыз телерадиокомпаниясында аталып өтті. Ал енді Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде өткен кездесуде Мұхтар Шахановқа университеттің «Ардақты профессоры» атағын тапсырды. Мұқаң бұрын Қырғыз ұлттық университетінің де құрметті профессорлық дәрежесіне ие болған еді. Ақынның эссе-кітабы жақында қырғыз тілінде де жарық көрмекші. Ұлттық кітапханадағы оқырмандармен жолығысуда Мұхтар Шаханов «Шыңғыс Айтматовтың шығармалары «Манас» эпосынан кейінгі қырғыздың ұлы мұрасы, бір ғана «Ғасырға тете бір күн» романын жазды ол әдебиет тарихында мәңгі қалмақ», - деп  жазушы ағасының шығармашылығына үлкен баға берді. Қырғыз ұлттық университетіндегі жүздесудегі сұрақ-жауапта Мұхтар Шаханов "Атлантиданы қиратқан Алматы" деген кітабын жазуға кіріскенін хабарлады.

                                                                Дайындаған : Назарбек БАЙЖІГІТОВ,  Бішкек қаласы.

Суреттерде: Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде ақынға «Ардақты профессор» атағы тапсырылған сәттен көріністер.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті