Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Бұхараға сапар

Бұхараға сапар

       Бұхара – біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдан өз алдына өсіп, дамып келген дүниедегі аз ғана қалалардың бірі. Жаңа дәуірге дейінгі бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында қала түбегейлі өзгерді. Бұхараның орталығы әміршілер мен олардың қызметшілері тұратын биік Арк қорғаны болды. Қорғанның ішкі жағында меншікті қала – «Шахристан» дамып келген. Оның айналасында саудагерлер, темір ұсталары және құлдар болған.       Жаңа дәуірге дейінгі II ғасырдан  III ғасыр аралығында  Бұхара Канпоя құрамында болған. V ғасырдан бастап Эвталиттер мемлекетімен бірге, ал VI ғасыр мен  VII ғасырдың бастапқы кезеңінде Батыс түрік қағанатының құрамына кірген.

Бүгінде Бұхара – өзіндік қайталанбас мәдениеті дамыған қала. Мұнда ұлы ғалымдар, ақындар және ойшыл демократтар Абу Али ибн Сино, Рудаки, Фирдоуси, Имам аль Бухари және басқалар жемісті еңбек еткен. Сондай-ақ, Бұхара – 140-тан астам көне дәуірдің ескерткіштері бар мұражай қала. Ескі Бұхараның 25 ғасырдан бері сақталып келе жатқан аса құнды, қайталанбас тарихи ескерткіштері, ескірмейтін көз қуантар  сәнді сарайлары мен мешіттері, кесене мен мұнаралары бүгінгі күнде  де әлем туристерін таңқалдырып отыр. Атақты қаладағы сәнді ғимараттардың әшекейлі, сыры кетсе де сыны кетпеген нәзік өрнектері, оюлары кімді болса да қызықтырмай қоймайды. 1991 жылы ЮНЕСКО Бұхараны  «Дүниежүзінің мәдени мұрасы» деген тізімге кіргізген болса, 1997 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен Бұхара қаласының 2500 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде тойланды. 

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті