Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Троицкіде ескерткіш тақта ілінді

Троицкіде ескерткіш тақта ілінді

Қостанай облысының Қарабалық ауданымен іргелес жатқан  Ресейдің Троицк қаласында 2013 жылдың 20 сәуірінде қазақ тілі мен мәдениетінің күндері болып өтті. Осы шараның аясында  1911-1915 жылдары жарық көрген  «Айқап» журналына арнап, баспанахана болған  тарихи ғимараттың қабырғасына  ескерткіш тақта ілінді.

Тақтаны Челябі облысындағы «Азамат», Троицк қалалық «Арман» қазақ мәдени-қоғамдық бірлестіктері облыстық үкімет пен Троицк қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған Челябі облысында тұратын қандастарымыз, Ноғайбақ, Бреды, Верхнеуральск, Агапов аудандарындағы қазақ мәдени-қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, Қостанайдан барған делегация мүшелері және Сыртқы істер министрлігі  мемлекеттік тіл және лингвистикалық  сараптама басқармасының басшысы Серікқали Бәйменше қатысты.  Тақтаның ашылу салтанатында  Троицк қаласының главасы Виктор Щекотов,  Серікқали Бәйменше,  жергілікті өлкетанушы, тарихшы Рауф Ғизатуллин,  ақын Нағашыбай Мұқатов және тағы басқалар ұрпаққа сабақ болар игілікті іспен құттықтап,  сөз сөйледі.

Игі іс шарада Қарабалық ауданының «Айна» және Троицк қалалық «Вперед» газеттерінің журналистері үшін жыл сайын  Мұхаметжан Сералин жүлдесі байқауы өтетіні туралы жария етілді.

           Сонымен қатар, Троицкідегі қазақ тілі мен мәдениетінің күні  шеңберінде Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  қазақ тілі мамандары Челябі облысындағы тіл үйрететін мұғалімдер үшін шеберлік мектебін өткізді. Қостанай облыстық филармониясы  әртістерінің күшімен концерт берілді.

// ДҚҚ-ңың  ағымдағы мұрағаты 

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті