Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Қазақстан-2050 Стратегиясы

Қазақстан-2050 Стратегиясы

   

     Елбасымыздың мақаласын біздің негізгі ұлттық идеямыз деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Осыны ары қарай дамытып, жалғастыру біздің қолымызда. Бір айта кетерлік мәселе, экономикалық жағдайларға байланысты соңғы кезде көш сәл саябырсып қалған болатын. Бұл мәселе де қазір қайта жолға қойылып келеді. Осыған байланысты заң қабылданды. Осы межемен іске аса беретін болса, алдағы уақытта қазақ саны 75 пайызға дейін жететін болады. Бір-бірімізбен қазақша түсініп сөйлескенімізбен, оқу-сызуға келгенде Қазақстан жұрты – кириллицада, Қытайдағы бауырларымыз – төте жазуда, көршілеріміздің көбі латынға ойысты. Бір-бірімізбен хат алмасып, сөйлесуіміз қиынға соғып отыр. Қытайдағы қандастарымыз: «Біз сіздерге қарап отырмыз ғой. Егер сіздер латынға көшсеңіздер, біз де соған бейімделуге дайынбыз. Төте жазудың бізге керегі жоқ», дейді.

     Тіл мамандары мен ғалымдар күш біріктіріп, көршілес елдердің тәжірибесін ескере келе, латын қарпіне көшу мәселесінде уақыт оздырмай нақты іске кірісуіміз қажет. Сондай-ақ, мұнда айтылған терең мазмұнды ойларды орыстілді басылымдарға кең ауқымда дұрыс түсіндіруіміз керек. Менің өз түсінігімде рухани жаңғыру – жастардың қолында. Сондықтан оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, отансүйгіштікке тәрбиелейік.

    Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары


           Толығырақ: https://egemen.kz/article/naqty-natizhe-men-ilkimdi-is-kerek

толығырақ

     Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы ғалым:

     – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқып шығып, ерекше әсер алдым. Себебі, дәл қазіргі кез де біздің қоғамға осындай батыл бастамалар ауадай қажет. Бұл Президентіміздің ойына бір күнде келе қалған дүние емес. Сонау азаттықтың ақ таңы атқан күннен бастап санаға салмақ түсірген, енді ғана толғағы жетіп жарыққа шыққан сөздер екені анық. Сондықтан да бұл мақаладан жүректің үні естіледі.

     Мақалада Мемлекет басшысы латын қарпіне көшу мәселесіне кеңінен тоқталған. Қарап тұрсаңыз, бір әліпбиден екіншісіне ауысу оңай шаруа емес. Ол – тұтас қоғамды, мемлекеттің әр азаматын қамтитын өте ауыр процесс. Сондықтан оның қауіптілігі де әрдайым назарда тұруы тиіс. Соған қарамастан, латыншаға өтетін уақыттың жеткенін айтқан Елбасы бұл жұмыстың рет-ретімен жүзеге асуы тиіс екенін жеткізеді.

     Жалпы, кез келген дамыған мемлекет, негізінен, екі байлыққа ерекше назар аударады. Олар материалдық және рухани байлық. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біз көбіне алғашқысына көңіл бөліп, екіншісі еленбей қалғандай күйде тұрды. Осы келеңсіздікті жою үшін мынадай шешімге келу Мемлекет басшысының тереңнен ойлайтынын, әр істі өз уақытында орындайтынын тағы бір дәлелдеді. Енді оны сәтті жүзеге асыру біз бен сіздің басты міндетіміз болуы керек.

     Өз басым бүкіл түркі әлеміне ортақ, осыдан 2-3 мың жыл бұрынғы құндылықтарды зерттеп жүргендіктен, латын әліпбиіне көшуді айрықша қуанышпен қабылдадым. Қазірдің өзінде осы бағыттағы том-том болған еңбектеріміз жарыққа шықпай, қолжазба күйінде тұр. Енді соларды жариялауға жол ашылады деп сенеміз.

     "Айқын" газеті 13 сәуір, 2017 жыл

толығырақ

    Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары:

       – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық. Бұл еңбекті оқып шыққанда қазақ халқының сан ғасырлық аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындарды, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат-үміті тізіліп көз алдымызға келгендей болады. Бүкіл қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің қайсар үні саңқылдап құлағымызға жеткен секілденеді.

         Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды.

       Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Байлыққа, табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады.

       Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойған екінші маңызды бағыты – прагматизм. Кез келген халық өсіп-өркендеу үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл да Елбасы еңбегінде нақты көрсетілген. Яғни, Елбасы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек» дейді. Соған орай, «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деп атап көрсетеді. Басқаны былай қойғанда, Елбасының осы бір-екі ауыз сөзі жүзеге асатын болса, қазақ халқының бүгінгідей жұрттың бәрі білетін біраз кемшін тұстарынан арылып, ең мықты халықтардың қатарына қосылатыны анық.
       Президент популистік иделогиядан абай болуды нақты ескертеді. Бұл да біз үшін өте маңызды мәселе. Өйткені бізде кейбір азаматтардың ұлтқа жанашыр болып көріну мақсатымен жүзеге аспайтын және ешқандай заңға, құқықтық шарт-талаптарға сәйкес келмейтін мәселелер көтеруі де байқалып қалады. Дүниежүзіндегі көптеген ұрыс-жанжалдар осындайдан туындап отыр. Ұлт болашағын ойлағанда бұл да есте болғаны жөн.
         Мемлекет басшысы жаңа еңбегінде ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесіне де нақты тоқталады. Бұл ретте мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылармен әдеттерден арылу мәселесіне де нақты көңіл бөледі. Яғни, әр адам жершілдік сияқты кенже қалған түсініктен біржолата құтылып, біртұтас ұлттың перзенті болуға тиіс деп атап көрсетеді.
          Елбасының бұл еңбегі – тек Қазақстан халқына ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазаққа ортақ бағдарлама. Осыған орай, биылғы жылдың маусым айында Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайының өтетінін де айта кеткеніміз жөн. Елбасының жаңа еңбегі осы құрылтайда да жан-жақты сөз болатыны анық.

       https://aikyn.kz/2017/04/13/9963.html

толығырақ

      КІРІСПЕ
     Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
    Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.
      Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
      Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
    Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
      Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
     Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
    2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
     2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
     Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.
     Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
     Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.    
    ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.
     Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.  
     Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.  
     Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
     Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
    Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.  
      Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.  
     Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.
1. Бәсекелік қабілет
     Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.
     Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
      Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
2. Прагматизм
    Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.
     Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
     Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
     Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
     Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.
    Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
     Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті  көрсетеді.  
     Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
      Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.                             Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді.
    Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.
    Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
        Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
        Оның екі қыры бар.
        Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
      Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
      Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?      Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
    Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
   Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
     Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
    Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.
     Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.
    Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
    Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
     Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
    4. Білімнің салтанат құруы  
       Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.      
     Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.  
    Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
   Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.
     Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.  
   Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.
      Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
    Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады.
    Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.  
     Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.     Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ.
     Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
     Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.        
   Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
      Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздады.
   Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко­ло­гиялық апат аймақтарына айналды.
    Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.
   ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
   Индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жат­қызуға болады.
   Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң­ғы­руы еді.
    Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді.
    Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
    Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
    Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.  
    Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
     Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.  
    Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.
     6. Сананың ашықтығы
    Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын­дайды.
     Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей.
    Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?
    Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.  
    Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.
    Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  
   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
    Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.
    «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.
     Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.
     Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.
ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР  
     Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
    Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
     Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  
     Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  
    VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.
    Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.  
    Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
    Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
    Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
    1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
     Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1
    940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
   Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.
    Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
     Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.  
     Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  
     Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек.
     Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.
     Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.      
    2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.  
    Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.
     Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.  
     Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.
     Оның мәні мынада:
     1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.
     2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.
     3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.
     Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?  
    Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз.
     Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.    
     Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.        
     Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.
     Бұл – мемлекеттің міндеті.  
    Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.
    Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
     Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
    Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
    Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.
      Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
    Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
    Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
     Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.
    Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
     Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?
    Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
    Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
    Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
    Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
    Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс.
    Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.
    Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.
    Бұл жерде де көп жұмыс бар.  
   Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.  
    Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
     Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
    Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
     Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
     Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
    Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
    Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.
    Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.  
    Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.       Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.
    Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.
    Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.
     Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
    Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.    
     Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:
     1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.
      2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.
    3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар.                  Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде.
    Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
     Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.
     Бұл жоба нені көздейді?
     Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.
     Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.
     Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.  
    Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.
     Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.
    Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.
    Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.  
     Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.  
    2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.  
    Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.
     Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.
    Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.
      Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.      Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.
     Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.
    «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
     Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  
     Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.
     Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.              Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс.  
      Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.  
     1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.
     2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру.
     3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
                                         ҚОРЫТЫНДЫ
        Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
     Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
     Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс.
     Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.
     Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін.
     Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.
    

толығырақ

     Менің Чех Республикасының астанасы Прага қаласында оқып жүргеніме шамамен 4 жыл болды. Чех Республикасының мемлекеттік құрылымы – парламенттік республика. Мемлекеттік тілі – чех тілі. Қазіргі таңда Чехияда өте сапалы жоғары білім беруде. Чехияның көптеген мемлекеттік университеттеріне ақысыз-пұлсыз барлық тілек білдірушілер түсе алады, ол үшін мемлекеттік емтихандар тапсырып, чех тілін білу қажет.

     Халықаралық, экономикалық және де саяси қатынастары жағынан қарасақ, Қазақстан Республикасы және Чех Республикасы арасындағы саяси сұхбаттар қалыпты дамуда. Екі мемлекет жаһандану және аймақтық деңгейде қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту, Еуропа одағы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық және гуманитарлық салада тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері жөнінен ортақ көзқараста. Чехияның шаруашылығында сыртқы эко­номикалық байланыстардың ауқымы өте кең. Елдің басты сауда әріптестері – көршілес елдер, яғни Германия, Словакия, Австрия және Ресей. Сыртқа шығаратын өнім­дері арасында машиналар мен жабдықтар және халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары басымдыққа ие.

      Бүгінде Чехияда оқып жүрген қазақ жастары өте көп. Қазақстан Республикасы елшілігі жанында «Тарлан» Чехиядағы жастар қауымдастығы бар. «Тарлан» тек қана қауымдастық емес, сонымен қатар достармен бірге өткізілген қуанышты күндер, ән-би кештері, спорттық шаралар – барлығы да студенттік өмірдің бір нышаны. Негізгі ой – қазақ жастарының басын біріктіру. «Біз жастарға сенеміз», деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ел бола­шағы жастардың қолында.

     Елбасымыз жариялаған стратегиялық реформа еліміздің одан әрі дамуына, халықтың тұрмысы мен экономикасының көркеюіне септесеріне сенімдімін. Біз, жастар, өз еліміздегі осындай өзгерістер арқылы жаңа белестерге жететінімізге және де аз уақыт ішінде дамыған мемлекеттер қатарына қосылатынымызға сенім артамыз.

      Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұл қиял емес. «2030 стратегиясы» да басында мүмкін еместей болып көрініп еді. Біз бұл бағдарламаны 15 жыл, жарты мерзім ішінде аяқтадық. Біз «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Болашақта да осы бағытта жылжитын боламыз.

     Маржан ӘДІЛ, Прага қаласындағы Қаржы және басқару университетінің студенті

        https://www.egemen.kz/2017/03/06/107027

толығырақ

    Қазақ елінің Елбасшысының билік тармағын бөлу туралы жуықта жасаған Үндеуін шетелде тұратын қазақтар да үлкен  үмітпен, қуанышпен ұғынып-түсініп, жылы қабыл алдық. Онда өте маңызды мәселені қозғалды. Бұл тек Қазақ елінің бет-беделі ғана емес, әр елде жүрген қазақтардың да бет-беделіне байланысты үлкен уақиға болды. Қазақ елінің басшылығындағы билік тармағының бөлуінің өзіндік мәні бар.  

    Бірінші, Қазақ қоғамын демократияландыру үрдісі үлкен жолға түсті. Биліктің үш тармағы Президент, Парламент, Үкімет халық алдында өз жұмысының нәтижесін халыққа баяндап, көпшіліктен қорытындыланатын мүмкіндік туды.  Бұрын Парламент пен Үкімет Президенттің тасасында қала беретін.

      Екінші, Қазақ елі бүгін демократияланған, бір кісінің билігінде емес. Биліктің саласы өз міндетін атқаратын ел болды. Қазақ елінің тәуелсіздік алған 25 жылдық тарихы күшті Президенттің басқаруында болып келгенін білеміз. Осы басқарудың арқасында Қазақ елі бұрын-соңды болмаған үлкен жетістіктерге жетті. Бұл басқа елдерге үлкен үлгі. Сондықтан осы үрдісті ары қарай да жалғастыру қажет.

         Үндеудегі Елбасы арбитриалдық міндет атқаратын. Парламентке бақылау қоятын, тепе-теңдігін ұстайтын, өзаралық байланысын үйлестіріп отыратын. Осы бір үрдістен айрылмау қажет деп ойлаймын. Өйткені жаңа қоғамға кіріп жатқан біздің Моңғолия сияқты елдерде демократияны асырып жіберіп бей-берекеттікке кетіп қалатын жағдай да бар. Сондықтан сол жерін де ескеріп әлі де күшті президенттік бағыттан ауытқымау керек.

       Қазақ елі алдымен экономика, содан кейін саясат деген ұстанымды ұстап келгенін білеміз. Осының арқасында Қазақ елі экономикалық жағынан бұрын-соңды болмаған ерекше табыстарға жетті. Бұл қуантарлық жағдай. Енді саясатта да осындай үлкен табысқа жететін жолға түсті ғой деп ойлап отырмыз. Қазақ қоғамын, Қазақ елін демократияландыру адам құқығын үлгілі ұстану  және басқа да қоғамдағы әртүрлі келеңсіз жағдайды жоғалтуға, оны түзеп алуға қай жағына да тепе-теңдік үлгі боларлық ел болуға осы экономика мен саясатты тең ұстаған жөн ғой деген ойдамыз.

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолиядағы өкілдігінің жетекшісі Хабсаттар Омар

толығырақ

8 ақпанда ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдасты-рушылар кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы келді. 

      Көрме павильондарын қарап шыққаннан кейін, Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. 

      Басқосу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.

         «Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін», - деді СІМ басшысы.

      Өз кезегінде, Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жүмыстармен таныстырып, барлығы 150 ресми кездесулердің, оның ішінде шетелдің премьер-министр, вице-премьер, министр  деңгейіндегі 36 шетелдік делегацияның қатысуымен  өткізілгендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Демек, ЭКСПО-2017 көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің біріне айналып отыр.

 * * *

     Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

      Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com  

толығырақ

акорда фото       

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

       Құрметті қазақстандықтар!

      Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

      Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

      2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

      Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

      Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.

       Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

      Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

       Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

       «Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

         Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.

         Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

        Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

       Қымбатты отандастар!

      Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

         Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.

      Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

        Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

        Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

       Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.

        Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

        Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

        Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.

       Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

        Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

       Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

      Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

      Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

       Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

        Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

    Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

     Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

    Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырамын. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек.

      Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.

       Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

       Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

      Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

      Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

       Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

      Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

         Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.

      Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

     Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек.

       Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.

       Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуі керек.

      Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет.«Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс.

       Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.

      Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет.

      Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.

     Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын.

       Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз Инвестициялық стратегиясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі керек.

     Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен,  ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет.

        Үшінші. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.

     Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

      Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс.

    Жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырамын.

 *****

      Төртінші. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.

      Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор.

      Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс.

      Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.

       Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін  Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар беремін:

      біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет;

      екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек;

     үшіншіден, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру қажет;

     төртіншіден, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек;

       бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет;

     алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.

      Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.

      Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.

     *****

      Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.

      Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

      Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін:

— контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін;

— жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын.

      Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет.

      2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

      Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.

       Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет.

     Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.

      Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.

     Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар.

       Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

      Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты  бойынша қайта пайдаланылады.

      Әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс.

     Біз қалаларда жеке тұрғын үйлердің бірыңғай сәулет стилінде салынуына мән беретін боламыз. Бұл үшін мемлекет қажетті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетеді.

      Үкімет әкімдермен бірлесіп, үлкен қалалардың іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

       Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту.

    Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс.

      Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын.

      Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.

      Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет.

      Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

     Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

      Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет.

        Бірінші. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.

       Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

      Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

       Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.

      Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ.

      Екінші. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты.

       Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.

      Сондай-ақ, бизнестің қазіргі  қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді.

      Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін.

       Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.

       Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды.

      Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек.

     Елімізде бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлық тағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс етеміз.

       Үшінші. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс.

         Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

         Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

         Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемлекет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді.

       Келесі кезеңде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны бірнеше мың болады.

         Әрбір бағдарлама немесе тапсырмаға орай заңды тұлғалар құру тәжірибесі бұдан былай  тоқтатылуға тиіс.

       Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керек.

        Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын.

       Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен  оңтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу керек.

         Мемлекетке қандай маңызды секторларда, қатысу үлесінің қандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап алуымыз керек.

       Табиғи монополияларды және стратегиялық маңызы бар,  соның ішінде Трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар мультипликативті нәтиже  беруге тиіс.

       «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардың функцияларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске берілуі қажет.

        Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керек.

        Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр.

       Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды.

         Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді.

        Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына байланысты.

      Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімнің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет.

      Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуға тиіс.

       Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту үшін бұдан әрі жекешелендіру мүмкіндігін қарастыра отырып, басқаруға және концессияға беру қажет. Үкімет бір орынды шиырлай беруді  доғарсын. Бұл бағытта жұмысты жандандыра түсу керек.

        Бесінші. Баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет.

     Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ревизия» жасауды тапсырамын.

        Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.

     Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

        Бірінші. Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек.

        Екінші. Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет.

     Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс.

       Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арттырып, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету, ұжымдық басқаруды жақсарту қажет. Осының бәрін заңнамалық деңгейде бекіту керек.

       Экономикадағы қаражат жетіспеушілігі және несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме түйткілдерін шешу мақсатымен Ұлттық банк пен Үкіметке теңге түрінде қолжетімді орта және ұзақ мерзімге арналған қор қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын.

         Ұлттық банк инфляция ғана емес, сонымен қатар Үкіметпен бірге экономиканың өсуі үшін де жауапты болуға тиіс.

         Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.

         Жекешелендіру оның дамуына серпін беруге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыру керек. Халықтың жинаған өз қаражатын ең алдымен түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет.

         Біз 2016 жылдың соңында заңдастыру науқанын аяқтадық. Оған еліміздің 140 мыңнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде 5,7 триллион теңге, оның ішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теңге заңдастырылды.

       Үкіметтің міндеті – бұл қаражаттың экономикаға, соның ішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қазақстанның жекеменшік кәсіпорындарының облигация шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет.

      Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, отандық қор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын.

         Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.

        Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.

       Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет.

         Республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оның қорытындысы бойынша маған баяндалсын.

       Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн.

      Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажет. Сонымен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек. Әкімдер өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет.

        Екінші. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн.

      Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс.

     Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек. Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру керек.

     Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар.

    Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек.

 *****

       Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

      Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

        Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

        Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

      Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.

       Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

      2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет.

       Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек.

         Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

      Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.

        Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.

         Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.

        Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

       *****

         Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс.

      Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

       Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

      Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек.

       Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын.

      Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет.

       Үшінші. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты.

       Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады.

      Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

       Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді.

      Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек.

       Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі.

       Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді.

       2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

      Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

     Бірінші. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

       Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек.

      Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп,  жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырамын.

     Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс.

     Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керек.

        Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды.

      Үшінші. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.

       Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады.

       Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

       Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек.

       Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет.

       Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.

        Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде.

    Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын.

     Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.

      Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

        Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.

      Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын.

      Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек.

      Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

        Құрметті қазақстандықтар!

      Осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді.

         Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

      Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ.

     Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.

          Қымбатты достар!

      Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

        Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

        Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!

         https://www.egemen.kz/2017/01/31/96923

толығырақ

     Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі қазақстандықтар асыға күткен оқиға деуге болады. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген ұстанымы арқылы 25 жылдың ішінде Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті озық 50 елінің қатарына қосқан Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси реформаларды жеделдету жөніндегі ой-тұжырымдарының жариялануын бүгінде тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің жетекшілері мен әлемнің көрнекті саясаткерлері қызу талқылай бастады. Бұл өзгерісті демократиялық, зайырлы қоғам құруды мақсат еткен және оған қол жеткізуге қадам басып келе жатқан әлемнің дамушы елдері үшін  үлгі-өнеге ретінде ұсынушылар жеткілікті.

      Елбасының «Құрметті қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын» деп басталатын бұл Үндеуін шетелдегі 5 миллионға жуық қазақ диаспорасының өкілдері де жылы қабылдап, оны қызу қолдайтындарын жеткізуде. Сондықтан олармен мәдеи-рухани қарым-қатынасты жүргізіп келе жатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы олардың ой-пікірін жұртшылық назарына жеткізуді өз парызы санап отыр.

    Конституция мен заңдарға енгізілетін өзгерістердің екі бағыты да қоғам үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Бұл әсіресе, жаһандық экономикадағы соңғы өзгерістерден кейін шикізатқа тәуелділіктен арылудың маңызы айқын дәлелденген сәтте  дер кезінде қабылданған оң шешім деуге болады.  Н.Назарбаевтың «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген сөзі дәл бүгінгі таңда барша қазақстандықтар үшін өзінің өзектілігін сезіндіруде. Жалаң ұранға емес, ғылым мен техниканың озық жетістіктеріне сүйеніп ғана, қоғамды алға жетелеуге болатынына бүгінде барша жұрттың көзі жетіп отыр. Сондықтан өзгерісті өзінен бастап, билігін мемлекеттің заң шығарушы және атқарушы басты органымен бөлісіп, оны жұртшылық талқысына салып отырған Елбасының бұл тарихи шешімін біз қуана құптаймыз.

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 

толығырақ

       

   Құрметті қазақстандықтар!

     Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.

        Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу.

      Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.

      Қазір заманның дидары өзгерді.

      Біз де өзгеруге тиіспіз.

     Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.

     Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

       Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады.

      Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.

     Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн.

       Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады.

      Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады.

      Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс.

       Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету.

       Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз.

       Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.

        Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады.

   Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

      Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.

       Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет.

      Құрметті қазақстандықтар!

      Мен сіздерге еліміз үшін қағидатты мәселе бойынша қайырылып отырмын.

      Бұл – мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу.

       Менің өкіміммен арнайы Жұмыс тобы құрылды. Олар жаман жұмыс істеген жоқ.

       Мен топтың жұмысы туралы есепті тыңдадым.

      Алдағы реформа біздің дамуымыздың қисыны мен тұтастай қазіргі заманғы даму қисынына арқа сүйейді.

       Негізгі мәні – Президент өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді.

    Күшті президенттік вертикаль бізге мемлекет қалыптастырудағы орасан қиындықтарды еңсеру барысында қажет болды.

      Бұл уақытында өзін ақтады. Біздің барлық жетістіктеріміз дәл осы жүйе кезінде жүзеге асырылды.

        Бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді.

       Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық.

       Біз іргесін қалаған даму траекториясының дұрыстығын тарихтың өзі қуаттап отыр.

       Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткен кезде біз өзіміздің табыстарымыз туралы, оның ішінде билік құрылымдарының, президенттік жүйенің жұмысы туралы айттық.

        Алайда, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр.

       Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді.

      Қазірдің өзінде біз алдағы кезең алдымызға міндетті түрде көлденең тартатын жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге қалай қарсы тұратынымызды ойластыруға тиіспіз.

       Ұсынылып отырған реформаның мәні билік өкілеттіктерін сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр.

      Президент үшін жаңа жағдайларда стратегиялық функциялар, жоғарғы арбитрдің биліктің тармақтары арасындағы қатынастардағы рөлі басым болады.

      Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жігер жұмылдырады.

        Бұл ретте Үкімет пен Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейеді.

       Аталған жұмыс екі шешуші бағыт бойынша жүргізілетін болады.

     Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі заңымен бекітілген өкілеттіктерінің айтарлықтай бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға беру керек.

       Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер жауап беруі тиіс.

       Өкілеттіктерді беруді тиісті заңдарға өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз етуге болады. Үкіметке немесе Парламентке беруге болатын 40 шақты өкілеттік бар.

        Бұл түзетулерді қабылдау үшін Үкімет Парламентке үстіміздегі сессияның аяғына дейін басым ретпен енгізеді.

     Екіншіден, бұдан да күрделірек міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды конституциялық деңгейде теңгеру.

        Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкершілігін арттыру маңызды.

      Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал ететін болады.

        Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ.

         Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібін оңайлату қажет.

       Ол биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жасауын күшейтпек.

       Үкіметке, ол сол үшін толық жауапкершілікте болатындай, мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді тапсыру орынды болмақ.

       Үкіметтің өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату құқығын беруге болады.

       Президент Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінің іс-әрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады.

        Мұның бәрі атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді.

     Заң күші бар Президент жарлықтарын қабылдау мүмкіндігі туралы норма көкейтестілігін жойды.

       Жергілікті атқарушы билікке қатысты Парламенттің рөлін күшейту ұсынылады.

       Оның сыртында Конституциялық Кеңестің, сот жүйесі мен прокуратураның қызметін жетілдіру туралы мәселені қарастыру талап етіледі.

        Сонымен бірге, бізге өз конституциялық құрылысымыздың бұлжымастығына сөзсіз кепілдік қажет.

      Жұмыс тобы одан әрі де жұмыс істей беретін болады, олардың осы мәселелерді жан-жақты зерттеп және одан арғы қоғамдық талқылау үшін ұсыныстар пакетін дайындауы қажет.

        Ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.

       Біріншіден, көптеген жылдарға күні бұрын саяси жүйе тұрақтылығының қорын жасау.

      Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін арттыру қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап қайтарудың неғұрлым тиімді механизмін бермек.

        Иә, бұл басқарудың неғұрлым күрделі жүйесі, бірақ қоғам да неғұрлым күрделі бола түсті.

       Мен Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын.

        Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен – елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын.

        Үшіншіден, әлемде мемлекеттік құрылыстың әмбебап моделі жоқ. Бәрі де ізденіс үстінде.

         Халықаралық тәжірибе шеңберінде іс-қимылдар жасайтын мәселелер бола тұрса да, біз өзіміздің, кейде ерекше шешімдерімізді таба отырып, мемлекеттік құрылыстың бөгде модельдерін көшіріп алумен ешқашан айналысқан емеспіз.

         Біз ұсынып отырған реформа ең алдымен өз тәжірибемізге және Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді.

        Реформалар бағдарламасы – ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз.

         Жауап айқын және дәйекті – демократиялық даму жағына қарай.

        Ұсынылып отырған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, мен жарияланатын конституциялық реформалардың жобасын жалпыхалықтық талқылауға ұсыну жөнінде шешім қабылдадым.

         Тиісті Жарлық шықты.

       Мұның бәрі елдің болашақ дамуына жауап береді және Бес институттық реформаға сәйкес келеді.

        «Ашық Үкімет» атты бесінші пункт дәл осы өкілеттіліктерді елеулі түрде қайта бөлуді қарастырған болатын. Биліктің барлық тармақтары тиімді және жауапкершілікті жұмыс істеуі үшін олардың арасында тиісті тепе-теңдіктер мен арасалмақтар құру маңызды.


    https://www.egemen.kz/2017/01/25/95563

толығырақ

Қазақстанның 2017-18 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттіктерінің басталуына орай

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ САЯСИ ҮНДЕУІ

      Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ

     2017 жылғы 1 қаңтардан бас­тап Қа­зақстан Республикасы алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бас­тады.

       Қазақстан өз кандидату­ра­сына қолдау көрсеткен БҰҰ-ның барлық мүше мем­леке­т­теріне өз ризашылығын біл­­діреді. Қауіпсіздік Кеңе­сіне сайла­нуымызды жоға­ры жауап­кершілік және халық­аралық қоғам­дас­тықтың біздің елімізге және оның бейбіт сая­сатына, қазақстандық бастамалар мен БҰҰ-ның әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде рөлін күшейту бойынша ұсыныстарға сенімі ретінде қарастырамыз.

        2017 жылғы 1 қаңтардан жаңа БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш мыр­заның өз қызметін бастауын құп­таймыз. Қазақстан Кеңесте қор­ғайтын мақсат-мұраттары мен қағи­дат­тарына толығымен сәйкес келетін оның қөз­қарастарын, басымдықтары мен адал күш-жігерін қолдайды.

       2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Рес­публикасының БҰҰ-дағы мүше­лігіне 25 жыл толады.

        Ширек ғасыр ішінде біздің еліміз БҰҰ Жарғысының мақ­саттары мен мін­деттеріне, ха­лықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына толық бейілділігін көрсетті.

     Қазақстан қауіпсіздік пен бейбіт­шілікті сақтау мен нығайтудың бірінші кезектегі маңызын ескере отырып, Кеңестің толық күн тәртібі бойынша әділ және бейтарап қызмет атқаратын болады. Біз Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен тең негізде ынтымақтасуға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға жетуге және бәтуаластықты қалыптастыруға ниеттіміз.

       Біз БҰҰ-ның барша мүше мем­­ле­кет­тері, ең алдымен, Ке­ңес­тің тұрақты мүшелері ара­сын­дағы өзара іс-қимылды қал­пы­на келтіріп, оны дамытуға жә­не сенімді нығайтуға жан-жақ­ты жәрдем көрсететін боламыз.

        Еліміз Қауіпсіздік Кеңесімен және оның қосалқы органдарымен, сондай-ақ БҰҰ Хат­шы­лығымен және оның тиісті бөлім­шелерімен Кеңестің Күн тәрті­бінің барлық мәселелері бойын­ша сындарлы өзара іс-қимыл жасайды.

        Біз жаһандық және өңірлік сын-қатерлерді шешуге ұжым­дық жауап­кершілік қалып­тастырылып, Кеңестің мүше елдері арасында XXI ғасырға сәйкес келетін, мемлекеттер қарым-қа­ты­настарының жаңартылған моде­лін құру  маңыздылығы түсінігін нығайтуға ұмтыламыз.

       Кеңесте атқаратын жұмыс кезінде өз миссиясының осындай қағидаларын ескере отырып, Қазақстан өзінің алдында келесі басымдылықтарды қояды.

        БІРІНШІ. Ширек ғасыр бұрын әлемде бірінші болып Семей сынақ ядролық полигонды жауып, әлемдегі қуатты ядролық арсеналын жойған ел ретіндегі Қазақстан үшін ядролық қарудан азат әлем құруға қол жеткізу адамзаттың өмірін сақтап қалудың ең маңызды мәселесі болып табылады.

      Біз ғаламшарды ядролық қарудан құтқару бойынша әлем қоғамдастығының күш-жігерін жұмылдыруды ядролық қаруды таратпау режімін жүйелі түрде бекемдеу мен нығайту, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 қарарын мүлтіксіз орындау арқылы жалғастыруға ниеттіміз.

     Иран ядролық бағ­дар­ламасы бойынша келісімнің жетіс­тіктерін және олардың іске асуын құптай отырып, Қазақстан бүкіл ұқсас жағдайлар мен дағдарыстарда оларды үлгі ретінде қолдануды жақтай­тын болады. Бұл үшін біз Кеңес­тің 2231 қарары бойынша үйлес­тірушісімен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз.

       Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы Корей түбегіндегі ядролық қару проб­лемасы бойынша көпжақты келіссөздер процесін кідіртпей қайта бастауға шақыра отырып, оны шұғыл және сындарлы түрде ше­шуді бас­ты мақсаттардың бірі ретінде қарайды.

       Задында Қазақстан БҰҰ-ның барлық мүше мем­лекеттерін, әсіресе Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің тұрақты мүшелерін, 2045 жылы БҰҰ-ның 100 жыл­дығы қарсаңында әлемді ядролық қарудан құтқаруға шақырады.

     ЕКІНШІ. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі күш-жігері жаһандық және өңірлік деңгейдегі әскери текетірестің дәрежесін азайту арқылы жаһандық соғыстың алдын алу және оны толайым жою үшін барлық жағдайларды жасауға бағытталмақ.

     Бейбітшілікке жету және мемлекеттер арасындағы проблемаларды реттеу құралы ретінде соғыстан бас тарту адамзаттың XXI ғасырда аман қалуының негізгі мәселесі екеніне қатты сенеміз. Осы орайда Қазақстан қақтығыстар мен зорлық-зомбылықты тоқтату бойынша бірлескен іс-әрекеттер алгоритмін қамтитын менің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімді ілге­рі­летуге ниетті.

       Қазақстан БҰҰ бітімгершілік жүйе­сін одан әрі жетілдіруді қолдап, БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі мис­сияларындағы бақылаушылары мен бітімгерлердің санын ұлғайтуға ниетті.

      Кеңестегі жұмысымыз кезінде біз Палестина-Израиль арасындағы қар­сылықты, Таяу Шығыстағы, Ауған­стан­дағы, ТМД кеңістігіндегі қақты­ғыс­тарды бейбіт түрде шешуге, Корей түбе­гіндегі шиеленісті бәсеңдетуге, Африка мен Азиядағы дағдарыстарды шешуге қол­дан келгенше үлесімізді қосуға ниет­тіміз.

       ҮШІНШІ. Қазақстан БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне сайланған алғашқы Орталық Азия мемлекеті болып табылады.

     Біз өңірдің тұрақтылығы мен қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, өңір­лік сын-тегеу­ріндер мен қауіп-қатер­лерге тиімді қарсы іс-қимыл жасау, ынтымақтастықты нығайту және оның өсіп-өркендеуіне ықпал ету мен оны дамыту бойынша өңірдегі барлық мемлекеттердің мүдделерін ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз.

      Біз Орталық Азияда барлық мүд­делі елдердің мүдделерін үйлесімді байланыс­тыру негізінде бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму жөніндегі өңірлік аймақ үлгісін құруға және оны сынақтан өткізуге болатынына сенімдіміз.

       Біз өзіміздің Кеңестегі төраға­лығы­мыз кезінде Ауғанстандағы жағдай және Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуды нығайту шаралары бойынша ауқымды, теңдес­тірілген, мазмұнды және нәтижелі талқылау ұйымдастыруға, сондай-ақ қорытындысы бойынша арнайы құжат қабылдауға бастамашылық жасауға ниеттіміз.

      Біз Ауғанстанның бейбіт өмірге жедел оралуы үшін бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жан-жақты жәрдем көрсету, бейбітшілік пен қауіпсіздік қатеріне қарсы тұруды және елдің әлеуетін нығайтуды  жақтаймыз. Біз Ауғанстан/Талибан жөніндегі 1988 Комитетінің төрағасы ретінде мақсатты жұмыс атқаруға дайынбыз.

      ТӨРТІНШІ. Халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмі бүгінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген және шиеленіскен сын-қатерлердің бірі болып табылады. Тек барлық мемлекеттер, халықаралық және өңірлік ұйымдар мен басқа да негізгі әріптестердің бірлескен күш-жі­гер­­лерімен ғана осы өрбіген дағда­рыс­ты басқа арнаға ауыстырып, бұл зұл­матты жоя аламыз. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан саяси және діни көш­бас­шылардың, әсіресе, зорлық-зомбы­лық экстремизмі және радикализм сала­сындағы диалогты жандандыруға шақырады.

        Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің ИЛИМ (ДАИШ) мен Әл-Қағида жө­нін­дегі 1267 Комитетінде осы сеніммен төраға болады.

     Осы орайда, БҰҰ БА-ның 70-ші сес­сия­сындағы сөйлеген сөзімде ұсынылған БҰҰ аясында Жаһандық Антитеррористік коалицияны (жүйені) құру үшін негізі болуы мүмкін Халықаралық антитеррористік операциялар жүргізу кезінде Астана Әрекет кодексін дайындау туралы ұсынысты БҰҰ және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше мемлекеттеріне жасауды жоспарлап отырмыз.

       БЕСІНШІАфрикада толық бейтбіт­шілік пен қауіпсіздікті іске асырмайынша орнықты жаһандық бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес.

       Қазақстан Африка одағының байқаушы елі және Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали/Эритрея жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде Африка мүйізі өңірі мен бүкіл континентте ұлттық татуласу әрі бейбітшілікті қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосатын болады.

    АЛТЫНШЫ. Біз бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамудың бір-біріне байланыстылығын (security-development nexus) қамтамасыз ету арқылы ғана ұзақ мерзімді тұрақтылық пен орнықты бейбітшілікке қол жеткізу бойынша кешенді іс-қимылды келісілген түрде жүзеге асыра алатынымызға сенімдіміз. Соғыс пен жанжалдардың алдын алу, адам құ­қықтарын қорғау, Ор­нық­ты даму мақ­саттарын іске асыру, кли­маттың өзгеру­і­не қарсы күрес, оның ішінде барлық мүше мемлекеттер кли­мат­тың өзгеруі ту­ралы Париж келісімі шең­берінде өз міндет­терін орындау бойынша бірлескен шаралар осындай байланыстың негізі болуы тиіс.

      Қазақстан тұрақты дамуға қол жеткізуге өзінің практикалық үлесін қосуда. 2017 жылғы жазда Астанада алдын алу диплома­тия­сының маңызды компоненттері – орнықты энергияны дамыту мен климат өзгеруінің сал­дарын барынша азайтуға бағыт­тал­ған «Болашақтың энергиясы» тақы­ры­бында «ЭКСПО-2017» маман­дандырылған халықаралық көрмесін өткізу осындай қадамдардың бірі болып табылады.

      ЖЕТІНШІ. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіндегі жұмыс барысында Қазақстан Кеңес пен бүкіл БҰҰ жүйесін XXI ғасыр­да адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге бейім­деуге және Дүниежүзілік Ұйымның әлем­дік істердегі рөлін нығайтуға бағытталған шешімдерді әзірлеп, қабылдауды қол­дайды.

      БҰҰ, соғыстан кейінгі кезеңдегі басқа да жаһандық құрылымдар сияқты ХХІ ғасырдың жоғары талаптарына сай келтірілуі тиіс.

      Қазақстан Еуропа мен Американың, Азия мен Африканың барлық өңірлік ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге күш салатын болады.

      Күшті жұмылдыру және жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, мемлекеттер арасындағы шынайы сенімді қамтамасыз ету бойынша ұжымдық саяси ерікті қалыптастыру мақсатында жылына бір рет немесе екі жылда бір рет Кеңеске мүше мем­лекеттердің мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде Қауіпсіздік Кеңе­сінің отырыстарын өткізуді ұсынамыз.

      Аталған Саяси үндеудегі мақсаттар мен міндеттер Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары төр­а­ғалығы қызметіндегі жұмысының сая­си басымдықтары мен практикалық компо­ненттері болмақ.

     Қазақстан Кеңесте барлық мүше мемлекеттермен бірге көрсетілген маңызды бағыттар бойынша ашық, әділ және саяси конъюнктурасыз, жауапты, байыпты және сындарлы түрде жұмыс жасауға ниетті.

      Қазақстан маңызды мақсат – ХХІ ғасырда қауіпсіз, әділ және өсіп-өр­кен­деген әлем қалыптастыруға қол жеткізу жо­лындағы өзінің бастамалары әріптестері тарапынан қолдау табады деген сенімде.

       https://www.egemen.kz/2017/01/11/90438

толығырақ

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің тапсыры негізінде  «Алем»  волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында шет елде тұратын қандастарымыздың арасында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін және Бес институционалдық реформасын насихаттау» жоба аясында шет елдерде тұратын қандастарымызға реформаларды түсіндіру мақсатында бірқатар жоба жұмыстары ұйымдастырылған болатын.

     Соның бірі, жоба аясында дайындалған брошюраларды төменде көрсетілген тілдер тізімі бойынша дайындау және басып шығару, арнайы сайттарға жүктеу.

Қазақ – түрік kaz-tur.pdf

Қазақ – қытай (төте жазу) kaz-tote.pdf

Қазақ – моңғол kaz-mong.pdf  

Қазақ – өзбек   kaz-uzb.pdf

Қазақ – араб kaz-arab.pdf

Қазақ – орыс kaz-rus.pdf

Қазақ – ағылшын kaz-Eng.pdf                                          

толығырақ

       26 cәуірде Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында ақын Маралтай Райымбекұлы «Мәңгілік ел» өлеңін оқып берді.  

        Көк түріктердің бүгінгі ұрпағы тарих сахнасында көп ұлысты бауырына басқан дара болмысты мемлекет ретінде белгілі. Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай отырып, бабалар аманатын орындауға, Елбасы көрсеткен «Нұрлы Жолмен» Ұлы Дала елінің болашағына болыса береміз. Ата-бабаларымыздың рухы қолдап, Елбасымыздың жүрегін тербеткен Мәңгілік Елдің бақыты тарқамасын. Сонау ғұн менен сақ, Көк түріктен беріде, қазақ баласына бүкіл әлем төріне қару емес, ақылымен жол ашқан осы Нұрсұлтан Назарбаев қана!

Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың
Бар әлемге мойындатар қуатын.

Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.
Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.
Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы бабамның.

Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.
Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.
Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.
Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау.

Мәңгілік Ел – маңдай тері халықтың.
Мәңгілік Ел – нұрлы үміт, жарық күн.
Мәңгілік Ел – із қалдыру мәңгіге.
Мәңгілік Ел – таусылмайтын әңгіме.

Мәңгілік Ел – бейбіт өмір әуені.
Мәңгілік Ел – Ел Анамдай әдемі.
Мәңгілік Ел – Тәуелсіздік тірегі.
Мәңгілік Ел – ұлт пен ұлыс тілегі.

Мәңгілік Ел – Нұрағамның ділі еді.
Нұрағамды бүкіл әлем біледі!
Қазақ деген Көк түріктің ұлы елі.
Нұрағамның нұр жолымен жүреді!!!

      «Жарайсың, Маралтай, аман бол! Қатырдың бұл жолы. Мынаны газетке берейік. Бірақ Нұр аға дегенді алып тастайық», - деді Н.Назарбаев.

       Bag.kz 

толығырақ

      Қазіргі әлем үнемі жаңғыру үстінде. Жаһан елдерінің саяси тәжірибесінде барлық мемлекеттер өзінің жаңару кезеңінен өтеді. Бұдан біздің Тәуелсіз Қазақстан да тысқары қалмақ емес. Өзінің мерейлі белес жылында «Нұр Отан» партиясының жетекшілігімен мемлекетіміз жаңа бастамаларға тәуекел етіп отыр.

     Әлемнің көптеген елдеріндегі күйзелістер, «қара алтын» бағасының күрт төмендеуі, халықаралық ықпал шаралардың өршуі елімізді тығырыққа тіремей, дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың арқасында елімізде бірлік пен тұрақтылық сақталуда. Сонымен қатар, мемлекетімізде жаңа заманауи технологиялар іске қосылып, экономиканың кейбір салаларында ілгерілеулер байқалуда.

      «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде қабылданған тұғырнама елімізде жаңа бастамаларға серпін болары хақ. Себебі, бұл бағдарламада мемлекетіміздің дамуының барлық бағыттары мен қоғамымыздың әр саласы жіті ескерілген.

      «Нұр Отан» партиясы көтеріп отырған іргелі мәселелерді еңсере отырып, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдете түсетіндігімізге мен сенімдімін.

 

       Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары.


толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Парламент Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын кезектен тыс өткізу туралы» Жарлыққа байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

       Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы депутаттардың маңызды бастамасына қатысты Президентіміздің оң шешім қабылдағанын аса зор ықыласпен қабыл алды.

      Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлау­ларын кезектен тыс өткізу ұлттың Мәңгілік Елге айналу мұратына жетуде аса маңызды әрі тағдырлы қадам деп санаймыз. Сайлауды әлемдік дағдарыстың кезекті толқынына дейін өткізіп үлгерсек, сыртқы сын-қатердің салмағы жеңіл болары сөзсіз.

      5 институттық реформаны жүзеге асыруда ешнәрсеге алаңдамай, билік, мемлекеттік құрылым және азаматтық қоғам болып ұйымдасып жұмыс істеу аса маңызды. Осы орайда, жаңадан жасақталатын Парламент осынау мемлекет құраушы үш қуатты бір мақсатқа жұмылдыра алады деген ойдамыз.

      Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан тұста құшақ жайып, төрден орын ұсынған Елбасының жанашырлығы жырақта жүрген миллиондаған қандасымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берді. Бүгінде олар қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп, қастерлі Қазақстанымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүр. Сонымен бірге, Ұлы Дала елінен тысқары жердегі әрбір бауырласымызбен тығыз рухани байланыс орнатылып, туған өлкенің қамқорын сыртта жүрген әрбір қазақ сезінуде.

     Осыған орай, жаһан қазақтарының ұйытқысы болған ұйым ретінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Елбасының депутаттар ұсынған бастамаға оң шешім білдіріп, тиісті Жарлыққа қол қойғанын жоғары бағалайды және осы істе үзеңгілес болуға әзір екенін мәлімдейді.

        http://egemen.kz/2016/01/23/19295

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

     Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдауды өзінің азаматтық борышы деп санайды.

      Тәуелсіздік таңы атар тұста, ең алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі болып құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның атамекеннен жырақта тұратын әлем қазақтарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

       Азаттықтың алғашқы күндерінен бастап елімізге әлемнің әр қиырынан 1 миллионға жуық қандасымыз көшіп келді. Бүгінде олар қоғамның түрлі салаcында жемісті еңбек етіп, қастерлі Қазақстанымыздың дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Сонымен бірге, шет мемлекеттерде тұратын бауырларымызбен тығыз рухани қатынас орнады. Қазір Ұлы Дала елінен тысқары жердегі әрбір қазақ тарихи Отанының қамқорлығын сезінуде. Олар атамекенінің өсіп-өркендеп, «Мәңгілік Ел» болуына тілектес. Бұл бес институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт Жоспары мен дағдарысқа қарсы стратегияның табысты жүзеге асуына тікелей байланысты. Еліміз үшін тағдырлы маңызы бар осы екі міндетті мүлтіксіз орындау үшін халықтың жаңа сенім мандатына ие болған президенттік реформалар Парламенті қажет.

       Осыны ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бас­таманы толығымен қолдай отырып, барша отандастарымызды оның жүзеге асуына үлес қосуға шақырады.

     http://egemen.kz/2016/01/15/17291

толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары мен 

 Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

   Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.  Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

      Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. 

       Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін.

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

        Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының есебін бастайды. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес. Біз көп нәрселерге қол жеткіздік.

     Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық нақты ахуал пайда болуда. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар теріс әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды.

І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері

        Бүгінде бізге де әлем дамуының бүкіл сын-қатерлерін көре білудің маңызы зор.

        Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. Іс жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік және басқа да рыноктар тұрақсыз. Біздің экспорттық өнімдерімізге сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында.

         Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларында да экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда. Бүгінде жаһандық ІЖӨ өсімінің үнемі төмендеуі жөніндегі болжамдар ешкімді де таңқалдырмайды. 2011 жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға дейін төмендете отырып, болжамдық көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. Және, шамасы, бұл да шек емес сияқты.

        Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ.

       Төртіншіден, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын сезінуде. Әлем тұрақсыз бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка өңіріндегі тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм әлемге елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуы жолымен мемлекеттіліктің күйреуінің нәтижесі.

      Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік орталықтарының арасындағы қатаң бәсекелестік аясында жүретін болады. Жаңа жаһандық өмір шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек.

ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

        Жаһандық дағдарыс – ол  тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Алғашқы онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды. Біз Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысы біз үшін қолайлы бола алды ма? Ол уақыттары өндіріс тоқтап, адамдар жұмыссыз және өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. Біз лайықты түрде, әрбір қадам сайын ол дағдарысты еңсере білдік. Біздің еліміз өзгерістердің алғашқы нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы келіп жетті.

        Сол уақыттары қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды жекешелендіру мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық компаниялардың келуі. Сол кезеңде біз жаңа елордамыз – Астананың құрылысын қолға алдық, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау алды. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен ауылдарды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс салушыларға алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер алып шықты.

          Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.

         Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.

        Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму  бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

        Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.

      Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.

      Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

     Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде  құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.

        Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.

* * *

      Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.  

       Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады.

Құрметті қазақстандықтар!

       Осыдан екі жыл бұрын мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жарияладым. Осы уақыттың өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол жеткіздік.

      Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды.

       Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.

        Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланатын болады. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындалуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, экономикамыздың шешуші секторларына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

       Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.

      Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.

      Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

        Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.

        Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз.

IV. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты

      Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

       Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.

      Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды. Ұлттық банк банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау және есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор.

     Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек. Ол үшін пайыздық мөлшерлемелерді икемді өзгерту тетігі толыққанды пайдаланылуы тиіс.

       Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет. Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек.

        Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы жиналымдарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған жөн. Зейнетақы қорына көзқарас пен басқару да Ұлттық қорға көзқарас пен басқару сияқты болуы керек.

        Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы секторына қатысушылардың бәрімен қалыпты жұмыс бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор. Осы аталған барлық кезек күттірмес шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы ынталандыруға, соның ішінде монетарлық тәсілдермен ынталандыруға кірісуге болады. Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкті сауатты басқаратынына сенемін. Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет. Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың жиналымдарын сақтаудың ең үздік құралы.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

         «Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі.

        Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, ал табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын.

         Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады.

       Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ.

        Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын.

        2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.

          Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы. Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр теңге де маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс. Өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларының шығындарын қайта қарау қажет.

         Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған жөн. Бүгінде бүтіндей бір салалар мемлекет есебінен өмір сүруде. Сонымен бірге, мәселен, «ҚазАгро» корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдары бүкіл ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес. Бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажет. Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек. Жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да нысандар құрылысына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта жаңғыртуға және техникалық қызмет көрсетуге тартудың да маңызы зор. Бюджет шығындарын оңтайландырудан босаған барлық қаржыны бірінші кезекте халық үшін нақты нәтижелер әкелетін жобаларға бағыттау қажет.

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

       Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз. Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр?

       Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 мыңнан астам кәсіпорындар. «Самұрық-Қазына» және «ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамын құрайды, 500-ден астам «немерелер» мен «шөберелерден» тұрады. «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банктер арасындағы тиімсіз делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған штаттармен және орасан бюджеттік ресурстармен қоса жүреді, сонымен бірге, жеке инвестициялар мен бастамаларды ығыстырып шығаруға апарып соқтырады.    

      Қазір мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді алып тастау маңызды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң мен Азаматтық кодекстің бірқатар ережелерін қайта қарап, жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандардың санын қысқарту қажет. Үкіметке мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса отырып, Жекешелендірудің жаңа бағдарламасын жасауды тапсырамын. Олардың ішінде, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгроға» кіретіндері де бар. Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтің бәрі ықшам ұйымдарға қайта құрылымдалатын болуы тиіс.

           Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда акцияларды қор нарықтарына орналастыру мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін жағдай жасау керек. Үкіметке барлық акционерлердің мүлкінен айырылғандардың активтерін сатып алуға деген басым құқықтарын алып тастауды тапсырамын.

        Әрі қарай, Үкімет еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар жасауы тиіс.

         Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Бізге антимонополиялық ведомство туралы  мәртебесі мен жұмыс тәртібі нақты регламенттелген жеке заң керек.

       Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет. Үкіметке экономиканың барлық секторларында нарықтық баға қалыптастыруға әрі қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.

       Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі. Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға мүмкіндік алулары керек. Бізде мұндай жоқ. Тиімсіз компаниялар  мемлекеттен түрлі түрдегі субсидиялар мен жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған елде компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмейді. Тиімсіз менеджерлердің орнына өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа меншік иелері келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» тиіспіз. Үкіметке  жеке және заңды тұлғалар үшін банкроттықтың нақты және түсінікті ресімдерін жасауды тапсырамын. Ол барынша жеңілдетілген болуы тиіс.

* * *

Кәсіпкерлер, іскер азаматтар!

          Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды.

* * *

       Мен кәсіпкерлер табына, барлық ауқатты қазақстандықтарға, барлық бизнесмендер мен іскер адамдарға сөз арнағым келеді. Мемлекет жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға  және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді. Мен сіздерді капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін боласыздар.

  ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

       Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер:

- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету;

- өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

      Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

        Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған экономиканың ғана  жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат керек.

         Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Біз «күрделі инвестициялар» тарту үшін оңтайлы орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өңірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде  озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

         Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ  және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеңесін құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеңестер құру керек.

        Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөңірлер – Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы макроөңірлердің инвестициялық бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің еңбек күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет.

        Макроөңірлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық –Батыс» шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. «Боржақты – Ерсай», «Алматы – Шу» теміржол желілері мен Құрық портындағы паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдің өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырамын.

         Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Менің ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр. Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта «Нұрлы Жол» бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру моделіне келтіру керек.

         Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердің экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар –Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан астам доллардың тауарлары мен қызметтерін импорттайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздің әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің барлық ресурстарын іске қосу қажет.

       Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады.

        Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттің  «Астана бизнес кампусы» хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

        Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

      Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция  деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

       Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы!

         Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы  ғана  сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.

        Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

        Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.

Қазақстанның жас азаматтары!

           Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.   Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

* * *

       Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

        Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына – 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 миллиард доллар көлемінде несие берілді. Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі.

         Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық. Олар бізді қолдап келеді. Сіздер менің сапарларыммен әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларымен келіссөздерімнің куәгерлері болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл – 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынады деген сөз. Лондон мен Парижге сапарларым да, экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан алғанда, табысты болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 11,5 миллиард долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-қатынастарымыздың тұрақтылығы мен беріктігін  және экономикалық интеграцияның дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің сапары инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер шығарады.

           Басты нәтижелердің бірі бізге халықаралық қаржы институттарының жоғары сенімі болып табылады. Осындай күрделі кезеңде біздің реформаларымызды қолдай отырып, олар 9 миллиард доллар көлеміндегі қаржы ресурстарына қол жеткізуімізге жол ашты. Біз Еуропалық Одақпен тереңдетілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Біз әлемдік қоғамдастықпен ядросыз әлем үшін, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте біргеміз. Біз кез келген жанжалдардың бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз және осы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

          Дүниежүзінде біз бастаған реформалар туралы, Жүз қадам туралы жақсы біледі және оларды қолдайды. Біз достарымыздың көңілін қалдырмауға тиіспіз. Бұл реформалар, мен аталған Жолдауда алға қойған олармен өзара байланысты міндеттерді орындау оңай болмайды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, оларға балама жоқ. Егер біз осының бәрін жасамайтын болсақ, онда әлемдік дамудан үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, белгілегендеріміздің бәрін жасаймыз.

Құрметті отандастар!

           Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

         Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!  

Қымбатты қазақстандықтар!

        Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.    

         Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

       Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

        Алға, Қазақстан!

     Астана, 30 қараша 2015 жыл

толығырақ

     Алматыда 13 қараша күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «100 нақты қадам – Халықтық реформалар жоспары» атты ғылыми-практикалық конференция  өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты Өкілінің міндетін атқарушы Алтангерел Мунхтуя мен ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, ҚР Үкіметтің мүшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.      

       ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова:  «Ұлт жоспары 100 нақты қадам – мемлекетіміздің ұзақмерзімді даму бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясын кезең-кезеңмен нәтижелі іске асырудың тетіктеріне айналуда. Халықтық реформалардың елді өркендетудегі  өзекті мәнін бүгінде барша қазақстандықтар шынайы сезініп, жүзеге асыру ісіне белсене атсалысуда. Соның ішінде, республикамыздағы халық санының жартысынан астамын құрайтын әйелдер қауымдастығы лайықты үлес қосуда. Десек те, елді жасампаздыққа бастайтын Ұлт жоспарын іске асыруда ер-азаматтармен қатар әйелдердің қатысуын одан әрі жандандыру Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің қатарына енуі тиіс. Бүгінгі конференцияның  байырғы білім ордасы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткізілуі және оған білімді, озық ойлы студент жастардың кеңінен қатысуы осы мақсатқа қол жеткізуге ұйтқы болады деп сенемін», – деді. 

    Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек: «Біз Алматы қаласында 5 институционалды реформасын жүзеге асыру барысында біздің қаланың 2020 жылға арналған бағдарламасын ашық талқыға шығарып, халықпен бірлесе отырып, оның негізгі қойылған мақсат-міндеттерін талқылап жатырмыз. Осында билеуші партияның өкілдері, саяси кеңес мүшелері отыр, олардың 60 пайызы – әйел азаматтар, қала тұрғындарының 55 пайызы әйел азаматтар. Кез келген бағдарлама, саясат әйел азаматтарсыз орындалмайды деп ойлаймын. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, қоғамдық жұмыстарға әйелдердің белсенді қатысуы көп мәселеге әсер етеді. Әйел азаматтар саясат болсын, бизнесте болсын, тіпті үкіметтік емес ұйымдардың ісіне араласса да жақсы нәтижеге қол жеткізеді.  Себебі әйелдер өте жауапты да тыңғылықты жұмыс істейді», – деді.         

        Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты Өкілінің міндетін атқарушы Алтангерел Мунхтуя: «Әйелдердің аймақтарды дамытуда, жеке сот орындаушылар институтын дамытудағы, жемқорлықпен күрестегі, мұнай-газ және энергетика саласындағы, мемлекеттік орган жұмыстары сапасының жақсаруындағы, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы, отбасылық тәрбиені кемелдендіруге, отбасылық құндылықтарды сақтаудағы, бір сөзбен айтқанда институцианалды реформаның барлық бағыттарын іске асыруда әйелдердің рөлі ерекше. Әйелдердің белсенді қатысуы, халықтық реформада көрсетілген мақсаттарға тез арада жетуге айтарлық өз септігін тигізері сөзсіз. Әйелдер потенциалының артуы, іскер әйелдердің басқару орындарында көп болуының жетістікке әкелетіні, бұған дейін көз жеткізілген әлемдік тәжірибе мысал бола алады», дегенді айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда статистика бойынша білім саласында әйелдер – 65%-ды, денсаулық саласында – 75%-ды, басқару корпустарында – 50%-ды құрайды.

        «Қыздар университеті»  медиа ортылығы

толығырақ

     – Талғат Асылұлы, биылғы жыл тек Қазақстандағы ғана емес, дүниенің 40-тан аса мемлекетінде тұратын барша қазақ баласы үшін өзінің кім екенін дәлелдеген үлкен той, сол  той аясында өткен шаралардан түйетін терең ой жылы болды десем, артық айтқандық болмас. Себебі, Қазақстан биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ата заңымыздың 20 жылдығын, ұрпақтар санасында ұлты мен жері, елі  мен ері, Тәуелсіз Қазақ мемлекеті үшін мақтаныш сезімін нығайтып, мәңгілік мұраттар жолында жасампаз істерге жұмылдыратын Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр. Сонымен бірге бірнеше елде қазақтардың кіші құрылтайлары өтті. Соның ішінде 3-4 қазан күндері  Самара қаласында өткен Ресей қазақтарының кіші құрылтайы жөнінде қысқаша айтып берсеңіз...

     – Өте дұрыс, той деген тек тойласу үшін өткізілмейтінін, мұндай шаралар кезінде өткенді саралап, бүгінгі барды бағалап, болашаққа айқын мақсаттар қойып, жоспарлар жасалатынын Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі айтып келеді. Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде де Елбасы: «Біз бұл мерекені тарихымыздың терең екендігін бүкіл әлемге таныту үшін, өскелең ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз», – деді. Сондықтан  мына аумалы-төкпелі, тез өзгерушең, әлемнің бірқатар аумақтарында әртүрлі қақтығыстар толастамай тұрған заманда қай елде тұратындығына қарамастан, биылғы жыл барша қазақ баласы үшін ұлттық ұлы мұраттар жолында үлкен ой түйетін жыл болып тұрғаны ақиқат. Ал өзге елдерде тұратын қандастарымыз аз емес. 

    Қазіргі кезде Ресей Федерациясында сан жағынан Қазақстан мен Қытай және Өзбекстаннан кейін төртінші орынды иелейтін қазақ жұртшылығы тұрады. Ресейдегі Қазақстан елшілігі және осы елдегі Қазақ мәдени орталықтарының мәліметі бойынша, мұндағы этникалық қазақтардың саны бүгінгі күні 1 миллионға жуық.  2010 жылы өткен Бүкілресейлік халық санағы қазақ ұлты өкілдерінің саны едәуір азайғанын көрсетті. Егер 2002 жылы өткен халық санағы бұл елде 653962 қазақ тұратынын көрсетсе, 2010 жылы ол 647732 адамды құраған. Мәліметтерге сәйкес, Ресей Федерациясының жеті субьектісінде, атап айтқанда – Орынбор, Саратов, Қорған, Челябі, Новосібір, Омск облыстары мен Алтай өлкесінде тұратын қазақтардың саны кеміген. Мұның әртүрлі себептері бар екені, айқын. Оның үстіне тарихи Отанынан жырақта тұратын кез келген диаспораның өзіндік түйткілдері болатыны да сөзсіз. Сондықтан 3-4 қазан күндері Еділ өзенінің бойында орналасқан Самара қаласында Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтіп, оған Қазақстаннан үлкен делегация қатысты. Жиын аясында ұйымдастырылған шараларда бірқатар мәселелер қаралды.

     – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қоғамдық ұйым екенін білеміз. Мынадай қиын заманда көршілес болса да өзге елге үлкен делегация алып бару қиынға соқпады ма? Құрылтайдың Самарада өтуінің қандай сыры бар?

     – Иә, Қауымдастықтың қоғамдық ұйым екені рас. Мемлекет те аздап қаржы бөледі. Сонымен бірге «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында бізге ұлттық компаниялар да жиі демеушілік қолдау көрсетеді. Мәселен, аталмыш құрылтайға Қазақстаннан 30-шақты адам қатысты. Олардың арасында  мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, өнерпаздар бар. Егер барлығының жол қаражатын, қонақүй шығындары мен тамақтануын Қауымдастық көтеретін болса, оған біздің шамамыз келмес еді. Сондықтан «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы Ресей қазақтарының кіші құрылтайын өткізу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алып, бізге үлкен демеушілік қолдау көрсетті. Мүмкіндікті пайдаланып, компания басшылығына Қауымдастық атынан үлкен ризашылығымды білдіремін.

    Ал Самараға келсек, бұл қала – Ресей қазақтарының мәдени астанасы іспетті. Өйткені Ресей қазақтары Федералдық ұлттық-мәдени автономиясының штаб-пәтері 2007 жылдан бері осы жерде орналасқан. Құрылтайдың жақсы өтуіне «Ақ жол» Самара өңірлік қазақ ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Достықта шегара жоқ» мерекелік шарасы үлкен әсер етті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көптен бері филармонияда мұндай аншлаг болмаған. Құрылтай делегеттары мен қонақтары Тоқтарбай Дүйсенбаев жетекшілік ететін «Ақ жол» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы қандастарымыздың ұйымшылдығын нығайту, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетімізді сақтау мен дамыту, облыста тұратын барлық ұлттардың бірлігін және Қазақстан Республикасымен әртүрлі мәдени байланыстарды нығайту  бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанына анық көз жеткізді.

         – Оған нақты қандай мысалдар бар?

     – Айталық, 2009 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениетін үйрену бойынша жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақ автономиясы жыл сайын «Наурыз» облыстық көктем мерекесін өткізіп, оған Самара облысының муниципиалды аудандарынан ұйымның 13 бөлімшесі толық қатысады. Сондай-ақ бұл автономия Самара облысында «Наурыз» сияқты басқа да қазақтың ұлттық мейрамдарының федералдық деңгейде ұйымдастырылуына мұрындық болып келеді.  Мұндағы қандастармыз Құрылтай аясында қаазақтардың материалдық емес мұраларын көрсетті. Мысалы, киіз үйден жасалған мұражайда қазақ ұлтының тұрмыстық және өнер бұйымдарының көрмесі өтті, ұлттық спорт түрлері таныстырылды. «Ақ жол» автономиясының фотосуретшісі Людмила Мельниченко құрылтай қонақтарының назарына  «Самара қазақтары» фотокөрмесін ұсынды. Қатысушылар қазақтың ұлттық тағам түрлерінің дәмін татып, көрме-сауда алаңында ұлттық ерекше белгілер және киімдермен танысып, сатып алып жатты. Құрылтай делегеттары мен қатысушыларында «Ақ жол» белсендісі, режиссер Сергей Александровтың «Наурыз» фильмі  де үлкен әсер қалдырды.

        – Сыртта жасайтын қандастарымыздың отаншыл, ұлтжанды келетіні табиғи. Олар ұлттық мәселелерге осы көзқарастан көбірек мән береді. Ал Қазақстан тарапынан қандайда бір қолдау бар ма?

      – Әрине! Осы Құрылтай кезінде мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей қазақтарының Самара қаласындағы Федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Қадірғалиұлы Дүйсенбаев пен Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Бейсенұлы Нұриевті «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттау туралы Жарлығын оқып есіттіріп, қандастарымызға сол медалдарын табыстадым. Сонда құрылтайға қатысушылар ұзақ уақыт ду қол шапалақтап, өз ризашылықтарын білдірді. Мұны  Қазақстан басшылығының ұлттық бірлік, мәдениет пен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өнер мен ұлтаралық қатынастарды дамытып, нығайтуға үлес қосып жүрген ресейлік бауырларымыздың еңбегін жоғары бағалағандығына үлкен құрмет деп түсіндік.

     Сондай-ақ облыста қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Құрмет грамотасымен Самара облысы губернаторы әкімшілігінің Қоғамдық пікірді мониторингтеу департаменті ұлттық және конфессиялық саясат басқармасының басшысы Надежда Осипова марапатталды. «Ақ жол» автономиясының Кеңел аудандық «Кең ел» бөлімшесінің  басшысы Қажымұхан Қайыршаев, Больше-Чернигов аудандық «Туған жер» бөлімшесінің белсендісі Бисенғали Сабыров, Краснояр аудандық «Қанат» бөлімшесінің белсендісі Ыбырайым Шұриевтерге Алғысхаттар табысталды.

        – Құрылтай аясында басқа қандай шаралар өтті, оларға кімдер қатысты?

      – Біз үшін кез келген кіші құрылтай – Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен Қазақстан басшылығы жүргізіп келе жатқан байыпты да байсалды саясатты, ұлттық бірлік пен ұлтаралық татулықты насихаттау мүмкіндігі. Сондықтан екі Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның біріншісі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру мен насихаттауға арналды. Өз басым «Ұлт Көшбасшысы және шетелдегі қазақтар» тақырыбында сөз алып, Нұрсұлтан Әбішұлының тағдыр тәлкегімен ондаған елге шашырап кеткен қазақ халқының басын қосып, бірлігін нығайтудағы рөлі жайында әңгімеледім. Ал БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымының докторы Айжамал Құдайбергенова Елбасы Жолдауының негізгі идеялары жөнінде жан-жақты айтып берді. ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ербол Нұрғалиев, Астрахань қаласындағы ҚР консулы Асхат Сыздықов Елбасы Жолдауының мазмұнын өз мекемелерінің ерекшеліктері тұрғысынан баяндады. Сондай-ақ ДҚҚ Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің басшысы Сағындық Салмурзин «Болашаққа қазақстандық жол» тақырыбында баяндама жасады.

     Ресей тарапынан Геннадий Ташпеков, Сәуле Тайкешева, Азамат Байдаулетов, Руслан Шөкеев сынды азаматтар Елбасы Жолдауын талқылауға қатысып, өздерінің орамды ойларын ортаға салды. Атап айтқанда Еділ бойы қазақтары қауымдастығының құрметті президенті, тарих ғылымының кандидаты Геннадий Ташпеков Қазақстан Президентінің Жолдауы мерзімінен бұрын жарияланып, дағдарыстан шығудың нақты жолдары мен тетіктерін дер кезінде айқындап бергенін, Саратов облысының Астанада өткен күндері кезінде облыс губернаторы мен оның команда мүшелері Елорданың қандай дамығанын көріп, Қазақстанның әлеуетін сезініп, таң-тамаша күйге түскенін айрықша бөліп айтты.

     Жалпы Елбасы Жолдауын түсіндіру дер кезінде және мақсатқа сай өтті. Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен болашаққа бағытталған бағдарламасы Қазақстан және оның халқымен тығыз туыстық, мәдени және экономикалық байланыстарға ие ресейлік қандастарымыздан кең қолдау тапты.

     Екінші Дөңгелек үстел – «Қазіргі Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысы: тәжірибе, міндет, сабақтар» тақырыбында өтті. Онда шегаралық аймақтарда тұратын этникалық қазақтар алдында кездесетін мәселелер талқыланды. Өйткені, бөлініп қалған халықтар деп саналып, олар үшін айқындалған белгілі бір халықаралық нормалар бар екеніне қарамастан, мемлекетаралық қатынастар тұрғысынан шегара маңында тұратын қандастарымыздың ана тілінде білім алу, мәдени дәстүрлер саласында шешілмеген біраз мәселелері бар. Құрылтай қатысушыларының пікірінше, сол халықаралық нормаларды заңдық тұрғыда терең саралап, бұл ережелер этникалық қазақтарға қатысты толыққанды қолданылатындай жағдай жасау керек.

      – Әдетте Кіші құрылтайлар кезінде қазақстандық өнерпаздар ән-жырдан шашу шашатын. Бұл ретте қалай болды?

        – Ән – өмірдің ажары демекші, ән-жырсыз бола ма! Біздің делегация құрамында Астана мен Алматы қалаларынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева, опера әншісі Тілеубек Қожанұлы, «Қыздар-ай» тобының солистері Бақыт Райбаева, Айнұр Алшынбаева, Президент сыйлығының және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Рысқали болып, құрылтай аясында Самара қаласында және облыстың қазақтар тығыз жасайтын Нефтегор ауданының Дмитриевка, Кеңел ауданының Қазақ ауылында бірнеше концерт  ұйымдастырылды. Қазақ аулында Қазақ деп аталын көше және онда қазақ этномузейі, мешіт бар екен. Ауыл тұрғындары біздің өнерпаздарымызды ерекше ықласпен күтіп алды. Концертке көптеген қандастарымыз балаларын, немерелерін ертіп келіпті. Барлығы әншілер орындаған қазақ әуеніне би билеп, білетін әндерін қосыла шырқап мәре-сәре болып қалды. Осылай айнала шаттыққа бөленді, ал балалар өз Отаны – Ресейдің және Атамекені – Қазақстанның жалаушаларын маңғаздана ұстап тұрғаны бәрімізді елжіретті. Туған жерге, туыс-бауырға, Отанға деген құрмет пен мақтаныш осындай-ақ болар сірә!

       Қандастарымыз бұл сәтті ұзақ жылдар ұмытпайтын шығар. Біз де үлкен әсер алдық. Сыйға – сый, сыраға – бал демекші,  Құрылтайға қатысқан Ресейлік бауырларымызға «Алтын бесік» журналын, «Тіл» альманағын, белгілі қазақ эстрада әншілерінің орындауында әндер жазылған СD-дискілерін, сондай-ақ ДҚҚ кітапша түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының демеушілік қолдауымен шығарған Елбасы Жолдауын тегін таратып бердік.

     Айтпақшы, Құрылтай аясында ДҚҚ шығарған «Қазақ диаспорасы және репатриация. 1991-2012», сондай-ақ Түмен облысындағы қазақтардың қоғамдық ұйымы шығарған «Түмен қазақтары» кітаптарының таныстырылымы болды.

       – Құрылтай жалпы қандай тоқтамға келді, қандай жоба-жоспарлар белгіленді?

     – Ресей қазақтарының кіші құрылтайы бір ауыздан 2007 жылы үлкен еңбекпен құрылған Ресей қазақтарының Федералдық ұлттық-мәдени автономиясын сақтап қалу керек деген шешімге келді. Ол үшін 2015-2016 жылдары РФ субьекттеріндегі жергілікті ұйымдарды қазақтардың бір өңірлік ұлттық-мәдени автномиясына біріктіру бойынша жұмыстар негізгі жұмыс деп аталды. Мұндай өңірлік автономияларды құру және олардың Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының құрамына енуі РФ заңнамасына сәйкес, келешекте қазақ қауымына байқаулар мен гранттарға қатысып, федералдық деңгейде қоғамдық маңызды шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Кіші құрылтай қазіргі қазақ мәдени орталықтарының жетекшілеріне жастар арасынан жас қоғам қайраткерлерін тәрбилеп, үлкендерді ауыстыратын буын дайындаудың мақсатқа сай келетініне назар аударды. Қазақстан Республикасының қолдауымен шешілуі тиіс бірқатар  мәселелерді атады.

     Олардың ішінде өскелең  ұрпақты рухани-адамгершілік бағытында тәрбиелеу тұрғысынан ұлттық мәдениетіміз бен тілімізді сақтау мен дамыту алғашқы орында тұр. Құрылтай қатысушыларының пікірінше, Қазақстан Республикасында шет елдерде тұратын отандастарымызбен ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұзақмерзімге бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек.

      Жалпы, мұндай шаралардың барлығы ұлт тұтастығы үшін өткізіліп келеді. ДҚҚ әзірлеген Ресей қазақтарының кіші құрылтайының бағдарламасы өте мазмұнды болды және МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті тарапынан қолдау тапты.

      – Әңгімеңізге рахмет!

       Сұхбаттасқан Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

       "Ұлт мұраты" газеті №17 (18) 15 қазан 2015 жыл

толығырақ

Талгат МАМАШЕВ, заместитель председателя Всемирной ассоциации казахов, Алматы

     "План нации" – это доступный для понимания документ по реализации пяти государственных реформ. Настало время выполнять их. Эти реформы – наш ответ на глобальные и внутренние вызовы, это возможность скорейшего вхождения Казахстана в тридцатку развитых государств.

    Мне, как бывшему госслужащему, импонирует реформа в области формирования современного государственного аппарата. Прежде чем стать министром культуры, я прошел свои 100 шагов по карьерной лестнице: от секретаря первичной комсомольской организации до заместителя акима Алматинской области. Сотрудникам Всемирной ассоциации казахов по долгу службы приходится обращаться с устными и письменными запросами в различные государственные органы. И часто чиновники бывают, как говорят журналисты, "не в теме". Бумаготворчество, волокита, равнодушие к поставленным проблемам, низкая ответственность – все эти болезни приобрели хронический характер. Необходимо поднимать квалификацию чиновников на законодательном уровне. Прозрачность – вот чего еще не хватает нашей госслужбе. Уверен, что информация, не представляющая государственной тайны, должна быть доступной налогоплательщикам. Например, на сайте ведомств вы не найдете правил получения учебной визы для иностранцев или видов льгот для переселенцев-оралманов. Кроме того, указанные контактные телефоны обычно настроены на режим "факс". В кабинетах министерств сидят по нескольку человек, но на телефонные звонки они не отвечают часами… Если дифференцировать зарплату госслужащих по их реальному вкладу, тогда чиновник-середняк самосократится, потому что будет чувствовать себя неловко рядом с креативно мыслящими коллегами. Надо стимулировать успешных сотрудников, доплачивать им за знание иностранных языков, делать налоговые послабления, предоставлять служебное жилье и достойный соцпакет. 

           № 96 (18174) от 29.05.2015 Экспресс К

     http://www.express-k.kz/show_article.php?art_id=107086

толығырақ


        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 11 наурызында Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығын сақтау және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін бес институционалдық реформа жүргізуді ұсынған болатын. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Елбасы, таяуда 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берді. Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашевтан қысқаша сұхбат алған болатын.

      - Талғат Асылұлы, Елбасы елдің табысты болуы оның біртұтастығына байланысты екендігін қашанда айтып келеді. Көп ұлтты мемлекет ретінде Қазақстанның біртұтастығы, біртектілігі қандай қағидаларға негізделуі тиіс деп ойлайсыз?

      - Өмірдің өзінен асқан ұлы ұстаз жоқ. Кез келген іс, бастама өмір шындығымен жанасқанда ғана мейлінше табысты болмақ. Қазақстанды дамыған елдер санатына қосу үшін Елбасы ұсынған бес реформа бағыттарының қай-қайсы да өмірмен өзектес нәрселер деп білемін. Өмір атты абыз ұстаздың ашқан алақаны қандай жұмсақ болса, керісінше, жұмған жұдырығы соншалық қатты екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Бұл жайт, аталған реформаның «Болашағы біртұтас ұлт» бағытын белгілеу барысында мұқият ескерілгеніне мен өз басым тәнтімін. Себебі, көңілге әкелер алаңдаушылығы жиі, дүбірі мол қазіргі дүниеде ешбір ел, ешбір ұлт өз айналасындағы басқа халықтардың тарихы мен тағдырынан бөлек дами алмасы хақ. Біздің елімізде де солай. Тарихи жағынан Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қалыптасқан, бұл барлығымыздың ойымызда тұруға тиіс ақиқат. Қазақстан тарихы түрлі кезеңдерде, әр түрлі жағдайларға байланысты елімізге қоныс аударып келіп, қазақ жерінде өсіп-өніп, өркен жайып отырған жүзден астам ұлт пен ұлыстардың өткені, бүгіні және келешегімен тығыз астасып жатыр. Сан түрлі этнос өкілдері өмір сүретін елімізде, оның азаматтарының бойында бөліну сезімдері болуға тиіс емес. Толеранттылық, төзімділік барша ұлт өкілдерінің бойынан табылуы маңызды. Елбасының «Бір ел - бір тағдыр» идеясын терең сіңіру - барша ұлт өкілдері үшін табыс кілті болмақ. Міне, осы айтылған жайттардың қазақ ұлты мен түрлі ұлыс өкілдеріне ғана емес, шетелдегі отандастарымызға да тікелей қатысы бар. Әлемнің 40-қа жуық мемлекетінде өмір сүретін қазақ диаспорасы өкілдері де қазіргі реформалық өзгерістерге жіті назар аударып отыр. Өздерінің ілгеріде жүріп өткен жолында сан түрлі қиындықты, алуан тарихты бастан кешкен қазақ диаспорасы өкілдері қазіргі дүние ауанын жақсы сезінеді. Өркениетті өмір сүру үшін ұлттар арасындағы татулық пен келісім, сыйластық болуы қажеттігін шетел қазақтары үнемі есте ұстайды. Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру, заманауи мемлекет құру, орнықты экономикаға қол жеткізу тәрізді бағыттарды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға олар ықылас білдіріп отыр. Мұны диаспора өкілдерінің өз тарихи Отанына деген тілектестік күйінде қалдырмай, нақты қадамға, іске айналдыру - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты Шетелдегі қазақ диаспорасын Қазақстандағы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға қатыстыру жөніндегі 2015 - 2020 жылдарға арналған арнайы жұмыс жоспарын жасау жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізілгенін айта кетуіміз керек.

       - Елімізде тілдердің үштұғырлылығы саясаты жүргізіледі. Осы саясаттың маңыздылығы неде?

      - Тәуелсіздік қазақ халқының маңдайына мемлекет құраушы ұлт болуды сыйлады. Кеңес кезеңі тұсында аға ұлттың айтуымен әрекет ететін Қазақстан егемендік алған соң, дербес дами бастады. Қазақ ұлты өз тағдыры үшін өзі жауапты болуға көшті. Мемлекет құраушы ұлт ретінде еліміздегі өзге ұлттардың дамуына да жауапты болуды естен шығарған жоқ. Соның нәтижесінде Қазақстан түрлі ұлттардың өсіп-өркендеу, өзара келісім мен сыйластыққа қол жеткізу алаңына айналды. Бұл жөнінен еліміз басқа посткеңестік елдердің бәріне үлгі боларлықтай жағдайға жетті. Шығыс халқына тән ерекшелігіміз бен далалық менталитетіміз бізді едәуір биіктерге көтергендігін қазір мақтанышпен айтуға болады. Талай елдерде ұлтаралық жанжалдың, араздастықтың себепшісіне айналған тіл мәселесі Қазақстанда оң шешілуде. Төзімділік - ақылды адамның, дегдар халықтың басты ерекшелігі десек, мұның жарқын көрінісін Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі өмірімізден анық көруге болады. Елбасының үштұғырлы тіл төңірегіндегі саясаты жемісті нәтиже беруде. Кеңестік кезеңде қоғамдық өмірден мүлде алыстатылып, шетке ысырылып тасталған қазақ тілінің қазіргі жағдайы көңіл қуантарлықтай. Тілге байланысты ренішті пікір айтушылардың әлі де кездесетініне қарамастан, қазақ ұлты мен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінде сөйлеушілер қатары бұрынғы қай кездегіден де анағұрлым көп. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде де қоғам өмірінен лайықты орын табуда. Бұл ретте, меніңше, небәрі екі онжылдық ішінде айтарлықтай алғабасушылық пен ілгерілеушіліктерге қол жеткіздік. Асығыс әрекеттің жарға жығатынын білген бабалар салтына адалдық таныту, тіл саясатында, басқа да көптеген өзекті мәселелерде ақырын жүріп, анық басуды жөн санайтын Елбасы көрегендігіне түрлі ұлт өкілдерінің қай-қайсысы да разы деген ойдамын. Жалпақ жұрттың бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Бүгінгі қазақстандық шындық осы: үштұғырлы тіл саясаты көпшілік көңілінен шықты! Тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері де, шетелдің белгілі сарапшылар мен саясаттанушылары, мемлекет қайраткерлері де «Ұлт жоспары» деп танып, жоғары бағалаған 5 институционалдық реформаның болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру арқылы тіл мәселесінің алдағы кезде де оң шешіле беруіне ықпал етері даусыз. Үштұғырлы тіл елімізді өркениетке бастаудың негізгі алғышарты болып қала бермек. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шетел қазақтарының ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті сақтауларына, ана тілді игерулеріне жәрдемдесу арқылы, сонымен қатар, қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған ортадан, яғни Қытай мен Моңғолия тәрізді елдерден тарихи Отанға көшіп келіп жатқан қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделулеріне ықпал ету арқылы бес институционалдық реформаның жүзеге асыруды өзінің басты міндеті санайды..

      -  Елбасы Мәңгілік Ел идеясының құндылықтарын оқытуды мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды. Осыған байланысты пікіріңізді білгіміз келеді.  

       - Мәңгілік Ел патриоттық құндылықтарын енгізу мектеп қабырғасынан, тіпті, балабақшадан басталуы тиіс деп санаймын. «Мәңгілік Ел» идеясы - кешегі бабаларымыздың аңсаған ұлы мұраттарымен, бүгінгі күн талаптарымен және болашақтың кемел келбетімен үндес ұғым. Ұлттық идеяға айналуға тиіс ұғым құндылықтарын жастардың бойына сіңіру ертерек қолға алынғаны, мектептерде арнайы бағдарлама ретінде енгені дұрыс.  

      - Әңгімеңізге рахмет.

     Автор: 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2781009

толығырақ

          Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам.

     «100 нақты қадам» - бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.

     «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН

     МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫНжасап беретін болады.

     Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ»болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

 100 НАҚТЫ ҚАДАМ

БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ 


І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу

8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.

9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.

12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.

15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

 II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.

17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ.Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.

18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.

19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.

20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.

22-қадам. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.

25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады.

26-қадам. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарғаПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.

27-қадам. Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.

28-қадам. Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.

29-қадам. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.

30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.

32-қадам. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН жасау.

34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.

36-қадам. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.

37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.

38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.

39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.

40-қадам. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.

41-қадам. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.

42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ.

43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.

44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.

45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.

46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттың өзі - 10 күн ішінде.

47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.

48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.

49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.

50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, «БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.

51-қадам. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.

52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.

53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.

54-қадам. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.

56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРқұру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.

57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

58-қадам. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.

60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.

61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.

64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.

65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕН-ТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.

66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.

67-қадам. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.

68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.

69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.

70-қадам. ASTANA EXPO - 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНІҢ 20 АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС.

71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.

72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.

73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.

74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУарқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.

75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДІСІН енгізу.

76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңіменЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.

78-қадам. Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты -ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.

80 -қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

81-қадам. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ.Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.

82 -қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы  қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).

83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу.

84-қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85-қадам. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі - «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып,ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ.

90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. РЕСІМДІК СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

92-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР,сондай-ақ, мемлекеттік органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.

93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.

94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.

96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.

99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.

100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.

 

ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

  • Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС ТОБЫНАНжасақталған жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.
  • Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
  • Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАҢДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.
  • Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады.
  • Ұлттық комиссия жанынан БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСжасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.
  • Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІН айқындау қажет.

       Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын. 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2777949

толығырақ

          Аса қадірлі Елбасы!

         Сіздің бастауыңызбен қазақстандықтар жаңа бір белесті еңсеріп, «Мәңгілік ел» болу жолында Сізбен бірге нық қадам жасады.

    Сайлауда қазақстандықтар Сізге өз дауыстарын бере отырып, тұрақтылықты, бірлікті және жасампаздықты қалайтындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

         Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз шеттегі қандастарымызды әрдайым жіті назарыңызда ұстап, оларға мейіріммен көңіл бөліп келесіз.

         Кешелі бері бізге мыңдаған қандастарымыз хабарласып, өздерінің қуаныштарын білдіріп құттықтауларын жеткізуде.

         Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан құттықтауымызды қабыл алыңыз.

         Әлемдегі барлық бес миллионнан астам қазақ үшін маңызы бар бұл ұйым Сіздің бастамаңызбен құрылған болатын.

         Бүгінде ол тағдырдың тәлкегімен тарихи отанынан тысқары өмір сүріп жатқан қандастарымыздың ұйтқысына айналды.

         Еліміз тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған қазақ өзінің тарихи отанына оралып, өз елі үшін аянбай еңбек етуде.

         Сіздің еліңізге сіңірген еңбегіңізді халқыңыз айрықша бағалайды. Мұның дәлелі – Сіздің сайлаудағы сенімді Жеңісіңіз!

         Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің барлық бастамаларыңызды қазақстандықтар мен шеттегі қандастарыңыз бір кісідей қолдайды.

         Біз біргеміз – берік іргеміз!

 

                   Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 

толығырақ

11.03.2015

 Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет:

Бес институттық реформа

      Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі

      Қымбатты қазақстандықтар!

       Құрметті делегаттар мен съезд қонақтары!

     Баршаңызды съезд жұмысының басталуымен құттықтаймын. Сіздер байтақ Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын 850 мың партия мүшесінің атынан келіп отырсыздар. Мен барша партиялас серіктеріме еліміздің гүлденуі мен өсіп-өркендеуі үшін төгілген өлшеусіз тер мен ортақ патриоттық еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін.

      Алдымызда еліміз үшін тағы бір тағдырлы, тарихи белес тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы халықтың тарапынан қызу қолдау тапты. Санаулы күнде маған бұл мәселеге қатысты мыңдаған хат келіп түсті. Құзырлы органдар бұл бастаманы еліміздің заңдарына сәйкес деп тапты. 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы менің Жарлығым халқымыздың бастамасына жауап болды. Бұл – Отанымызды, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы біздің бағытымызды жалғастыруға жалпыхалықтық ұмтылыс пен бірліктің дәлелі.

      Құрметті қазақстандықтар!

      Тәуелсіздік жылдары ішінде біз Ұлы жолды жүріп өттік. Біздің еліміз әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. ІЖӨ 20 есе өсіп, 2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Бүгінде біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүргізудеміз.

       Өткен 4 жылда 2011 жылдың сайлау науқаны барысында мен айтқан барлық міндеттерге қол жеткізілді.

      Біріншіден, ІЖӨ көлемі орта есеппен жыл сайын 5,7 пайызға өсіп отырды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдық жоспары аяқталды.

       Екіншіден, аграрлық сектор даму үшін қуатты серпін алды.

        Үшіншіден, инфрақұрылымдық салаларда үлкен өзгерістер болды.

       Төртіншіден, шағын және орта бизнес дамып келеді.

       Бесіншіден, Қазақстан әлеуметтік жаңғыру жолына бет бұрды. 2010 жылдан бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге жақындап, 64 пайызға өсті. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1,4 есеге, ең төменгі зейнетақы 1,8 есеге өсті.

       Алтыншыдан, 4 жыл ішінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Мемлекеттік аппарат реформаланып, Үкіметтің функцияларының 60 пайызы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне берілді. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін оңтайландырылды. 9 агенттік қысқартылып, комитеттер ретінде министрліктер құрамына берілді. Аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің, сондай-ақ селолық әкімдердің сайланбалылығы енгізілді. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде терең реформалар жүруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. Конфессияаралық келісім мен тыныштықтың арқаулық негізі ретінде мемлекеттің зайырлылық сипаты нығайтылды.

      Жетіншіден, елдің халықаралық беделі нығайып келеді.

      Бүтіндей алғанда, біз жоспарланғандардың бәріне қол жеткіздік! Алға қарай қарышты қадам жасалды! Бұл баршамыздың ортақ жеңіс маршымыз!

       Қазіргі уақытта әлемдегі ахуал күрделілене түсуде. Әлемдік рыноктарда энергия көздері мен металл бағаларының құлдырауы экономикалық тәуекелдерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мемлекеттер елеулі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді бастан өткеруде.

      «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты Қазақстанның экономикалық тәуекелдерге қояр тосқауылы болды. Ол, біріншіден, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында экономикалық ауытқушылыққа қарсы іс-қимыл шараларынан, екіншіден, индустрияландыру бағытының екінші бес жылдығын одан әрі жалғастырудан тұрады. Сондай-ақ әлеуметтік саясат та айқын белгіленді. Қатаң бюджеттік саясат пен үнем мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне өзгеріс енгізбейді.

      Сонымен бірге, жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, ол әр мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығын сынаққа салады. Сондықтан да біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр.

      Біріншіден, сыртқы факторлардың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, одан әрі даму үшін жағдайлар жасау. Төртіншіден, әлемнің 30 дамыған мемлекетіне қарай алға жылжуды жалғастыру.

      Біздің мемлекеттілігіміздің ауқымды сын-қатерлеріне қалыптан тыс және күшті жауап беру қажет. Бір орында тұруға болмайды. Өз табыстарымызды арқау етіп өзіміздің мемлекеттілігімізді дамыту үшін біздің алға қарай қозғалуымыз керек. Сондықтан да мен бес институттық реформаны алға тартамын.

      Бірінші – Экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

       Бүгінде әкімшілік мемлекеттік қызметтің саяси деңгейге тәуелді екенін көрмеу мүмкін емес. Бұл, тіпті, ешқандай саясатсыз кәсіби басқару қажет болған кездің өзінде де шешімдер қабылдауды саясаттандырады. Мемлекеттік аппаратта белгілі бір қамқоршының айналасында команда қалыптасады. Мұндай патронат жемқорлық үшін жағдайлар туғызады, тамыр-таныстықты туындатады, кадрлық әлеуетті төмендетеді. Сонымен бірге еңбекке ақы төлеудің төмендігінен мемлекеттік қызмет тартымсыз күйінде қалуда. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілерде айқын мансаптық келешек жоқ, ал қызметте жоғарылау сол баяғы қамқоршыларға байланысты. Мен маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың түрлі деңгейлердегі жекелеген шенеуніктердің біліксіздігінен «зардап шегіп» жатқанын білемін.

      Сондықтан мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономиялы етіп жасау маңызды міндет болып табылады. Сайлаулар, министрлердің, әкімдер мен өзге де басшылардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс. Ағымдағы позициялылықтан мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қажет. Әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілерге, олардың басқару үдерісіне қосқан үлесінің нәтижелілігі бойынша еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Олардың қызметтері мен экономикада қол жеткізген табыстарының әр жылдағы нәтижелері бойынша саяси қызметшілер үшін бонустар және әкімшілік қызметшілер үшін сыйақылар төлеуді қарастыру қажет. Жақсы жұмыс істесе – бонус алады. Жаман жұмыс істесе, экономикада өсу және нәтижелері жоқ болса – тиісінше, еңбекақысы да төмендейді.

     Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге талантты кандидаттарды, соның ішінде жеке сектордан да, іздеудің жаңа арналарын ашатын уақыт келді. Белгілі бір лауазымдарға шетелдік менеджерлерді тарту орынды болмақ. Тілді білмеу де, азаматтық та бұл орайда кедергі болуға тиіс емес. Көптеген табысты елдер осылай жасайды.

      Мемлекеттік қызметке қабылдау үшін біліктілік талаптары қатаңдатылуы тиіс. Барлық деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілерді толық аттестаттаудан өткізу қажет. Меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жолға қою маңызды. Ол үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жеке дербес бөлімшені құру қажет. Меритократия тек мемлекеттік аппарат үшін ғана емес, сонымен бірге, соттарды, құқық қорғау органдарын, ұлттық компаниялар мен холдингтерді қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектор үшін де жалпыға бірдей қағидатқа айналуы тиіс.

      Бізге Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды әзірлеу, Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы заңға өзгерістер енгізу қажет болады. Мемлекетке қызмет ету біздің қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет этностық қатыстылығына қарамастан меритократия қағидаттары негізінде өзін-өзі көрсетуге бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналуы керек.

       Екінші – Меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

       Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны – судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жататын судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен меңіреу тұмшаланбауы тиіс және қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық – судьялар қатарындағы жемқорлықтан емдейтін дәрі.

     Ішкі істер органдарының жұмысы да қоғам үшін мөлдір емес. Полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек. Бүгінде азаматтар жол инспекциясы офицерінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімге немесе министрге айыппұл салатынына онша сене қоймайды. Бұл ретте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысына қатысты таяуда болған мысалды келтіруге болады. Джон Керриге өз үйінің алдындағы қарды тазартпағаны үшін айыппұл салынды.

        Сондықтан полицияның мәртебесі мен оның азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Құқық қорғау органдарының мөлдірлігін, ақпараттық технологияларды дамыту, патрульдік қызметті бейнетіркеушілермен жабдықтау бойынша шаралар дестесін қалыптастыру керек. Полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицейлердің өздерінің біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып және растап отыруын қамтамасыз ету маңызды.

       Судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту қажет. Судьялар корпусындағы орыннан үміткер кандидаттың нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Кандидаттар негізгі жұмысынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттарда өтетін сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек. Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, оны табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судьялыққа сайланады.

       Шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық әділ соттың адалдығына сенімді болуы тиіс. Оған деген сенімді арттыру үшін инвестициялық дауларды қарауға шетелдік судьяларды тартып, мұндай дауларды шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша қарау қажет.

      Айрықша мәселе – елдің Қарулы Күштерін жаңғырту. Олар заманауи, жұмылғыш, кәсіби болуы тиіс. Кәсібилік және озық қару-жарақпен, сондай-ақ техникамен жарақтандыру есебінен армияның жауынгерлік қабілетін арттыруды қамтамасыз ету керек.

      Үшінші – Индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім.

       Кәсіби мемлекеттік қызмет және заңның үстемдігі орта тапты жедел қалыптастыру үшін экономикалық реформалардың кешенін жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сапалы өсім мен экономиканы әртараптандыруға қол жеткізу үшін біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Ол уақтылы және мейлінше қажет шара болып табылады. Индустрияландыру – экономиканың құралы ғана емес, сонымен бірге мемлекет дамуының және орта тапты қалыптастырудың маңызды факторы. Дегенмен индустрияландыру мен өңдеу секторы әзірге экономикалық өсімнің нағыз қозғаушысы бола алған жоқ. Үкімет онымен айналысуы тиіс.

       Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесінде де қиғаштықтар бар. Аграрлық секторға бюджеттен қосымша құны төмен сала өнімдері өндірісін субсидиялауға қомақты қаржы бөлінеді. Оның үстіне, ауыл өндірушілері салық төлемейді десе де болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу секторын жаңа кешенді бағдарламалар негізінде дамыту маңызды. Бұл орайда қайта өңдеу салаларында трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісу қажет. Индустрияландыру, сонымен қатар, шағын және орта бизнес арқылы жұмыс орындарын құру мен елдің экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталып отыр.

      Қазір кедендік ресімдеулер көп уақыт алады, тариф саясаты күрделі және шым-шытырық болып табылады, тарифтік емес кедергілер әлемдік тәжірибеге кереғар келеді. Еуразиялық одақ аясында тариф саясатын оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Болашақтағы басты міндет экономикалық даму серпінін қамтамасыз ету болып отыр. Жұмыстың қорытындылары экономиканы әртараптандыру есебінен жаңа 3-4 экспорттық өнімдердің туындауы болуы тиіс.

      Шағын және орта сервистік кәсіпорындар саласындағы даму шешуші бағыт болып табылады. Туризмді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдаған жөн. Бұл – артық еңбек ресурстарын ауылды жерлерге тартудың маңызды мәселесі. Бізде урбанизация әлсіз. Халықтың 43 пайызы ауылды жерлерде тұрады.

       Қазақстанның интеграциялық саясаты барысында ел экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын кеңейту үшін құралдар қалыптастырылды. Алматыда қаржы орталығын құру үдерісі жоғары серпінділік алуы тиіс. Бұл жерде Алматының арнайы мәртебесін заңнамалық бекіту маңызды.

      Төртінші –  Болашағы біртұтас ұлт.

      Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді.

        Сонымен қатар, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. Барлық азаматтар құқықтың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек. Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.

      Мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Қазақтар Жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие. Бұл – қазақтың ұлттық сипатын сақтап, дамытудың және еліміздің қазақы болмысын нығайтудың басты факторы.

       Тілдердің үштұғырлығын – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту –қоғамды топтастырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі өсімінің кепілі. Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір өзгешеліктер мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифттерді қамтамасыз ету қажет. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтар жаңа жалпыұлттық құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтарды – өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюлары керек. Барлық қазақстандықтар үшін қазақстандықтың бойында азиялықтың да, еуропалықтың да озық сапаларын шынайы сүзгіден өткізетін еуразиялық идеясы біріктіруші болып табылады.

      Орта тап қазақстандық ұлттың негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың қайнар көзі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл – заң үстемдігіне барынша мүдделі және мемлекеттің халық пен елдегі тұрақтылыққа есептілігінің қозғаушы күші. Сондықтан нақ кең көлемді орта тап ұлттық біртектілікті қалыптастырудың өзегі болып табылады. Мемлекеттің аса маңызды құжатында ресімделген Мәңгілік Ел идеясы жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиіс. Мектептерде бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажет.

        Біздің елімізде 17 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың ішіндегі аса ірілері – ислам, православие және протестанттық. Қазақстан аумағында тарихи қалыптасқан Ханафит исламы ұстамдылығымен және төзімділігімен, ислам құндылықтарын парасатты түсіндіруімен ерекшеленеді. Қазақстандағы тегі славян тұрғындарының көп бөлігіне тән православие басты мәселе ретінде адамның ар-ұяты мен адамгершілік таңдауын, ізгілік пен аяушылықты қояды. Соңғы жылдары Қазақстанда протестанттық шіркеуге барушылар қатары өскені байқалады. Протестанттық табысты және өнімді еңбекті, ұқыптылық құндылықтары мен қайырымды істерді адам өмірінің өзегі ретінде қарастырады. Осылайша, әр діннің өз қасиеті бар. Олар қашанда қазақстандықтарды біріктіріп, бейбітшілік пен келісім, қоғам мен экономиканы дамыту, мемлекетті нығайту ісіне қызмет етуі тиіс.

       Бесінші – Транспарентті және есеп беруші мемлекет.

       Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп келеді. Бұл – бізге ішкі қарама-қайшылықтардың ушығуға ұрынбай, саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды фактор. Көптеген елдердің тәжірибесі «әуелі – күшті мемлекет және экономика, содан кейін саясат» қағидатын бұзу апаттарға алып келіп, қоғамды «сындыратынын» көрсетіп отыр. Біреулерінде саяси режімдерді бұзу орын алып, басқаларында экономика қирап, жанжалдар және тіпті азамат соғыстары пайда болады. Біз мұны түрлі елдердің тарихтарынан жақсы білеміз және бүгін көптеген мемлекеттерден көзбе-көз көріп отырмыз. Әлемнің түрлі өңірлеріндегі соңғы азамат соғыстары мен қанды жанжалдар тізбегі ойластырылмаған және жеделдетілген демократияландыру мемлекеттің тұрақтылығына кепілдік бермейтінін және табысты экономикалық жаңғыртуды қамтамасыз етпейтінін көрсетіп берді.

      Саяси мәдениетсіз сайлаудың салдарын көптеген елдердің қазіргі ахуалынан бағамдауға болады. Соңғы жылдары кейбір елдердің азаматтары еңбек етуді ұмытты. Наразылық шерулері сәнге айналды. Адамдары митингке шығуға күнделікті жұмысқа барғандай асығатын болды. Сол үшін оларға арандатушылар жалақы төлейтін болды. Сайлау жұртты біріктіретін емес, бауырларды бөлетін, ағайынды араздастырып, өзара қару кезендіретін болды. Көшедегі қарабайыр саясатшылдық пен тек сайлаудан сайлауға дейін өмір сүру ақылды елдің жолы емес. Елге қызмет ету үшін емес, мансап үшін билікке ұмтылу да абырой әпермейді.

      Осы орайда ұлы Абайдың қара сөздерін еске түсіремін. Ол үшінші қара сөзінде былай дейді: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па» деп елдің бұлданғанымен күн өтеді. Екінші жылы кандидатпен аңдысып күн өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күн өтеді. Енді несі қалды?».

      Сайлау – әншейін сайлау өткізу үшін емес, елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке ұйыту үшін болса, ғанибет. Сондықтан жоғарыда айтылып кеткен төрт мақсатты орындап, содан кейін саяси мәселелерге көшкен жөн. Бұл жолды дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

      Бес институттық реформалар – ел дәл осындай ізділікпен өтуі тиіс бес қадам. Тек осындай жағдайда ғана біздің реформаларымыз тиімді болады, ал қоғам мен мемлекет біртұтас және тұрақты болады. Нақ осындай жолдан барлық табысты мемлекеттер өткен.

      Біріншіден, мемлекеттік органдар басшыларының есептілігі тәжірибесін кеңейткен жөн. Екіншіден, шешім қабылдау үдерісінің мөлдірлігін қамтамасыз ету керек. «Ашық үкімет» тетігі арқылы азаматтар барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді тартылуы тиіс. Бұл үшін жасау және қабылдау алда тұрған көпшілік ақпараттарға қолжетімділік туралы жаңа заң осыған негіз болады. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту маңызды. Үшіншіден, азаматтық бюджеттендіруді енгізген жөн. Әңгіме азаматтық қоғам өкілдерінің өңірлердегі бюджет қаржысын бөлуге қатысуы туралы болып отыр. Төртіншіден, шағым жасау жүйесін нығайту маңызды. Заңнамада азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің іс-қимылына шағым жасауына мүмкіндіктер кеңейтілген болуы керек. Бесіншіден, қоғамда өзін өзі реттеуді кеңінен енгізуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік органдар жауапкершілігі аймағын әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетулер, олардың дайындығына орай азаматтық қоғам институттарына байланысты өкілеттіктерді бере отырып, кезең-кезеңмен қысқарту керек.

       Осы бес бағыт бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілуімен жергілікті атқарушы органдардың жаңа сайлау жүйесі туралы мәселені шешуге болады. Билік өкілеттіктерін біздің дәстүрлерімізді есепке ала отырып Президенттен Парламентке және Үкіметке қайта бөлуді көздейтін конституциялық реформа кезең-кезеңімен жүргізілетін болуы тиіс.

      Осы бес реформа жинала келіп, Қазақстан мемлекеттілігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жағдайлар жасайды. Бұл –«2050-Стратегиясын» орындауға бастар жол. Бес институттық реформаның әрқайсысы – ел үшін орасан зор сын-қатер және үлкен жұмыс. Мұндай реформалар тек билік пен халықтың мықты ерік-жігерімен ғана қамтамасыз етіле алады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, күшті мемлекет, дамыған және либералды қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет.

      Ұсынылып отырған шаралар қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформалар кешенін жүзеге асыруды үйлестіретін болады. Осылайша, біздің алдағы жылдардағы ең өзекті мақсатымыз – осы бес институттық реформаны іске қосып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру.

      Қымбатты қазақстандықтар!

     Бірнеше күн ішінде мен еліміздің азаматтарынан, еңбек ұжымдарынан, білім беру мекемелерінен, қоғамдық бірлестіктерден кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдау және менің кандидатурамды осы сайлауға ұсыну туралы өтініш білдірген орасан көп хаттар мен үндеулер алдым. Менің Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі жолындағы еңбегіме жоғары баға берген баршаңызға зор рахмет! Өз халқыңның осындай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін съезд мінберінен менің атыма жылы сөздер айтқан баршаға шын көңілден ризамын.

      Мен алдағы сайлауға «Нұр Отан» партиясынан президенттікке кандидат ретінде түсуге өзімнің келісімімді беретінім туралы мәлімдеймін. Мен сіздерді, менің серіктестерім – нұротандықтарды, барлық қазақстандықтарды тағы да топтасып, жеңіске жетуге шақырамын! Біздің ортақ рухани күшіміз бен жоғары мақсатымыз: Мәңгілік Ел! Ол біздің ХХІ ғасырдағы дамуымызды прогресс қуатымен толтыратын болады.

      Қымбатты отандастар!

      Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – бәрімізге ортақ парыз. Біз әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты 30 елмен иық тірестіру жолына түстік.

      Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел! Осы жолда күллі халқымызды біріктіруге, мақсатымызды орындауға жұмылдыратын «Нұр Отан» партиясы! Қасиетті Отанымызды нұрландыра түсу үшін бір тудың түбіне жиналып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

      Біз қашанда біргеміз!

      Алға, Нұр Отан! Алға, Қазақстан! 

     http://akorda.kz/kz/page/page_219338_      

толығырақ

 

Нұры ғажап Нұрағам

 

(Қазақстандағы Президент сайлауына алыстағы ағайынның тілегі)

 

Серік Әбіл (Қытай)


Жер-Ана бір, Ел-Ана бір тұрағым

Ана-Күн бір шашқан, ғажап шуағын.

Күндей күлген, күллі әсем әлемге

Саялым-ай Бәйтерегім, шынарым!

 

Алматым-ай, Алатауым құштарым,

Көкірекке құйған ғажап күш-дарын.

Нұрағамның жүрегімен нұрлансын,

Мерейі асқақ менің Қазақстаным!

 

«Мәңгілік Ел» бізді шыңға бастаған,

Шыңдар жайлы шырқалады асқақ ән.

Есі бар жан, жүрегімен жүр сезіп,

Сіздің жолды баса алмасын басқа адам.

 

Ғалам ғажап болса дағы үрейлі,

Ұлылар бар өзгермейтін бір ойлы.

Қасымханның «қасқа жолы» сияқты

«Нұрлы жолдың» жалғасын ел тілейді.

 

Құздар қанша қырандары құлаған,

Қыздар қанша жұрты үшін жылаған.

Бабалар мен балалардың бағы үшін,

– Аман болсын, әрқашанда Нұрағам!

 

Көк Ту көкте желбіреп күн күледі,

Сұңқарын да, сұлтанын да ел біледі.

Бейбітшілік, береке деп соғады,

Жаны жайсаң ұлылардың жүрегі.

Нұрағаның «Нұрлы жолы» жалғассын,

Алыстағы ағайынның арманы мен тілегі!!

           01.04.2015 жыл

толығырақ

   Бүгін өтіп жатқан Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясында футбол қауымдастығының қазақстандарға бағытталған үндеуі қабылданды. 

     «Бүгінде елімізде 700 мыңнан астам адам, оның ішінде 386 мың бала тұрақты түрде футболмен айналысады – деп айтылған үндеуде. – Төрт миллионнан астам адам бос уақытын спортқа арнайды, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Қазақстанда футбол инфрақұрылымы салынып, футбол алаңдары ашылды. Стадиондар мен спорттық-сауықтыру кешендері салынуда».

    Конференцияға қатысушылар еліміздегі спорттың дамуын Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және қызметінен байланыстырады.

      - Ол әрқашан салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортпен шұғылдануға шақырады және үлгі етеді, - дейді конференцияға қатысушылар.

     Қазақстанның футбол қауымдастығы футбол мен спортқа бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды 2015 жылдың 26 сәуір күні өтетін президенттік сайлауға келуге шақырады.   

толығырақ

     Қазақстан Республикасында кешікпей ұйымдастырылғалы отырған Елбасының сайлауы саяси өрлеу үстінде табысты жүріліп өтуіне Моңғолияда тұратын қазақ қандастарымыз атынан шын жүректен тілектестік білдіремін. Саяси бұл науқан Қазақстандықтар, күллі қазақ халқы үшін ғана емес сонымен бірге әлемдік маңызы жоғары іс болып табылады. Осы сайлауға Нұр-Отан партиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын ұсынғанын біз де қуана құптаймыз. Біздің халқымызда «Киімнің жаңасы, адамның ескісі жақсы» деген аталы сөз бар. Ескі танысымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен ширек ғасыр бойы етене таныс болдық. Бұл ширек ғасыр қазақ халқы ел тәуелсіздігін ғасырларды араға салып қайта қолға алу, тарихи мекен-жерін кепілдендіріп қорғауға алу, елдің әлеуметтік, экономикасын тұйықтан биікке көтеру, әлемнің әр түкпіріне бытырап шашыраған қандастарын тарихи отанына келтіріп қазақ даласын қазақтың өз иелігіне беру, ана тілімізді жаңғырту қатарлы сан алуан қилы кезеңдерге, ауыр сынақтарға толы болды. Осы сындарлы жылдар тағдырын, ұлт тағдырын Нұрекең бастаған мемлекет оңтайлы, ұтымды шешті. Қазақ мемлекетінің бет-бедел, абырой-даңқы бұрын-соңды мұншалықты биіктеп көрген емес. Елбасымыз дүние жүзіндегі ең атақты, айбынды саяси қайраткерлерімен терезе теңестірді, нелер күрделі түйіндерді шешудегі ақыл-парасатын, алғырлығын барша адамзат мойындады.

    Бұл жерде біз тастай қатып, бұрынғы басшылардан айырылмау керек деген сыңаржақ ұсыныс көтеруден аулақпыз. Ескінің де естісі бар, есері бар. Биыл ұлы мерекесі тойланатын Қазақ ордасының не секілді ақылды, айбынды билеушілері-хандары болған. Сол ұлылардың ұлысы Абылай хан болғандығын әркім мойындамай қала алмайды. Абылай қырық сегіз жыл яғни жарты ғасырдай өкім құрған екен. Абылай ақыл кені көшбасшы, алғыр дипломат, сондығынан да ол қазақтың өз жерін азат етіп, алып көршілермен бітімге келіп, ата жауды аластаған қаһарлы тұлға. Тәуелсіз Қазақстанның көшін Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр алып жүріп келеді. Көш байсалды. Қуатты да табысты қалыптасқан мемлекет орнықты. Әсем елорда қайта туған қазақтың Отандық төрі. Алда ол белгілеген биік меже, алынар асулар бар. Солардың бірі-жаһандық он сын-қатерден Қазақ елін әлсіретпей, күйзелтпей алып өтетін, алдыңғы қатарлы елдер санатына қосатын 2050 жылға дейінгі стратегия. «Халықаралық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз-егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру» деп тұңғыш Елбасының айтқан сөзі ол кісінің осы сайлаудағы да уәдесі мен серті деп кәміл сенуге болады. Қоғамдағы, елдегі барлық топтардың, әр ұлт өкілдерінің өсіп өркендеуіне баса мән берген стратегияда аналарға, жалпы әйелдерге қамқорлық жасау мақсаты айрықша көрсетілгендігіне олар да ризалық пейілде болары даусыз.

     Әрине он жеті миллион жан саны бар Қазақстанда Нұрекеңмен бәсекеге түсіп бақ сынарлық жиырма үміткер шығатынына шүбә келтірмесек керек. Алайда «Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме» деген даналық бар. Олардың қайсыбірінің атын естігеніміз болмаса түсін танымаймыз, істеген игілікті істерінен  хабарымыз жоқ. Сол үшін бізге де, басқа халықтарға да жан-жақты жақсы қырымен танылған Нұрсұлтан Әбішұлын қайта сайлағанды мақұл көреміз және осы тілекті әсіресе шетелден Қазақстанға барып қоныс тепкен ағайындар қолдайды дегенге кәміл сенеміз. Өйткені жат елдерге тағдыр тәлкегімен тарқап кеткен қазақтардың іргелі қазақ еліне қайта оралу үміті әлдеқашан өшкен кезде Отанына оралу бастамасын көтерген, оралмандарға үлкен қолдау көрсеткен де Нұрекең болғанын олар ешуақыт естен шығармас. Тарихи Отан топырағында, оралмандар отбасында дүниеге келген бақытты ұрпақтың бір қауымы қазір сайлауда дауыс беретін азамат жасына толды. Елбасы ұсынған бағдарламамен шетелдерден білім, өнер игерген жүздеген, мыңдаған түлектер кімнен жақсылық көргенін ұмытпақ емес. Бұлар Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс берушілердің алғы шебінде болатынына күманданбаймыз.

      Қазақ иелінің абыройы, мақтанышы, ақылшысы, қамқоры, ардағы таңдаулы адал көшбасшыны қалап сайлайтын жауапты науқан сәтті, алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні, ұлттық мерекеміз Наурыз құтты болсын!

     Сәлеммен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Улаанбатардағы қазақ мәдени орталығының төрағасы, Моңғолияға еңбек сіңірген дәрігер Асай Рәмішұлы.   Улаанбаатар қаласы. 

толығырақ

      Члены Всемирной ассоциации казахов, проживающие в 32 странах мира, присылают в казахстанский офис организации письма в поддержку решения партии «Нур Отан», принятого на XVI съезде 11 марта, передает BNews.kz. Об этом сообщил первый заместитель председателя Всемирной ассоциации казахов Талгат Мамашев.

      В Алматы прошло заседание совета старейшин Всемирной ассоциации казахов. Первый заместитель председателя ассоциации Талгат Мамашев сообщил, что Ассоциация принимает в эти дни множество откликов на решения XVI съезда партии «Нур Отан» из Германии, Узбекистана, Китая, Кыргызстана, Ирана, России, Монголии. 

      «Наши соотечественники за рубежом внимательно следят за тем, что происходит в Казахстане и с большим энтузиазмом восприняли итоги XVI съезда партии «Нур Отан», где был выдвинут кандидат в Президенты на предстоящие выборы - Нурсултан Назарбаев. От имени казахов, проживающих в Европе, Абдулкаюн Кесижи прислал свое мнение: «По итогам съезда мы пришли к выводу, что поддерживаем решение Президента РК участвовать в выборах». Журналист из Узбекистана Марат Арынов в своем сообщении тоже с большим воодушевлением воспринял эту весть по итогам XVI съезда партии «Нур Отан». Аналогичное письмо прислал ответсекретарь республиканской газеты Кыргызстана Назарбек Байжигитов, он считает, что народ Казахстана должен сделать правильный выбор. Аналогичное послание пришло от руководителя казахской диаспоры в Монголии, бывший аким Баян-Ольгийского аймака Хабсаттар Омар от имени казахов Монголии сообщил, что практически все рады решению «Нур Отана» о выдвижении Нурсултана Назарбаева для участия в выборах. Аналогичное письмо мы получили из Китая», - сообщил первый заместитель председателя Талгат Мамашев. 

    Председателем Всемирной ассоциации казахов является Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев, по инициативе которого 28 сентября 1992 года данная организация была создана. На первом всемирном курултае казахов Н.Назарбаева избрали председателем, с тех пор Ассоциация провела 4 курултая. Первый всемирный курултай казахов проходил в Алматы, затем в Туркестане, и дважды курултай прошел в Астане.

      Жанар КОМБАЕВА

    http://bnews.kz/ru/news/post/257765/

толығырақ

     «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде қабылданған шешімдерге әлемнің әр елдерінде тұратын қандастарымыз, қазақ диаспораларының өкілдері бұл күндері үлкен қызығушылық тудыруда. Біз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төра­ға­сының бірінші орынбасары Талғат МАМАШЕВ мырза­ға жолығып, осыған байланысты өз ой-пайымдарын айтып беруін өтінген едік.

     – Бүгінгі таңда алыс және жақын шетелдерде 5 миллионға жуық қазақ диаспорасының өкілдері тұрады, – деп бастады әңгімесін Талғат Асылұлы. – Бұл ағайындарымыз қай жерде, қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бөлігі саналады. Олар қашан да Қазақстан Республикасының атақ-абыройының асқақтап, өсіп-өркендей беруіне бір кісідей тілектес. Қазақ елінің бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез келген іс-шараларға да айрықша көңіл бөліп, бұл жөніндегі жаңалықтарға ерекше назар аударады. Міне, осы тұрғыдан келгенде, шетелдегі ағайындар үшін Қазақстандағы биылғы кезектен тыс президенттік сайлау – аса маңызды оқиғалардың бірі. Яғни, алдағы уақытта Қазақ елінің тізгінін кім ұстайды, мемлекет басшысы болып кім сайланады деген мәселе оларды да ерекше ойландырады, әрі алаңдатады. Өйткені, тарихи Отаны­ның тәуелсіздігі, бақ-берекесі, игі жеңіс­тері мен жетістіктері дүние­жүзінің түкпір-түкпіріндегі бүкіл қандастарымыз үшін ерекше қымбат. Сондықтан да, жасыратыны жоқ, тарихи Отанына шеттен орал­­ған қазақтар Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІ съезінің жұмысына үлкен қызығушылықпен көңіл аударды. Тәуелсіздік жылдарында атажұрт топырағына оралған 1 миллионға жуық (табиғи өсімін ескерсек, 1,5 миллион адамға жетеді) қазақтың қай-қайсысы да осындай сезімді бастан кешкені анық. Шетелдегі бауырлардың да ұлтымыздың осынау ұлы жиынына елеңдей құлақ түргенінен хабардармыз. Сөйтіп, мінеки, ақ түйенің қарны жарылып, қазіргідей дүрбелең шақта тәжірибелі де білікті, талай сынақты бастан өткерген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын съезд делегаттары бірауыздан Қазақстан президенттігіне ұсынғандығын қуанышпен қарсы алдық, ел тілегі ескерілді. Елбасы сайлау додасына түсуге өз келісімін берді. Осы жағдайға шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері жүректері жарыла қуанып, сүйіншілеген құттықтау лебіздерін біздің Қауымдастыққа хабарлап жіберіп жатыр. Солардың ішінде Н.Назарбаевтың президенттік сайлауға түсуге келісім бергендігіне іле-шала Еуропа қазақ қоғамдары басшылығы атынан Әбділқайым Кесижи, Моңғолиядағы қандастар атынан Хабсатар Омар, Өзбекстан азаматы Марат Арынов, Қытайдың Үрімжі қаласынан жазушы Сұлтан Жанболат, Қырғызстан қазақтары қауымдастығы атынан осы ұйымның төралқа мүшесі, Қырғыз Республикасы үкіметінің «Қырғыз туы» газетінің жауапты хатшысы Назарбек Байжігітов, Ираннан Теһрандағы қазақ радиосының қызметкері һәм орта мектептің тіл маманы Мұса Уәли, Мәскеуден Ресей Ғылым академиясы Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының бөлім басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ирина Қараболатова және басқалар жеделхаттарын түсіріп, съезде дұрыс таңдау жасалғандығын риясыз құптауда. Ұлы мұратты көздеген барша тілектес қауым үшін дәл қазіргі шақта ел бастайтын көсемін анықтаудан асқан ғанибет жағдай жоқ. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының съезі ерен үлгі танытып, ел тағдырына қатысты аса сындарлы да салиқалы шешім қабылдай алғандығын айту парыз. Біздің қазіргі Елбасымыз Қазақстанның ғана Мемлекет басшысы емес, дүниежүзіндегі бүкіл қазақтардың көшбасшы көсемі екендігін барша жұрт біледі. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өткізілген әлем қазақ­тарының төрт құрылтайында да Нұр­сұлтан Әбішұлы Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығының төралқа төра­ғалығына бірауыздан сайланып, содан бері қандастарымыз үшін қаншама биік мақсатты, ізгілікті істерді атқа­рып келеді. Алда атқарылмақ міндет­тер қаншама. Олай болса, алдағы сайлаудағы президенттікке нақ осы кандидатураның ұсынылуы шеттегі қандастар үшін, елдегі оралман қауым үшін ғанибет болмағанда қайтеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде сөйлеген сөзі көпшілікке үлкен әсер қалдырып, ой салды. Бұл сөзді президенттіктен үміткердің берік ұстанымы, алдағы үлкен тұғырнамасы деп қабылдасақ та болғандай. Бұл бұдан бұрынғы «Нұрлы Жол» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Әсіресе, кадрлар мәселесі туралы қадап айтқан қадау-қадау пікірлері назар аударарлық. Кейінгі кездері әлі пісіп-жетілмеген шикі кадрларды мансап баспалдағымен өсіріп жіберудің келеңсіз көріністері белең алып бара жатқанын Елбасы байқап, сын тезіне алып отыр. Соңғы кездері кадрларды іріктейтін «А» және «Б» корпустарының ашылуы осыған меңзейді. Демек, осы реттегі заңдарға жұмыс істеткізіп, кадрларды іріктеуде, орналастыру мен өсіруде қателіктерге жол бермеу керектігі тарихи съездегі тарихи сөзде орынды талап етілді демекпін. Сондықтан, түптің түбінде нағыз патриот, елім десе жанын пида етуге дайын әрі кәсіби бесаспап кадр­ларды даярлау қажеттігін Елбасының міндет етіп қоюы бұқара халықтың да көңілінен шықпақ. Елбасы алға тартқан бес халықтық реформа – бес қадамның бірі соттар жөніндегі сөз болды. Сотқа түскен істің де ит-ырғылжың машақаты бітіп болмайтын кезеңге тап болға­нымызды басына іс түсіп, күн ту­ғандар біледі. Қарапайым адамдар соттың маңынан жүре алмайды, оларға сын айтудың өзі де қиын болып кетті. Баяғы бюрократтық, баяғы тоңмойындық, немесе одан арғысы. Осы арада сот реформасының өте-мөте қажет екендігін, жалпы сот жүйесінің деңгейін көтеру керектігін Нұрсұлтан Әбішұлы тамыршыдай тап басып айтқанына ел сүйсініп, ризашылығын білдіруде. Елбасы съезде бес тақырыпты баяндады. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталар болсақ, әлбетте, ол – байыптап талдауды, саралауды қажет ететін ұзақ әңгіме. Өз басым ел Президентінің осы заманғы мемлекет туралы салиқалы сараптан туған бес халықтық реформаны Елбасының бес анығы ретінде қабылдадым. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Әбішұлының осы съездегі сөзін ертеңгі сайлау алдындағы бағдарламасы деп білуіміз керек сияқты. Ол нақты солай. Халық осы сөздердегі нақты қадамдарды қалай қабылдайды, үкімет оны қалай орындайды, оларды шешудің жолдары қайда – міне, нақ осы жағдайлар біздің болашағымызды айқындайтыны да анық. Елбасы сөзі әділдікке, ақиқатқа, сенім мен риясыздыққа шақырып тұр. Мұның өзі демократиялық, азаматтық қоғамға тән үрдістер. Олай болса, нақ осындай тұғырлы тұлғаның кандидатурасы президенттікке ұсы­ны­луын әлем қазақтарының да қуана қолдауы – табиғи жай. Мұны Дүниежүзі қа­зақтары қауымдас­тығының ақса­қалдар алқасы осы сүйініш­ті іске ақ батасын беріп отырған­дығы да ай­ғақтай түскендей.

       Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

     Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

     Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/03/14/52901

толығырақ

       Еуропада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері:

–       Қазақстанның дамуын одан әрі жалғастыру үшін;

–       Қазақстан халқының өмірінің одан әрі жақсара түсуі үшін;

–       Қазақстанның әлемдегі жоғары атақ-абыройына әрі асқақтай беруі үшін;

–       Әлем қазақтарының атажұртта басын қосқан көші-қон үрдісінің әрі қарай жалғаса беруі үшін;

–       Бір сөзбен айтқанда Ұлт болашағы үшін;

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы кезектен тыс Президенттік сайлауда кандидатурасын ұсынуын сұрайды және қолдайды. Өйткені, Елбасы Назарбаевтан басқа бұл орынға лайықты да ыңғайлы адам жоқ деп санайды.

     Құрметпен, Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясының басшылығы атынан  Абдулқайым Кесижи

толығырақ

     Менің ойымша Қазақстан тағдырын ілгерлетуде, атап айтқанда экономика, мәдениет, ішкі және сыртқы саясат салаларында «НұрОтан» партиясының ұстап отырған жолы тек қана Қазақстан азаматы емес, сонымен қатар жырақта жүрген отаншыл қазақтарды да қанағаттандырады. Сонымен «НұрОтан» партиясының Президенттік сайлаудағы ой-пікірі әрбір қазақтың ой-пікіріне сай келеді деп ойлаймын. Сол үшін Қазақстан Елбасы және «НұрОтан» партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаеовтың осы сайлауға қатысуын қолдап, оның қайтадан Қазақстан Президенті болып сайлануын Алладан тілеймін.

       Муса Уәли,  Техрандағы қазақ радиосының қадағалаушысы және Иран орта мектебінің парсы тілі маманы.

толығырақ

    Өзбекстанда дүниеге келдім. Осында есейдім, білім алдым. Өзбек халқымен қоян-қолтық араласып,  тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Ұлтым қазақ болған соң Қазақстанның күнделікті өмірі мен жаңалықтарын «Отау» теледидары арқылы үзбей көріп тұрамын. Менің екі ұлым да Қазақстанда жоғары білім алып, сонда мамандығын атқарып келуде.

      Кеше теледидар арқылы «Нұр Отан» партиясының XVI съезі бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезектегі мерзімге Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсынғанын естіп, қуанышым қойныма сыймай, көзіме жас алдым. Мен қалайша қуанбайын. Бұл өте әділ шешім болған.  Бұл шешімді Өзбекстан халқы да және осында  жасап жатқан 1,5 миллионнан астам қазақ қандастарымыз да үлкен қуанышпен қолдап, қуаттайды деп ойлаймын. Осы орайда айтып өткен жөн, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың арнайы шақыруына орай  2013 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен елімізге келген-тін. Бұл сапар өзбек және қазақ халықтарының көп ғасырлық тарихи, мәдени және рухани жақындығын, елдеріміздің жоғары деңгейдегі өзара сенімі мен құрметін тағы бір дәлелдегінің айғағы еді. Екі ел өзбек пен қазақ халқын көп ғасырлық бауырластық арқаулары, тарих пен тағдыр, рухани және мәдени құндылықтар біріктіреді. Екі халық, екі ел  Президенттері  бірін-бірі уақыт тезінен өткен сенімді көрші, шынайы дос санайды. «Қазақ пен өзбек біргеміз, өйткені – мықты іргеміз» деген ұлағатты сөз екі  ел арасында әубастан қалыптасқан. Асылы – екі ел басшыларының «Мәңгілік достық» құжатына қол қойғандығын біз мақтан тұтамыз.

     Тағы бір сөз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына  ұсынған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын мен мұқият оқып шықтым. Мұндағы ұсыныстар, базбіреулердің айтқанындай, фантастика емес, керісінше реалистик сарында, істің әрбір көлемі нақты қаржымен шегеленіп жасалған шынайы құрылыс. Мен бұған кәміл сенемін. Құдай қаласа, осы жоспарды жүзеге асырсақ, қазақ елінің тұғыры биік, мерейі үстем болары анық. Осы істердің басы-қасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезекті мерзімге Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп, жоғарыда өзі түзген бағдарламаларын әрі қарай жалғастырса екен дейміз.  

         Бүгінде шет елдерде бұрқан-талқан дағдарыстар болып жатқан алмағайып заманда, егеменді еліміздің құрылысын «нөлдік циклдан» бастаған, ұзақты көздей білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай сенімді тұлғаның Ел басында отырғанын әбден қалаймыз.  Жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді ескере отырып:  «Қазаққа құдай берсін ауызбірлік, болмайды бірлік болмай ешбір тірлік», –  деген аталар сөзін еске алып, алдағы сайлауда халық бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс береді деген сенімдемін.     

         Марат АРЫНОВ, журналист, Өзбекстан

толығырақ

      Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы арқылы пікірімізді білдіреміз, Қазақ елінде сәуір айында болғалы жатқан Елбасының сайлауы қазақстандықтар ғана үшін емес, дүниенің әр тарапына шашыраған қазақтар үшін үлкен елеулі оқиға. Өйткені ол қазақ елінің тағдырына, айталық тәуелсіздігіне, ел болып еңсесін көтеріп дамуына, басқамен терезесі тең болуына байланысты мәселе шешілгелі жатыр. Осы талапқа сай келетін басшы ғана жоғарыда айтылған мақсатқа жеткізе алады деп сенеміз, шетте жүрген қазақтар оның ішінде Моңғолия қазақтары осылайша көреміз. Осы талапқа сай келетін бірде бір үміткер қазіргі Елбасымыз деп сезінеміз, сондықтан кеше басталған «НұрОтан» партиясының құрылтайынан Н.Назарбаевтың атын қайтадан ұсынып жатқанын моңғолиялық қазақтар толық қолдап отырғанымызды білдіреміз. Қазақ елінің алдында тұрған келелі көп мәселелер, сонымен қатар шетте жүрген қазқтардың да көкейтесті сұрақтарын, мәселен Тарихи отанына оралу мәселелерін Нұрекең басшылық етіп келген осы жылдары өте оңтайлы шешіп келген, әрі қарайда дұрыс жолын табады деген сеніміміз зор. Сондықтан көші-қон Заңын тез қабылдап іске сырса деген үміттеміз. Биылғы жылдың ең ірі оқиғасының бірі болған қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақтың ірі тайпалары болған Керей мен Наймандардың көне тарихын, салт-санасын, дәстүрін тағы зерттеуді ұсынып отырмыз, бұл іс оңтайлы шешілсе мұнда тарихи жәдігерлер мен деректер бар екенін ғалымдар ұсынып отырғанын айта кетейін.

      Хабсатар Омар, Моңғолиядағы  қазақ мәдени орталығының төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мүшесі 

толығырақ

     Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы ағайындарына жиі-жиі барып тұратын Қырғызстан казақтарының қауымдастығының төралқа мүшесі Ерғали Абдикаимов (қазір қауымдастықтың төрағасының міндетін атқарушы) осыдан екі-үш жыл бұрын ауылына барып келгенде ерекше толғаныспен: «Жол бойында мен бір жақсы нәрсені көрдім. Үлкен транспарантқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ешнәрсе жоқ!» деп жазып қойыпты. Керемет емес пе!», - деп қазақтар бас қосқан жерде қайта-қайта айтып жүрді. Президент Н.Назарбаев өзінің жолдауында «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын ұсыныстағанда да, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу туралы жариялағанда да  «Міне, менің айтқаным келді» деп қатты қуанғандардың бірі осы Ерекең болды. Бірер күн бұрын «Нұр-Отан» партиясының кезексіз съезі өткеріліп, онда келесі президенттік қызметке сайлануға Нұрсұлтан Назарбаевтың кандитатурасы қойылғанда, ол маған телефон шалып: «Ұқтың ба, президентікке Нұрекенің талапкерлігін көрсетіп, «Нұр-Отан» партиясы әбден дұрыс жасады», - деп қуанышын бөлісті.

         Әңгіменің орайы келгенде айтып қойғанымыз абзал,  Қырғызстан халық Ассамблеясының тұтымындағы Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы өткізген «8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күні» мерекесіне байланысты үлкен іс-шарада тарихи отанымыз – Қазақстанда президент сайлауы белгіленгені сөз болып, Қырғызстан қазақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға түскенін тілеген еді.

         Бұл тілегіміз орындалды.  Енді Қазақстан халқы дұрыс шешім жасап, ұлтымыздың кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты кезектегі президенттік қызметке сайлап алады деген сенімдеміз.

       Назарбек БАЙЖІГІТОВ, Қырғызстан қазақтары қауымдастығы атынан ұйымның төралқа мүшесі, Қырғыз Республикасының Үкіметінің «Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы

толығырақ

    Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы және шетелдегі отандастар» жобасы Қауымдастықтың төралқа Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан қолдау тапты. Елбасының құзырлы орындарға жобаны жүзеге асыру тетіктерін қарастыруға тапсырма бергені мәлім болып отыр. Біз осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төралқасының Төрағасы  Н. Назарбаевқа жолданған хаттың толық мәтінін ұсынып отырмыз.

                                        Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

         Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы шетелдегі 5 миллионнан астам қазақ диаспорасымен мәдени-рухани, оқу-білім, көші-қон саласында тығыз байланыс орнатып, олардың атажұртқа қоныс аударуына қажетті жағдайларды толық жасап отыр. Бұл үшін атамекенге келген оралмандар да, шетелде тұрып жатқан қандастарымыз да Елбасы ретінде Сізге шын көңілден шексіз риза. Олардың ендігі үміт-арманы – бұл байланыстың одан әрі нығайып, дами беруі. Бұл байланысты жүзеге асыру бірінші кезекте Сіз төрағалық ететін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына жүктелген.

         Қауымдастық алдағы уақытта өз жұмысын қазіргіден де жандандыра түсуді жоспарлап отыр. Бұл ретте «Қазақстан – 2050» Стратегиясына айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені, шетелдердегі қазақ диаспорасы үшін бұл тарихи құжаттың маңызы ерекше зор. Олар Стратегияны жүзеге асыруға Қазақстанға көшіп келіп те, диаспора ретінде шетелдерде отырып та ылайықты үлес қоса алады. Осыған орай, біз қазір алыстағы ағайындар арасында «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызы мен негізгі міндеттерін насихаттауды жүйелі түрде қолға алдық. Алдағы уақытта бұл саладағы жұмыстарымызды жаңа деңгейге көтеруді ойластырып отырмыз.

         Осыған орай, Қауымдастықтың атынан «Қазақстан – 2050» Стратегиясы және шетелдегі отандастар» атты тақырыппен арнайы тұжырымдамалық жоба дайындадық. Тұжырымдамада еліміздің дамуына шетелдегі этникалық қазақтарды қатыстырудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, оларды жүзеге асырудың жолдары нақты көрсетілген. ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың биылғы жылғы Тараз қаласында шетелдегі қазақ диаспорасы және оралмандар өкілдерімен өткізген дөңгелек үстел мәжілісіне қатысып, бұл жөніндегі өз ұсыныстарымызды бердік. Қазір осы жобаны жүзеге асыруды қолға алудамыз. Алдағы уақытта бұл жобаны жүзеге асыруға тиісті орындардың көмегі өте қажет.

         Аса қадірлі Нұреке! Бұл жоба шетелдегі ағайындардың Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қосатын үлесін қазіргіден де кеңейтуге үлкен ықпал етер еді.  Соған орай, Сізден Қауымдастық дайындаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы және шетелдегі отандастар» жобасының жүзеге асуына қолдау көрсетуіңізді өтінеміз.

          Төралқа Төрағасының

          бірінші орынбасары                                                       Т. Мамашев 

                                                            18.08.2014 жыл

толығырақ

     Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі

        – Елші мырза, үстіміздегі жылдың ма­мыр айында Азиядағы ықпалдас­­тық және өзара сенім шаралары Кеңесі­не мүше елдер басшыларының IV сам­миті өтті. Бұл Кеңесті құру идеясы Қа­зақ­стан тарапынан 1992 жылы айтыл­ғаны белгілі. Азия кеңесі бастапқы кезеңімен салыстырғанда, қанша­лық­ты өзгерді?

    – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Қырғи-қабақ соғыс» жылда­рын­дағы жағдайды реттеу үшін Еуропа­дағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәсе­лелері бойынша ұйым құрылды (ал­ғаш­қы кезде Кеңес болып құрылған). Сол кез­де Азия құрлығында міндеттері және географиялық өлшемі жағынан ЕҚЫҰ-ға балама боларлықтай ұйым болмады. Қазақстан бастамасының түп-негізі де осы болды. 1992 жылы 5 қа­зан­да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының 47 сессиясында Азия құрлығында ық­пал­дастықтың әртүрлі салалары бо­йынша түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін мемлекетаралық үн­қатысу алаңын құру туралы ұсыныспен шықты. Сенім мен өзара түсіністіктің іргесін қалыптастыру қажеттігі Азия­дағы өзара ықпалдастық және сенiм шара­лары жөнiндегi Кеңесті құрудың өзек­тілігін тағы да дәлелдеп берді. АӨСШК құрылған кезден бастап, қазақ жағы ауқымды жұмыстарды атқарды, сал­мақ­ты нәтижелерге қол жеткізді. Кеңес қа­бырғасында талқыланған, да­йындалған құжаттар АӨСШК-тің саяси-құқықтық базасын қалыптастырды.

     2006 жылдан Алматыда АӨСШК хатшылығы жұмыс істей бастады, оның жұмыс тобы және сарапшылар кезде­-суі тұрақты түрде кездесуді дәстүрге айналдырды. Гуманитарлық, эконо­ми­калық, экологиялық, жаңа қауіптерге қарсы күрес және соғыс-саяси мәсе­ле­лер бойынша бес бағыттағы нақты жұ­мыс жүзеге асырылды. Кеңес осылайша, 26 қатысушы-мем­лекеттің басын қосқан, көпвекторлы дипломатияның тиімді форумына ай­налды. Бұл планетаның тұрғындары­ның тең жартысы – 3,5 млрд тұрғыны бар Азия құрлығының 90 пайызы, әлем­дік ІЖӨ-нің үштен бір бөлігі Кеңеске мүше мемлекеттердің үлесінде деген сөз. 1990 жылдардың басында бұл көр­сеткіш 6 пайыздан аспаған.

       – АӨСШК-тің алғашқы екі саммиті 2002 және 2006 жылдары Қазақстан­да өтті. Форум жұмысының алғашқы жыл­дарында шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар ғана емес, Қазақстан тарапынан да ұстамдылық байқалды дейді. 

     – Бізге Кеңестің жұмысына, шын мәнінде халықаралық сипат беру, оның Қазақстан үшін ғана емес, басқа қаты­сушы мемлекеттердің де мүддесін қор­ғайтын ұйымға айналатынына басқа­лардың көзін жеткізу маңызды еді. 2009 жылы Қазақстан Республи­ка­сы Сыртқы істер министрінің орын­басары ретінде АӨСШК төрағалығын Түркияға өткізу және оның кезекті сам­митін 2010 жылы Ыстамбұлда өткізу туралы келіссөздерге қатыстым. Сам­мит­тің Босфор жағалауында өтуі, оның мәртебесін түбегейлі өзгертті, Форумға шын мәнінде, халықаралық аренаға шы­ғуға жол ашты. 2012 жылы келесі кез­десуді Қытай Халық Республикасында өткізу және төрағалықты Қытайға тап­сыру туралы қытайлық әріптестермен келіссөздерге қол жетті. Кеңестің төр­тінші саммиті 2014 жылдың 20-21 ма­мыры күні Шанхай қаласында өтті. Осы шара АӨСШК-тің тәжірибелік маңыз­дылығын анағұрлым арттырды. Біз мұны қазақстандық дипломатияның маңызды жетістігі деп санаймыз.

      АӨСШК – шын мәнінде, халықара­лық мәртебеге ие болды, Азиядағы даму және қауіпсіздік жөніндегі халықара­лық ұйымға айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңесті құру туралы идеясының түп қазығы да осы. Сіз бен біз мемлекет басшысының осыдан 20 жыл бұрын айтылған идеясының Азия құрлығында іске асқанына куә болдық.

      – Үстіміздегі жылдың мамыр айын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қы­тай Халық Республикасына мемле­кеттік сапармен барып қайтты. Сіз Қа­зақстан – Қытай қатынастарын қалай бағалайсыз?

     – Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт­тар­дың бірі. Геосаяси және экономикалық мүдделер тұрғысында Қытайдың да біздің елімізбен өзара тиімді ынтымақ­тастықты дамытуға қызығушылығы бар. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан – Қытай дипломатиялық байланыстарына 22 жыл болды. Бұл та­рихи өлшеммен салыстырғанда, қысқа мерзім. Бірақ оған қарамастан, біздің елдеріміз сындарлы тату көршілік және өзара түсіністіктің тамаша үлгісін қа­лыптастырды. Жалпы, Қазақстан мен Қытай ара­сындағы екіжақты байланысты үш кезеңге бөлуге болады. 1993 – 2003 жылдар арасында (ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь тұсында) Қазақстанға қауіп­сіздік мәселелері бойынша кепілдік бе­рілді, шекара мәселесі түпкілікті рет­тел­ді, екіжақты байланыстарды дамытудың нормативтік-құқықтық негізі қаланды. 1994–2002 жылдар арасында делими­тация мәселелері бойынша кешенді келіссөздер өтті, шекара белдеуі анық­талды. Шекара мәселесінің реттелуі нәтижесінде өзара сенімнің негізі қа­ланды, шекарадағы тұрақтылық кең спектрдегі екіжақты байланыстарды жеделдетті. Бұл үрдіс 2003 – 2012 ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның тұсында да жалғасты. 

    Экономикалық және инвестиция­лық ірі жобалар – «Атасу–Алашань­коу» (Қазақстан – Қытай), «Орталық Азия – Қытай» мұнай-газ құбыры, Атырау қаласындағы газ-химиялық ке­шен, Мойнақ ГЭС, «Хоргос» шекаралық бекеті, «Батыс Еуропа және Батыс Қы­тай» автомагистралі секілді жобалар бас­­талды. Оның біразы жүзеге асы­рылды. Алдағы уақытта «Қазақстан – Қы­тай» мұнай-газ құбыры жыл сайын 20 млн тонна қазақ мұнайын экспорттауға мүмкіндік береді. 2000 жылдары бұл көрсеткіш 1 млн тоннадан аспайтын. Экономикасын әртараптандыруға ба­ғыттаған Қазақстан үшін мұнай-газ тасымалын мол мөлшерде қытай нары­ғына жеткізу маңызды.

   Екіжақты байланыстардың барлық саласын қамтитын құрамына 10 кәсіби комитетті біріктірген Қазақстан – Қы­тай ынтымақтастық комитеті құ­рылды. Экономиканың шикізаттық емес сек­торын дамытуды көздейтін, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі сауда-экономика­-лық ынтымақтастықты орта және ұзақ мерзімді дамудың үкіметаралық бағ­дарламалар қабылданды. Еларалық байланыстары үшін қабылданған бас құжаттар тауар айналымы құрылымын кеңейтуге, екіжақты сауда байла­ныс­тарында жоғары технологияның үлес салмағын арттыруға, сол арқылы тауар айналымын әртараптандыруға бағыт­тал­ған. Екі ел арасындағы тауар айна­лымының бірнеше есе артуы да осы мер­зімнің үлесіне тура келеді. 1992 жыл­дары ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 104 млн АҚШ доллары болса, 2012 жылы тауар айналымын 25,6 млрд АҚШ долларына жеткізген Қытай біздің елдің ең ірі сыртқы сауда әріптесіне айналды. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 28,5 млрд АҚШ долларына жетті (ҚХР дерегі бойынша). Осылайша, 1992 – 2013 жыл­дар арасында екі ел арасындағы тауар айналымы 300 есе өсті. Екі ел басшылары бұл көрсеткішпен шектеліп қалмай­ты­нын, тауар айналымын 40 млрд АҚШ дол­ла­рына жеткізу туралы міндет қой­ғанын айтты.

    Екі ел арасындағы достық қаты­нас­тарда жоғарғы деңгейдегі басшылары­ның дәстүрлі тұрақты байланыстардың да әсері барын айту керек. 1992 – 2012 жылдар арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағалары Цзян Цзэминьмен, Ху Цзиньтаомен әртүрлі форматта 33 рет кездесіпті. 2012-2013 жылдар арасында Қытай басшылығына жаңа толқын – Си Цзиньпиннің келуіне байланысты, екіжақты қатынастардың жаңа кезе­ңінде ҚХР-дың жаңа басшылығымен байланысты орнату және дамыту ма­ңызды міндеті қойылды.

    ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылдың сәуір айындағы, 2014 жыл­дың мамыр айындағы ҚХР-ға мемле­кеттік сапарлары, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылдың қыркүйек айында біздің елімізге жасаған мем­лекеттік сапары тарихи маңызға ие болды. Жалпы алғанда, екі жыл ішінде ел басшылары әртүрлі форматта 8 рет кездесіп, екі ел арасындағы сыртқы байланыстардағы дәстүрлі сабақтас­тықтың стратегиялық диалог негізінде дамитынын тағы да дәлелдеді, дипло­ма­тиялық байланыс орнаған 22 жыл­дағы еларалық байланыстардың даму үр­ді-сін сөз етті, саяси, сауда-экономика­лық және мәдени-гуманитарлық ықпалдас­тықты жаңа деңгейге көтерудің меха­низмдерін талқылады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарлары барысында шамамен 40 млрд АҚШ долл жалпы сомасындағы келісімдерге қол қойылды.

      Ведомствоаралық деңгейдегі байла­ныстар да қарқынды дамып келеді. 2013 жылы Қытайға түрлі министрлік және ұлттық компаниялардан 120 делегация келді. Соңғы үш айда Премьер-министр­дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исе­кешев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Бас­қарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және министрліктер мен ведомстволар өкіл­дері келіп кетті. Үстіміздегі жылдың жел­­­тоқсан айында Қазақстанға ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэ­цянның ресми сапары және екі ел үкі­мет басшыларының тұрақты кездесулер механизм шеңберінде екінші кездесу өтеді.

    – Елші мырза, Қытай Қазақстан­дағы шетелдік инвесторлардың ішін­де нешінші орында? 

   – Бүгін Қытай–Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторларының бірі, ресми статистикаға сәйкес, Нидерланды және Ұлыбританиядан кейін үшінші орында. 2014 жылдың бас кезіндегі мә­ліметтер бойынша, Қы­тайдың Қазақ­станға инвестициясының жалпы кө­-лемі 20 млрд АҚШ доллларынан асты. Оның 5,7 млрд АҚШ доллары – тікелей инвестициялар. Голландия және Ұлыбританияда үшінші мемлекеттердің, соның ішінде Қытайдың капиталы қатысуымен оффшорлық компаниялардың үлкен саны бар екенін ескере отырып, айтыл­ған бағалары шындыққа жақын деп ойлаймын.

       – «Еліміздің мұнай-газ секторында Қытай үлесі жыл сайын артып келеді. Ал ҚХР-дағы қазақ инвестициялары сол деңгейде емес» деген пікірлер жиі айтылады. Сіз мұны немен түсіндіресіз? 

     – Соңғы жылдары қытай инвести­циясы тек мұнай-газ секторында ғана емес, кәсіпорындарды қайта жаңғырту, ауыл шаруашылығы, өндіріс және ин­фрақұрылымды да қамти бастады. «Қа­зақстан – Қытай» мұнай-газ құбыры транзиттік және экспорттық әлеуеті­мізді арттыруға жол ашты. Қазіргі кезде хош иісті көмірсутектерді өндіретін газ-химиялық кешен, Атырау МӨЗ-да мұ­найды терең қайта өңдеу кешен құры­лыстары, сондай-ақ Шымкент МӨЗ қайта жаңғырту жобалары іске асыруда. Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауыты (Павлодар қаласы), Мойнақтағы ГЭС (Алматы облысы), жол битумын шығаратын зауытының құрылысы жүзеге асты. Көмірді кешенді қайта өңдеу, ка­лий, тыңайтқыштарды, пестицидтерді, глифосатты өндіру, мұнай-газ құбыр­ларын және жабдықтарын шығару, ЖЭС құрылысы және басқа жалпы құны 15,4 млрд АҚШ долларына баға­ланған 12 жаңа жобалары іске асыру басталуда. 

     Қазақстанның Қытайдағы инвес­тицияларын айтсақ, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2014 жылдың ба­сында олардың жалпы көлемі 2,7 млрд АҚШ долларына жетті, соның ішінде 150 млн АҚШ доллары – тікелей, 8,6 млн АҚШ доллары портфельді инвести­циялары. Қытай экономикасы (2013 ж. 9,31 трлн АҚШ долл) Қазақстанның экономикасынан 50 есе үлкенін ескере отырып, қазақстандық инвестициялар мұндай көлемі қомақты деп бағалауға болады. Біз инвестициялау үшін тиімді жобаларды іздеуді тоқтатқан емеспіз. Қытай нарығындағы қазақстандық инвестицияның басым көпшілігі жеке сектордағы қазақ инвесторларының үлесінде екенін айта кеткім келеді. Ұлттық компаниялардың инвести­цияларын айта кетсек, қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК қатысумен Ляньюньган пор­тында (Қытайдың Цзянсу провинциясы) құны 100 млн АҚШ долларына баға­лан­ған терминалы тиімді және маңызды жоба іске асып жатыр. 2014 жылдың 19 мамырында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға са­пары кезінде екі ел басшыларының қа­­тысуымен қазақ терминалының ашы­лу салтанаты өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру қазақ тауарын Оңтүстік Шығыс Азияға, керісінше, Оңтүстік Шығыс Азия елдері тауарын біздің елге, Еуро­паға тасымалдауға мүмкіндік береді.

      – Соңғы кездері қазақстандық БАҚ беттерінде ҚХР-дан біздің елге жұмыс күшін тарту жайлы пікірлер жиі айты­ла бастады. Нақты жағдай жайлы не айтасыз? 

    – «Стратегия – 2050» Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына қосуды міндеттейді. Инновациялық жаңғыру, елдің осы бағыттағы дамуы жоғары кә­сіп иелерін қажет етеді. Елге шетелдік жұмыс күштерін тарту еңбек мигра­ция­сына қатысты ҚР Үкіметі жыл сайын бе­кіткен квотаға сәйкес және қолда­ныста жүрген заң шеңберінде жүзеге асады. 2013 жылы жергілікті атқару орындарының рұқсаты бойынша жұ­мыс істеп жатқан қытай жұмыс күшінің саны 6333-ке жетті, бұл –осы жылғы бекітілген еңбек квотасының 3 пайызы. Қытай жұмыс күшінің негізгі бөлігі құ­рылыс, кен өндіруші және өңдеу өнер­кәсіп салаларына тартылды. Салыстыра кету үшін айтсақ, біздің елде қытай­лықтардан өзге жұмыс істеп жатқан шетелдік жұмыс күшінің саны жүз мыңдап саналады. Өткен жылмен са­лыстырғанда, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы халық санына 0,7 пайызға азайды. Қазақстанда заңды түрде жұ­мыс істеп жатқан қытайлықтардың санын емес, миграция саласындағы нор­мативтік-құқықтық актілерді сақтауды бақылау жүйесінің әлсіздігінен қауіп­тенуге қажет екенін айтқым келеді.

    – 2010 жылы Шанхайда келуші­лердің саны дүниежүзілік рекордты жаңғыртқан ЭКСПО көрмесі өтті. Сіз елші болып жүрген ел мұндай жеңіске қалай қол жеткізді? Мүмкін, бізге қы­тай тәжірибесін қолдану қажет шығар деген тілек бар...

     – Бүкіләлемдік «ЭКСПО – 2010» көр­месі Қытайда 2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан арасында өтті. Оған 190 мемлекет, 50 ұйым және 73 млн адам, оның ішінде 64 млн Қытай азаматтары қатысты. Келушілердің саны жағынан Қытай 1970 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен «ЭКСПО – 1970»-тен асып кетті. Жапонияда өткен көрмені 64 млн адам тамашалаған болатын. «ЭКСПО-2010» көрмесіне күн сайын келген келушілер саны 400 мыңнан, ал кей күндері 1 млн адамнан асты. Са­рап­шылардың пікірінше, Қытай жетістігі келушілердің саны, халықтың басым көп­шілігін келуге ынталандырған әкім­шілік ресурс немесе «ЭКСПО – 2010»-нан түскен табыс қана емес, шараның жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуы, жарнамалық-имидждік бағыттағы жұ­мыстардың халықаралық деңгейде жүр­гізілуі еді. Мысалы, «ЭКСПО – 2010»-ның өкілдері және құрметті елшілері ретінде атақты өнер және спорт қай­раткерлері, соның ішінде Джеки Чан, Яо Мин, британ әншісі Сара Брайтман, екі мәрте олимпиада чемпионы Елена Исинбаева шақырылды. Көрме басталардан 1 жыл бұрын би­леттер тек Қытайда ғана емес, әлемнің 18 елінде және интернет арқылы са­тылды. 2009 жылдың желтоқсан айын-да 11 млн билет сатылып үлгірді. «ЭКСПО – 2010» көрмесіне келуші­лердің 88 пайызы (64 млн адам) ҚХР азаматтары, соның ішінде Шанхай қаласының және басқа мекендердің тұр­ғындары (Қытай халқы 1,36 млрд адам). Көрмеге келген шетелдіктер саны 8,5 млн адамнан асқан жоқ. Себебі жыл сайын Шанхайға келіп-кететін туристер саны 7 млн адамнан аспайды. Осыған қарағанда, «ЭКСПО – 2010» Қытайға келетін туристердің санының күрт өсуіне себеп бола алған жоқ, негізгі күш ішкі туризмнің мүмкіндігіне жұ­мыл­дырылды деген ойға келесің. Шанхай көрмесіне қарағанда, Ас­танада өтетін «ЭКСПО–2017»-нің мерзімі жарты жыл емес, үш ай. Біз жоғарғы көрсеткішке жету үшін шетелдік туристердің әлеуетіне ғана емес, ішкі туризмге, тәжірибелі шетел­дік әріптестеріміздің тәжірибесіне, ұлттық туристік инфрақұрылымның мүмкіндігіне, сондай-ақ «халықаралық туризмнің тартылыс нүктесі» – ЕО елдері, АҚШ, Жапония және Қытай­-мен байланысты кеңітуге көбірек көңіл бөлуіміз керек.

     – Елші мырза, шетелге сапарлай­-тын Қытай туристерінің нақты саны туралы деректер бар ма сізде? Қытай опе­раторлары өздерінің клиенттеріне біздің елді қандай ел деп танысты­ра­ды?

     – 2013 жылы 96 млн қытайлық турист шетелге сапарлап, сапар бары­сын­да 120 млрд АҚШ долларын жұм­сады. Қытайлар АҚШ, Франция, Швей­цария, Ұлыбритания, Италия және Гер­манияға жиі барады. 2012 жылы әлемдік «туризм шығынының» 24 пайызы ҚХР туристерінің үлесінде бо­лып шықты. Қазір әлемде 80-нен астам ел қытай туристері үшін бір-бірімен «бәсекеге» түсіп жатыр. Оның ішінде Таиланд, Индонезия, Иордания және басқа 18 ел ҚХР туристері үшін визалық жеңілдетілген тәртіп енгізілді. 2013 жылы біздің елге 20,5 мың қытайлық турист келіп кетті. Туроператорларының пайымдауынша, біздің ел туризмнің барлық саласы бойынша әлеуетін толық қолдана алған жоқ. Экотуризм, аль­пи­низм, жағажай, білім-ағарту, ғылыми, сауықтыру, тау-шаңғысы, діни-ағарту­шылық бағыттары бойынша біздің ел басымдықтарға ие. Соңғы жылдары ҚХР компаниялары Азия елдерінің, «Жібек жолы» бойындағы елдердің ұлттық дәстүрлеріне, тарихына шындап көңіл бөле бастады.

     – Қытайдың демографиялық өсімі біз тәрізді жері ұлан-байтақ, халқы аз елдерге қауіп төндірмей ме?

    – Қытайдың демографиялық сая­саты ҚХР билігінің бақылауында тұр. Және ол елдің демографиялық өсімді жасанды түрде реттеп келген саясаты да бәрімізге белгілі.

    2013 жылы ҚХР Бала туушылық ту­ралы заңға халықтың «қартаюы» мәсе­лесін шешуге бағытталған өзге­рістер енгізілді. Соңғы мәліметтер бо­йынша, 1,36 млрд тұрғыны бар халық­тың 15 жасқа дейінгі жастарының үлес салмағы бар болғаны 15 пайызға ғана жеткен. Ал 60 жастан асып кеткендер 20 пайыздан асып кеткен. Мұндай үй­лесімсіздік үл­кен әлеуметтік мәселе­лерді тудыруы мүмкін. Өткен жылғы қа­былданған де­мографиялық түзету­лер елдің барлық тұрғындарына ар­нал­маған. Демогра­фиялық шектеулердің бәрін алып тастамайды. Тек жас аза­мат­тардың санын еселеп өсіруге бағыт­тал­ған. Қазақстандағы құзырлы мекеме­лердің деректері бойынша, тек соңғы 18 жылда 71 мың қытай елінің аза­мат­тары біздің елдің азаматтығын қа­был­дапты. Оның басым көпшілігі – Қытай­дан көшіп келген этникалық қазақтар. Бар болғаны 80 ханьзу азаматы ғана біздің елдің азаматтығын қабылдаған. 2014 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бо­йынша, біздің елде 18,7 мың Қытай азаматтары тұрады. Оның 18,1 мыңы – этникалық қазақтар (оралмандар), 374 – ханьзу, 149 – ұйғыр, 77 адам басқа ұлттың өкілдері. Сонымен бірге біздің елде 100 мыңнан 500 000-ға дейін басқа елдің азаматтары тіркелген. Оның 12-18 мыңы тұрақты түрде тіркелген. Демек, Қытайдың «демографиялық қаупі» деген пікір тым асырылған. Әри­не, миграция мәселелері өте маңызды, сон­дықтан оларға тұрақты түрде сарап­тама, мони­торинг қажет. Қытай мемлекеті шетелдік азамат­тар, оның ішінде қазақстандықтар үшін барынша жеңілдетілген визалық жүйені реттеуді қолға алды. Қазақстандықтар Шыңжанның аумағында «Қорғас», «Достық-Алашанькоу», «Майқапшағай-Зимунай» бекеттерінде өткенде 1 тәулік, «Бақты-Тачэн» (Чугучак) бекетінде өт­кенде 3 тәулік бойы қытай визасыз аял­дай алады. Сондай-ақ Бейжің арқылы үшінші елдерге транзитпен бара жатқан ҚР азаматтары Бейжіңде 24 сағат визасыз аялдауға мүмкіндіктері бар.

     – Екі ел арасында трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалану, оларды әділ бөлісу туралы мәселе көптен тал­қыланып келеді. Қазір осы келіссөздер қай деңгейде талқыланып жатыр, нәтиже бар ма?

    – 24 трансшекаралық өзендерді (ТШӨ) бірігіп пайдалану екі жақты қатынастардың ең маңызды және күр­делі мәселесі Трансшекаралық өзен­дерді пайдалану және қорғау жөніндегі біріккен комиссия, сондай-ақ сарап­шылардың жұмыс тобы тұрақты түрде жұмыс істейді. Трансшекаралық сипаты бар өзен­дер бойында орналасқан 14 елдің ішін­-де Қазақстан ғана бұл мәселені келіс­сөздер барысында алға жылжыта алды. Нәтижесінде, бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды, соның ішінде трансшекара­лық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы (2001 ж.), ТШӨ-де ғылыми-зерттеу ын­тымақтастықты дамыту туралы (2006 ж.), трансшекаралық өзен суларының сапасын қорғау туралы (2011 ж.) және басқа келісімдер. 2013 жылдың шілде айында Хоргос өзенінде «Достық» бі­ріккен су торабын ресми түрде пайдала­нуға беруді табысты ынтымақтастың көрнекті үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі кезде 2011 – 2014 жж. ТШӨ-де су бөлу жөніндегі техникалық жұ­мыстар Жоспарын жүзеге асыру аяқ­талып келеді. Тараптар осы жұмыс аяқталған соң, ең маңызды құжат ТШӨ-де су бөлу туралы келісімді дайындауға кі­ріседі. Соңғы жылдары ҚХР басшылығы ТШӨ пайдалануда Қазақстанның мүд­десіне қарсы келетін іс-әрекетке бар­майтынын бір емес, бірнеше рет ресми түрде мәлімдеді. Бұл жағдай осы ба­ғыт­тағы келіссөздердiң нәтижелі болатын­ды­ғына сенім ұялатады. 

    ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың мамырда ҚХР-на мемле­кеттік сапары шеңберінде ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларациясына қол қойыл­ды. Онда тараптар аталған су бөлу тура­лы үкіметаралық келісімнің жобасын қарауды және келісуді 2015 жылы бас­тайтыны айтылған.

        – Әңгімеңізге рақмет!

          Сұхбаттасқан Гүлбаршын САБАЕВА, "Айқын" газеті 

толығырақ

     BusinessNews.kz сайты бүгіннен бастап, «2030 — 50 қазақстандық кәсіпкермен сұхбат» жобасын бастайды. Бұл жобада елімізге танымал 20 ірі кәсіпкер және көпшілікке әлі таныла қоймаған 30 жас кәсіпкермен сұхбат құрамыз. Алғашқы қонағымызды қабыл алыңыздар.

      Бауыржан Сүлейменов – екі ай бұрын 2014 жылдың соңына дейін 100 000 доллар табамын деп мақсат қойып, оны ВКонтакте әлеуметтік желісінде парақша ашып, жария түрде жүргізіп жатыр. Парақшада күнделікті істеген істеріне есеп беруде. Бұл процесс қызықтырған соң, біз де Бауыржанмен кездесіп, сұхбаттасқан болатынбыз. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.


       – Мен өзім Семей өңірінде туғанмын. Жезкент елді мекенінде мектепті бітіргенге дейін тұрдым. 11 сыныпты бітірген соң, Алматыдағы ҚБТУ-ға бағдарламашы мамандығына түстім. Ауылдан Алматыға кеткеніме де биыл міне, он жыл толды.
        Мектепте мен коммерциямен айналысқан емеспін. Бірақ жетінші, сегізінші сыныптарда бизнес-жоспар жасағаным есімде. Ол – нан зауытына байланысты болатын. Оның мазмұны қанша нан сатқанда өзін-өзі ақтауға болатыны, қанша нан өткізгенде пайда табатыны туралы есеп жүргізетінмін. Бірақ ондай жоспарды іске асыруға менің ақшам болған жоқ. Ата-аналарым да қарапайым инженер, химик болатын. Мен коммерсанттыққа қарағанда мектеп кезінде дипломат болғанды қалайтын едім. Бірақ мектепті бітіретін соңғы жылдары неге екенін білмеймін, бағытымнан ауытқып, бағдарламашы болғым келді. Бір қызығы – бағдарламашы мамандығына оқуға түскенде не жасау керек екенін білмейтінмін (күледі). Менде ол кезде компьютер де болмайтын.
        – Ауылда жүргенде компьютер қолданып па едіңіз?
       – Менің досымда интернет желісіне қосылған қомпьютер болды. Бірақ біз онымен не істейтінімізді де білмейтін едік. Солай бола тұра екінші курста мен бағдарламашы болып жұмыс істей бастадым. Кейін бұл мені жалықтыра бастағанда ІТ-менеджерлікке қарай бет бұрдым.           

           – Ал кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?
       – Алматы сияқты үлкен қалада жүрген соң, жан-жағыңдағы жақсы үйлер мен әдемі көліктерді көрген соң, өзің де соған икемделе бастайсың. 2012 жылға дейін жалақыға жұмыс істедім. Жалақыға жұмыс істеу адамды бейқамдыққа тәрбиелейді. Өйткені сенің келесі айда қанша табыс табатының белгілі. Сондықтан бөтен ойсыз жүре бердім. Ал кәсіпкерлік жолымның басталуы 2012 жыл еді. Маған Роман деген жігіт мобильді электроникалық интернет дүкен ашайық деген ұсыныс тастады. Ол идея маған ұнағандықтан келісім бердім. Бұл менің бизнес жолындағы алғашқы тәжірибем еді. Кейін әрқайсымыз бірнеше жобаны қатар алып жүргендіктен ол бизнесті әлсіретіп алып, оны жабу туралы шешімге келдік.
       – Сіз бұл бизнестен не ұттыңыз, не ұтылдыңыз?
      – Бұл кәсіпке мен техникалық жағынан жауап бердім. Ал менің серіктесім қаражат салды. Сондықтан мен көбіне тәжірибе жинақтадым деп айта аламын. Ұтылғаннан ұтқаным көбірек деп есептеймін. Өйткені мен уақыттан ұтылсам да, ұтылған уақытым тәжірибие жинақтауға кетті. Сондықтан бәрі жақсы.
       Бұл кәсібіміз жүрмеген соң, мен басқа да салаларды қарастыра бастадым. Бірнеше салада бизнесім болып, қанша қимылдасам да нәтиже шықпай қойды. Осы кезде өз ішіме үңілдім. Өткен өміріме қарасам, 2008 жылдан бері мен сайт жасаумен айналысып жүрмін. Нәтижесі де жаман емес.
        Қазір интернет-маркетинг саласында негізгі шұғылданатын ісім бар. Ол – “FIRCOM” және“Желтый слон”. Аталған екі жобаны да мен серіктестеріммен жүргіземін. Сонымен қатар офиске түскі ас жеткізіп беретін бизнесте үлесім бар. Бұған қоса тағы бір серіктеспен бірігіп жаңа жоба жасайын деп жатырмын. Мен әрқашан жаңа ой мен қызықты жобалар іздеп жүремін.        

         – Жарты жылда 100 000 доллар табуға талпынып жатырсыз. Бұған не себеп болды?
         – Алдыма 100 000 USD табуға мақсат қойдым. Себебі өмірім қызықсыз, бірсарынды өтіп жатқан соң, өзгеріс енгізгім келді. Осы кезде өз мүмкіндігімнен асып түсетін бір нәрсе жасауға бел будым. Сонымен қатар жәй ғана табысымды көбейткім келді.

      


         – Ол үшін ВКонтакте желісінде парақша (паблик) ашқаныңызды білеміз. Ал ол паблик сізге қалай және қаншалықты көмектеседі?

       – Пабликтің көмегі – көбіне маған мотивация береді. Бұл жер күнделікті есеп беруге жақсы. Мысалы, адам күнделікті блокнотқа жоспарын жазуы мүмкін. Бірақ жазылған жоспар орындалмаса, өз-өзіңе іштей бір сылтау тауып, алдаусыратып кешіре саласың. Өйткені ол жоспар жайлы тек өзің ғана білесің. Ал пабликте олай емес. Мұнда мен күнделікті жасайтын жоспарларымды жариялап, ертеңіне оларға есеп беремін. Менің паблигіме жазылған қолданушылар есеп берілмей қалған күні есіме салып, сұрап тұрады. Бірақ олардың арасында да «сенен түк шықпайды» деп көңілді түсіретіндер бар. Дегенмен алға қарай жылжуға талпындыратын сөздер айтатындар одан да көп. Кей кезде осы пабликтің арқасында да тапсырыстар алатын кездерім болады. Бұл қауымдастықтан мен тек жақсы жақтарын ғана көремін.

         

        – Маған сол парақшадағы «Река» жайлы жазғаныңыз ұнады...
      – Иә, ол жайында да тоқталып өтейін. Алдымен «река», яғни өзендердің мысалдарын келтіре кетейін: сізді қоршаған адамдар, достар – бір өзен, бірге жұмыс істейтіндер – басқа өзен, спортзалда бірге жатығатындарыңыз – тағы бір өзен. Қысқаша айтқанда өзен дегеніміз белгілі бір қызығушылықпен бір ортаға жиналған топ. Ал ол өзендерде крутойлар, орташалар, және лохтар және т.б. бар. Мысалға сіз 10 000 доллар тауып, өз ортаңда крутой болсаңыз да, басқа ортада сол қаржымен лох болып қаласыз. Бұл техника жайындағы ойымды сіздерге жеткізе алдым деп үміттенемін. Ал мен қазір өзімді лох сезінетін ортаға апара жатырмын. Өйткені солардың арасында жүріп өз-өзімді шыңдаудың арқасында орташа немесе крутой болғым келеді. Мысалға мен Киевте тұрып жатқан украиндық Виктор Оношка деген жігітпен араласып тұрамын. Ол 22 жаста болса да айына 100 000 доллар табады. Ал мен ол соманы жарты жылда табамын деп жүрмін.
       – Бұл жолда қандай кедергілер пайда болып жатыр?
     – Кедергілер ме? Бәлкім кедергілер деп менің жағдайымда тапсырыстың, ақшаның жоқтығы немесе тапсырыс берушімен бір мәселелерді шеше алмауды айтуға болар. Бірақ мұның бәрі көңіл күй мен ықыласыңа байланысты. Жетістікке жету үшін әрқашан өзіңді алға сүйреп, қысқа мерзімді мақсаттарға ұмтылдырып отыру керек. Осы жолдан таймасаң, үлкен мақсатқа жету оңай. Жетістікке жеткен сайын кедергілерді байқамайсың.

      – Біздің қазіргі қоғамдағы e-commerce (электронды коммерция) жайлы айтасыз ба?
         – Қазіргі кезде e-commerce Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Мысалға интернет коммерция айналымы Ресейде шамамен 5 млрд. доллар болса, бізде 1 млрд. Салыстырмалы түрде біздің интернет маркетинг жақсы дамып жатқаны айқын көрінеді. Қазақстанда қазір кез келген тауарды сатуға болады. Қазіргі уақытта көпшілік тек электроника ғана сатуда. Бірақ баланың жаялығынан бастап, азық-түлікке дейінгі сала бос жатыр. Осы жаққа бет бұруға болады.
      – Интернет маркетингпен айналысам деген адам ең алдымен не істеуі керек?
       – Алғаш бизнесті бастағанда логотип, фирманың бланкі, немесе стилімен айналысып керек емес. Ең алғашқы мән беретініңіз сатылым болуы керек. Керемет болмаса да орташа сайт жасап алып, сатылыммен айналысса қаражат пайда болады. Ал қаржы пайда болғанда кез келген мәселеңіз өзі шешіле береді. Ал стильге мән беріп, оны-мұнымен айналысып кеткен болсаңыз, онда ақша табу мүмкіндігіңіз аз.

       

         – Армандарыңыз жайлы айта отырсаңыз…
       – Менің армандарыммен «қарым-қатынасым» жақсы (күледі). Амбициялық армандарымды қазір сіздерге айтпай-ақ қояйын. Себебі олар қазіргі жағдайыма сай келмейді. Өз үйім болсын, материалдық жағдайым жақсы болсын деген тұрмыстық армандарыммен қатар менің тағы бір ойым бар. Ол – құрылыс компаниясын құрып, көп қабатты үйлер салу. Бірақ оның бағаларын қолжетімді ету. Ал қазіргі бағалардың шамасы қандай екенін менсіз-ақ білесіздер. Ал екінші арманым – мектеп ашу. Бірақ оның оқу жүйесіндегі теориясына қарағанда практикалық, яғни қолданбалы сабақтар арқылы оқыту. Оқып кеткен адам теориямен ғана емес, оқу орнынан шыққан кезде не істеу керек екенін нақты білуі керек.
         – Қазақстандық кәсіпкерлерден кімдерді үлгі тұтасыз және кімнің жолымен жүргіңіз келеді?
         – Мен белгілі біреудің жолымен жүргім келеді деп айта алмаймын. Бірақ маған Нұрлан Смағұловтың бизнестегі масштабы ұнайды. Оның қалай көтерілгені, неден бастап, қандай жетістікке жеткендері қызық. Жақсы танып, бизнестегі жолымен жетік таныспасам да, ІТ саласында жүрген Кеңес Ракишевті құрмет тұтамын. Ал 25 жаста бірнеше миллион табыспен аты шыққан Марат Абиев те маған қызық.        

       – Бізде жас блогерлер көп. Оларға тәжірибелі блогер ретінде қандай кеңес бересіз?
       – Мен өзімді блогер деп есептемеймін. Бірнеше жыл бұрын Yvision.kz блогтұғыры ашылғанда ел қатарлы мен де сол жаққа жазып жүрдім. Ал ол жаққа жазғанның барлығы блогер болып саналатын. Ал мен үшін блогер деген белгілі бір қоғамдық мәселе көтеріп, оның шешім жолдарын табатын адам деп есептеймін. Немесе өзінің шығармасы арқасында көптеген оқырмандар тапқан шығармашылық адамдарын немесе бір сала бойынша жаңа бір жаңалық салып отыратын адамды айтуға болады. Олар көп оқылып қана қоймай, сонымен қатар көп пікір де жинай алады. Ал мен көп қаралым мен көп пікір әрқашан жинай бермеймін. Сондықтан өзімді блогер дегім келмейді. Бірақ кеңес айт десеңіздер айтайын: Блогтұғырда сіз өзіңізді белгілі бір саланың сарапшысы немесе маманы етіп көрсете аласыз. Бірақ ол саланы сіз жақсы білуіңіз керек. Егер сіз авто жайын жақсы білетін болсаңыз, күнделікті жаңа шыққан көліктер жайлы немесе жол ережесіне енгізілген өзгертулерді өзгелерден бірінші болып жариялап, оған өз көзқарасыңызды білдіріп отыруыңыз керек. Ең соңғы жаңалықты сіз жариялап отырғаныңызды көрген қолданушылар белгілі бір сұрақ пайда болғанда сізге келеді немесе телебағдарламаларда тақырыпқа сай адам іздегенде ең бірінші сізді ойларына алады. Барлық салада маман болу қиын. Сондықтан бір ғана саланы ұстап алып, соны аяғына дейін жеткізгендеріңіз дұрыс.
        – «Шешінген судан тайынбас» дейді атам қазақ. Жүз мың доллар таба аласыз ба?
       – Мәреге әлі де алыс. Егер керексіз істерге бұрылып кетпей, ойлағаныма ғана талпынсам, дегеніме жететініме сенімдімін. Жоспар бойынша жобаларым мен қазіргі компания қызметкерлерін көбейте беремін. Жалғыз өзің миллион таба алмайсың. Қазақтың «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген мақалы дәл айтылған.
       – Соңғы сөзіңіз…
      – Мен қазіргі уақытта өзімнің кім екенімді білмеймін. Қызым өсіп қалды қазір. Тілі шыққан соң «Әке, сіз кімсіз?» десе мен жауап бере алмаймын. Өйткені, немен айналысатынымды өзім де нақты айта алмаймын. Таксист баласына «мен таксиспін» дейді. Ал шахтер сәйкесінше өз мамандығын айтады. Ал мен қазір көптеген іспен шұғылданғандықтан кім екенімді айта алмаймын. Сондықтан ол өскенше табысымды көбейтіп, «Мен кәсіпкермін» деуім керек.
      Сұхбаттасқан Данияр Жаныс, BusinessNews.kz 

толығырақ

    Жақында Ресей қазақтары «Мәңгілік Ел» идеясына сенімді екендігін көрсетті. «Самұрық қазына» Акционерлік қоғамының демеушілігімен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.А. Мамашев бастаған құрамында ғалымдар, журналистер мен әншілері бар арнайы делегация Самара облысына барып, Кинель-Черкасск ауданы қазақтары өткізген Наурыз мейрамына қатысты. Сосын Ресей Федерациясының әр облыстарынан келген қазақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауына байланысты Дөңгелек үстел өткізді.

    Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына орай өткен бұл жиынды өткізуіміздегі негізгі мақсаты – Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясын Ресей қазақтарына таныстыру, талқылау және олардың ой-пікірін тыңдау еді. Оған қатысқан қандастарымызға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қазақ және орыс тілдеріндаярлаған Елбасының Жолдауы таратылып, танысуға мүмкіншілік жасалынды. Алғашқы сөз алған Қазақстан Респуликасының Астрахань қаласындағы консулы А.Ү. Сыздықов Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының маңыздылығын, бұл жолдаудың еліміздің экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын көтеруіне жол сілтеп отырғандығын айта отырып: «Жастарды мәдениетімізге, рухымызға, дәстүрімізге үйрете отырып, алға шыққан елдермен тереземіз тең болу керек. Ауызбіршілігімізді арқылы ғана алға шыға аламыз. Президентіміздің әр жылдардағы жолдауының Қазақстанның өсуіне, өрлеуіне бірден-бір себеп екендігін өздеріңіз де көрдіңіздер. Жолдауда көрсетілгендей, 30 елдің қатарына кіру үшін қазіргі кезде бірімізге тірек болып, қазақ деген атаудың бүкіл әлемге таныта отырып, алға ұмтылған жөн», – деді.

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.А. Мамашев Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясының мәнісіне тоқталып, қазақ халқының өткені мен келешегіне көз жүгіртіп, «Мәңгілік Ел» болу үшін дүниежүзіндегі қазақтар бірігіп, ымырада, ынтымақтастықта өмір сүріп, бір-біріне көмек көрсету, қазақ халқының салт-дәстүрін жас ұрпақтардың арасында жаңғыртудың қажеттігін баса көрсетті.

    Талқылауға қатысқан Ресей қазақтарының өкілдері бірауыздан Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын алыс және жақын шетелдегі қазақтарына бағыт-бағдар сілтеп, жол көрсетіп отырғандығын, Қазақстанның ішкі жағдайы оларды бей-жай қалдырмайтындығын айтты. Мурманск қаласындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясының төрағасы Серік Байжұминов Қазақстан президентінің кезекті жолдауы ең бастысы мемлекетті қазақ тіліне, жастардың білім алуына барлық жағдайды жасаудың қажеттігін меңзеп тұрғандығын нақтылай келе, Қазақстанның әлем елдерімен терезесі тең қатынас құруына, ұлтты ұйыстыруына «Мәңгілік Ел» идеясы жетелейтіндігіне сенімді екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол тілге Қазақстаннан тыс жерде тұратын жастардың өз тілін біліп, өз дәстүрі мен құндылықтарын, мәдениетін құрметтеуі қажеттігін, ол үшін оларды ұлттық рухта тәрбиелеу, ұлттық ерекшеліктерді дұрыс түсіндіре білу керектігін нақтылады.

     Татарстан Республикасындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясының төрағасы Сағит Жақсыбаев бұл Жолдаумен Татарстандағы қазақтардың жіті танысқандығын айта келе, барлық жердегі қазақтардың бірлікте, берекеде болуы қажеттігіне меңзесе, Челябі облысындағы қазақтарының мәдени «Бірлік» орталығынан келген Қарлығаш Игімбаева Жолдауға байланысты ойымен бөлісті. «Жолдау жарияланысымен ауылдарға барғанымда жас, қария демей осы құжатты жан-жақты талдауға алып, тіпті ондағы әрбір санға мән беріп, пікірлескендерді көрдім. Бұл сыртта жүрсек те, Қазақстандағы оқиғалар, жағдайлар, іс-шаралардан тыс қалмай, ниеттес, пікірлес екендігімізді білдіру. Жолдаудағы бір қуантарлық жай, бизнеске кең жол ашу, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру, яғни Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылдыру», – деді.

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының аналитикалық орталығының директоры К.Н. Балтабаева да Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналып, елімізде бойынша мемлекеттік тілді үйрету іс-шаралары жөнге қойылғандығын, ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болып, ұлтымыздың ұйытқысы болатындығына сенімінің мол екендігін атап өтті.

      Жиынға қатысқан қандастарымыз да Елбасының Жолдауын өте жақсы қабылдап, бірауыздан бұл Жолдауды өз араларында талқылауға алып, насихаттау жұмыстарын жүргізетіндіктерін үлкен ризашылықпен жеткізді. Ұлтымыздың мүддесі үшін береке-бірлікте болып, жиі қарым-қатынас орнатып, өзара тәжірбие алмасып отыру керектігін жөнінде ұсыныс білдірді.

     Самар жеріндегі бұл жиын Ресей қазақтарының өзара қарым-қатынасын күшейтіп қана қоймай, дүниежүзі қазақтарын өзге этностармен қоян-қолтық бірлікте, ынтымақтастықта тату-тәтті өмір сүре алатындығын дәлелдеп берді.

  http://www.iie.kz/?p=3525

толығырақ

   

    «Байлығымыз да, бақытымыз да бол­­­­ған Мәңгілік Тәуел­­­сіз­­­дігімізді көздің қа­­­­рашығындай сақ­­­­­тай білуміз керек. «Қа­зақ­стан-2050» – Мәң­гі­лік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәр­тебелі жол», де­ген Ел­басының сөзі­нен өз басым үлкен әсер алдым. Өйткені, Қазақстанның тәуел­сіздігі мен дамуының баянды болуы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы шетелдерде тұратын қазақтар үшін де өте маңызды. Шетелдердегі қазақтар мұны әр уақыт қолдап-қуаттайды. Жолдауда атап өтілгендей, «Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болған» ана тіліміздің де көркейе беретіндігіне, мәртебесінің өсе беретіндігіне толық сенеміз. Осы орайда, қазақ тілінің қолданылу аясының жыл өткен сайын кеңеюі, қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері санының өсіп келе жатуы, мемлекеттік тілдің дамуына арнайы қаржы бөлінуі сияқты қадамдар қуантады. Ендігі мәселе қазақ азаматтарының тәуелсіздіктің негізгі тірегі – мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеріп, қас­­­­терлеп, қолданылу аясын кеңейтуге мейлінше күш салып, көңіл бөлулеріне қатысты болып отыр.

    Бұл туралы Жолдауда Елбасы мемлекеттік тілді « …даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп тамаша баяндаған. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналатынын, ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ал Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел екенін жүрекке жеткізген. Бұл әлемдік қоғам­дастық пен ондағы күллі жұрт­­шы­лық тарапынан оң бағасын алуда. Оны біз күнде көзбен көріп, құлақпен естіп жүргендіктен, қазақтығымызды көңілімізге демеу қылып, мерейіміз тасып, әрдайым қуаныштан жүрегіміз жарылардай бір марқайып қаламыз.

    Енді алдағы шілде айын­­­да Берлинде өтетін Еуропа қазақ­тарының құрылтайында Мәңгілік Ел болуды мақсат тұтқан Қазақ­­­­станның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының іс-жоспарына біздің де атсалысатын тұстарымыз жан-жақты сөз болатын болады. Әсіресе, әлемнің озық 30 елінің қатарына кіруге ұмтылған Қазақстан үшін Еуропадағы жетекші мемлекеттерде тұрып жатқан және онда түрлі салада қызмет етіп жүрген қазақтардың қосар үлесі аз болмасы күмәнсіз.

    Абдулкайым КЕСИЖИ, саясаттану ғылымдарының докторы, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы. МЮНХЕН.

    "Егемен Қазақстан" газеті, 12.03.2014

толығырақ

   

    Қазақстан Пре­­зи­денті, Дүниежүзі қа­­зақтары қауым­дас­­­­­­­­тығының Төр­­ағасы Нұр­сұлтан На­­зар­баев­тың «Қа­­­зақ­стан жо­лы – 2050:­ бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» Жол­­­­дауын шетелдердегі қазақтар да қазір өз ортасында қызу­ талқылауда. Со­­­­­­­лар­­­дың қатарында Түркия­­­дағы қандастар да бар. Жал­пы, Ел­­ба­сының биылғы Жол­­­дауы Түркияның 50-ден астам бұ­қа­­ра­лық ақпарат құрал­да­рын­да жарық көріп, кейбір ба­сы­лым­­дар, тіпті, оған бір емес, бір­­­­не­ше нөмірін арнады. Со­­­ның ар­қа­­сында туысқан түрік хал­­қы да Қазақстанның 2050 жыл­­ға де­йін­гі даму жоспарымен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.

    Біздің пікірімізше, елдік мұ­рат­ты көздейтін Жолдау ең алды­мен ұлт пен ұлысты ортақ мүд­­­деге жұмылдырады. Екінші, қа­зақ халқы мен Қазақстанның әлем­нің озық елдері қатарынан орын алуының жолдарын қа­рас­тырады. Басқа сөзбен айт­қан­да, Президенттің көздегені Қазақстан мен қазақтардың бренд­ке айналуы. Өйткені, Жол­дау­дың мазмұнына көз жүгір­тер болсақ, онда нанотехноло­­­­гиялар жайлы айтылған. Меди­ци­на ғылымының дамуы, эко­­номика, ауыл ша­руашылығы са­­­ла­­ларының сапасын озық технологиямен көтеру және ең маңыздысы, туризм саласында Қазақстан қауіпсіз елге және адамдар үшін жайлы орынға айналсын деген идеялар ор­та­ға салынып жатыр. Нәтижесінде Қа­зақстанның бас­ты нысанасы – әлем­дегі озық 30 елдің қатарына кіру.

    Мұның барлығы, қоры­тын­дылап айтқанда, қазақ хал­қы­­­ның брендке айналуы деп біле­мін. Елбасының «Ана тілі­міз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәң­гілік тіл болды» деге­нін­дей, Түркия қазақтары ұлттың ұлы құндылығы саналатын ана тілі­мізді ұлттың ұйытқысына айнал­дыруды толық қолдайды. Дүниежүзі қазақтарының қауым­дастығы жыл сайынғы жолдау­ларды да бірнеше тілге аударып, оны кітап етіп шығарып, тара­­тып келеді. Түркиядағы жас жеткіншектер өз ана тілін білмей­ді десек, артық айтқандық емес. Солар үшін түрік тіліндегі нұс­қасы өте қажет. Әрі қарай да наси­хат жұмыстары жүргізіле бермек.

    Әбдуақап ҚАРА, Түркияның Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы. ЫСТАМБҰЛ. 

     "Егемен Қазақстан" газеті, 12.03.2014

толығырақ

   

    Ресейдегі 1 миллионға жуық қазақтың жүрегі де Қазақстан деп соғады. Олардың арманы да, тілегі де қазақстандықтармен бірдей. Сондықтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының жоспарын айқындаған биылғы Жолдауын біз де үлкен қуанышпен қабылдадық. Онда Елбасы қазақтың ұлттық идеясы туралы көптен бері жұртшылық арасында қызу талқыланып келе жатқан пікірсайысқа нүкте қойды. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек», деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген 5 миллион қазақтың бәрінің де көңілінен шықты деп ойлаймын.

    Осы арада көңілде жүрген мына бір жағдайды айта кетсем деймін. Әлі күнге дейін Қазақстандағы баспасөз құралдарынан да, Үкіметтің лауазымды тұлғаларының сөйлеген сөздерінен де Ресейдегі қазақ диаспорасы дегенді жиі естиміз. Жалпы, шетелдегі қазақтар негізінен тағдыр тауқыметімен бір кездері атажұрттан еріксіз жат жерге кетуге мәжбүр болғандар дейтін болсақ, Ресей қазақтарының жағдайы олардан өзгешелеу. Өйткені, олар диаспора емес. Ата-бабаларының сонау ерте заман­­дардан бері кір жуып, кіндік қа­ны тамған ту­ған жерінде тұ­рып келе жатыр. Сондықтан да олар шекара бө­лісі кезінде сырт жақта қалып қой­са да әлі күнге дей­ін Қазақстанға қо­ныс аударуға аса құлшынып жатқан жоқ. Бұл – «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп санай­тын және туған жерді ерекше қастерлейтін қазақтың қанына сіңген асыл қасиетінің бір көрінісі. Оны саудаға салу ешбір қисынға келмейді.

    Біз қазір Ресей деп аталатын елдің азаматы болғанымызбен, қазақтықтан қор болып жүрген жоқпыз. Қайта арқамызда Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің барын мақтан тұтамыз, Қазақты Мәңгілік Елге бас­тайтын, ең мәртебелі жол болып отырған «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асуына біз де өз үлесімізді қоса аламыз. Ел мен елдің арасындағы сауда-саттық пен барыс-келіс қатынаста Ресей қазақтарының рөлін ешкім ешқашан жоққа шығара алмайды. Мәселен, Омбы облысындағы тұңғыш ұлттық мәдени орталық саналатын «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының 25 жылдық мерейтойы аясында Омбыда 12 ақпанда «Мәдениет ғарыш сияқты. Киіз үй – көшпенділер ғарышы» деп аталатын көрме ашты. Маусым айына дейін оны ұлты мен дініне қарамастан, өңірдегі барлық білім беру мекемелерінің оқушылары келіп тамашаламақ.

     Бұдан бөлек, 12-13 ақпан күндері Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Амангелді Шәкеновтің «Туып-өскен кеңістік» деген тақырыптағы жеке көрмесі, тоғызқұмалақ турнирін, «Мөлдір саз» деп аталатын концерт қойдық. Енді мамыр айында «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгелі отырмыз. Ал маусымда Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына орай дәс­түрлі «Той думан» мәдениет және спорт мере­кесі өтпек. Мұндай шараларды Ресей қазақ­тарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясына қарасты ұйымдар қазақтар тұратын барлық жерде ұйымдастыратын болады. 

    Алтынай ЖҮНІСОВА, Омбы қаласындағы «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының Сібір аймақтық орталығы кеңесінің төрайымы. Ресей Федерациясы.

"Егемен Қазақстан" газеті, 12.03.2014 жыл

толығырақ

БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІН ОЙЛАҒАН

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында мемлекетіміздің алдағы уақыттағы дамуының негізгі бағыт-бағдарлары жан-жақты айқындалып, жедел түрде жүзеге асырылатын мақсат-міндеттер, іс-шаралар нақты белгіленеді. Сонымен бірге, бұл міндет-мақсаттардың қандай жолмен қолға алынып, кімдердің атқаратыны да тайға таңба басқандай анық көрсетіледі. Қазақ елінің бүгінгідей жоғары қарқынмен өсіп-өркендеуіне, бүкіл әлем танып, мойындаған тәуелсіз елге айналуына Елбасының осы жолдауларының ықпал-әсері айрықша зор болғандығы даусыз.

    Елбасының биылғы жылдың басында жарияланған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жол­дауы да осы жақсы дәстүрдің жаңа бірі көрінісі, заңды жалғасы. Осыған орай, бұл Жолдаудың өзіндік ерекшеліктерін де атап айта кеткен жөн. Баршаға мә­лім, Елбасының өткен жылы жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемле­кетінің қатарына қосу міндеті алға қойылған болатын. Содан бергі бір жыл ішінде Қазақстанда Елбасының осы Стратегиясында белгіленген мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға байланысты айтарлықтай көп іс тындырылды. Ал биылғы Жолдау осы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруды одан әрі жеделдету мен көздеген мақсатқа барынша тездетіп жетудің жолдары мен мүмкіндіктерін жан-жақты қамтып, нақтылауға арналған.

   Бұл ретте, қазіргі заманда қоғам дамуы бұрын-соңды бай­қалмаған зор қарқынмен, ерекше жылдамдықпен алға басып бара жатқанын айта кету керек. Яғни, өткен бір жылда бүкіләлемдік қоғамдастықтың саяси және экономикалық тыныс-тіршілігінде толып жатқан өзгерістер болды, жер жүзінің үлкенді-кішілі мемлекеттерінде көптеген жаңалықтар орын алды. Бұл өзгерістер мен жаңалықтар Қазақстанның да әлеуметтік-экономикалық жағдайына белгілі бір дәрежеде өз ықпалын тигізгені анық. Әлемнің ең беделді мемлекет басшыларының бірі ретінде Н.Назарбаев осы өзгерістер мен жаңалықтарды үнемі жіті қадағалап, олардың нәтижелерін ой таразысына салып, талдап, бағалап отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан Елбасының асқан қайраткерлігі, елдің бүгіні мен ертеңгі өсіп-өркендеуін бүкіл әлемнің даму бағытына дер кезінде бейімдей білетін көшбасшылық ерекшілігі айқын аңғарылады.

    Соған орай, Қазақстан Пре­зиденті биылғы Жолдауында да бұдан бұрын жарық көрген стратегиясында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыт-бағдарын жан-жақты талдап, терең нақтылап, соның нәтижесінде бүгінгі заман талабы мен уақыт ағымына байланысты ең бірінші кезекте қолға алынуға тиіс мәселелерді айқын көрсетіп берген. Бұл орайда Елбасының Мәңгілік Ел болуды көздейтін ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру жөнінде нақты бағдарлама ұсынғанын ерекше атап айта кеткен жөн. Яғни, Жолдауда елімізді ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосудың бүкіл мүмкіндіктері мен алғышарттары жан-жақты қамтылған. Мәңгілік Ел идея­сы қазақ халқының сан ға­сыр­лар бойы аңсаған арманы екендігі баршаға мәлім. Ата-бабаларымыздың осы асыл арманы еліміз тәуелсіздік алып, мемлекет тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстағаннан кейін түпкілікті және жан-жақты жүзеге аса бастады. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық тұрғыдан ресімделген және әлемдік қоғамдастық бірауыздан мойындаған мем­лекеттік шек­араға қол жет­кізген еді. Бүгінгі күні тарихи шын­дыққа айналған Мәңгілік Ел идеясының шекара біржолата анықталып, белгіленген дәл осы кезеңінен бастау алатыны даусыз. Яғни, осы күннен бас­тап еліміз Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға нық қадам басты. Және осы жылдарда Қазақстан өмірдің барлық саласында бүкіл әлем мойындаған айтулы табыстарға қол жеткізді.

    Елбасының Жолдауына шетелдегі қазақ диаспорасы да айрықша қызығушылық танытып отыр. Өйткені, шетелдегі қазақтар – қай елде тұрса да қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі. Соған орай, қазақ халқының бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез келген іс-шара жер жүзіндегі бүкіл ағайынға ортақ. Сондықтан да олар Қазақстанның атақ-абыройының асқақтап, экономикасының дами беруіне тілектес. Оның үстіне, шетелдегі қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазақтың басшысы ретінде қадір тұтады, Елбасы қолға алған әрбір бастамаға өздері де үлес қосуды армандайды. Демек, Елбасының Жолда­уын жүзеге асыру жөніндегі игілікті істерден Дүниежүзі қазақта­ры­­ның қауымдастығы да шет қалмайды. Өйткені, Қауымдастықтың Төр­ағасы – Елбасы. Соған орай, Елбасының қазақ халқының болашағына қатысты қолға алған іс-шараларына Қауымдастық өз үлесін қосуға тиіс. Бұл ретте, Қауымдастық шетелдердегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның арасын байланыстыратын «алтын көпір» міндетін атқарады.

    Бүгінгі таңда Қазақстан­нан­ сырт жерлерде 5 миллион­нан­ ас­там қазақ диаспорасы тұ­­ра­­тынын айта кеткен жөн. Бұл – бір мемлекет­тің тұрғын­да­рына пара-пар болатындай адам. Ана тіліміздің, ұлттық бол­мы­сы­мыздың қайта жаңғы­руы­на да шетелден келген орал­ман ағайындардың қосқан үлесі өте мол. Демо­гра­фиялық жағда­йы­мыздың жақсарып, халқымыз са­нының өсуіне де оралман аға­­йындар ерекше ықпал етті. Алдағы уақытта шетел қазақ­та­ры­ның Қазақстанның өсіп-өркен­деуіне үлес қосуын бұдан да жақ­сартып, жаңа деңгейге көте­ру керек. Бұған қазір үлкен мүмкін­дік туып отыр. Бұл мүмкіндік Елбасы­ның биылғы Жол­дауынан туындай­ды. Осыған орай, Жолдауды жүзеге асыруға шет­елдік қазақтарды да кеңінен қатыс­тыру нақты қолға алынуы қа­жет.

    Шетел қазақтары Жолдауды жүзеге асыруға Қазақстанға бір­жолата қоныс аударып, оралман ретінде, атамекенде біржолата тұрақтап қалу арқылы қатыса алады. Сондай-ақ, олардың Қазақ­станға уақытша келіп, тұрақты тіркеліп, Ықтияр хат алып, түрлі салада жұмыс істеп, не оқу оқып жүріп те елі­міздің өсіп-өркен­деуіне атса­лысуға мүмкін­дік­тері бар. Қазақ диаспорасы өкіл­де­рінің шетелдерде тұрып та, Қазақ­станмен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасау жолымен де бүкіл қазақ хал­қының біртұтас ұлт ретінде өсіп-өр­кендеуіне үлес қосуына болады.

    Бұл ретте, шетелдік қазақ­тардың Қазақстанға тұрақты қоныс аударуының, яғни көші-қон мәселесінің маңызы айрық­ша. Жасыратыны жоқ, қазір оралмандар көші біраз бәсеңдеді. Бірақ оны қайта жандандырып, тұрақты жүргізуге толық мүм­кіндік бар. Бүгінгі таңда көші-қон мәселесімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері айналысады. Бұл Қазақстан Пре­зидентінің 2013 жылғы 16 қаң­тардағы №466 қаулысында атап көрсетілген. Сондай-ақ, көші-қон және оралмандар мәселесіне Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктерінің де, жергілікті әкімдіктердің де тікелей қатысы бар. Міне, осы министрліктер мен әкімдіктер этностық көші-қон жұмыстарын белгілі бір бағыт-бағдарламамен бірлесе отырып ұйымдастыра білсе, шетел қазақтарын Мәңгілік Ел идея­сын жүзеге асыруға жан-жақты қатыстыруға нақты мүмкіндіктер туар еді.

    Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға шетелдік қазақтарды барынша нәтижелі қатыстыру үшін олармен тұрақты байланыс жасап, атажұрттың жақсы жаңалықтары мен маңызды бас­тамаларын дер кезінде жеткізіп, таныстырып отыру қажет. Бұл жұмыстарды қазір, негізінен, Дүниежүзі қазақтарының қа­уым­дастығы атқарып келеді. Мы­салы, Қауымдастық жыл сайын Елбасының Жолдауын түрік, моңғол және басқа да тілдерге аударып, шетелдегі қазақтарға дер кезінде насихаттап, жеткізіп отырады. Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де түрлі конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен өзге де мәдени шаралар ұйымдастырады. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, шетелдердегі қазақтарға ұғынықты болу үшін Елбасының Жолдауының кириллицадан бөлек, латын және төте жазумен шығарылған нұсқалары жеке кітапша болып басылып, таратылатын болады. Қауымдастықтың мұндай іс-шараларына Мәдениет министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мұндай іс-шаралар мен түрлі басқосуларда шетелдердегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін бір жүйеге түсіріп, зерделеуге айрықша көңіл бөлінеді. Және ол іс-шаралардың нәтижелері Қауымдастықтың «Алтын бесік» журналы мен «Туған тіл» альманағында, басқа да республикалық басылымдарда үнемі жарияланып тұрады.

    Шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанға әкеліп дайындық бөлімдерінде оқыту мен жоғары оқу орындарына қабылдау жө­нінде де айтарлықтай жақсы істер жүзеге асуда. Мысалы, жоға­ры оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттың 2 пайы­зы шетелдердегі ұлты қазақ жас­тарға беріліп келеді.

    Қауымдастықтың жанында шетел қазақтарының кешегі тарихы мен бүгінгі жағдайын зерттеумен айналысатын арнайы Талдау орталығы бар. Бұл Орталық шетелдердегі қазақтар тығыз орналасқан өңір­лерге үнемі арнайы экспедициялар ұйымдастырып тұрады. Талдау орталығы соң­­ғы уақытта қазақ диаспорасы мәселелеріне арналған түрлі ғы­лыми-тәжірибелік кон­ферен­циялар өткізуді де жақс­ы дәс­түрге айналдырды. Шет­ел­дегі ағайындармен байланыс жасауда Қауымдастықтың жанындағы www.qazaq-aIemi.kz веб-сайты да ойдағыдай жұмыс істеуде.

    Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, Елбасының биылғы Жолдауы – жер жүзіндегі бүкіл қазаққа тікелей қатысы бар маңызды құжат. Соған орай, Жолдауды жүзеге асыруға алыс-жақындағы ағайындар белсене атсалысатын болады.

    Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары. АЛМАТЫ.

     "Егемен Қазақстан" газеті, 12.03.2014

толығырақ

    Анкарада Еуразиялық Стратегиялық зерттеу орталығында  (AVİM) Түркиядағы Қазақстанның елшілігімен бірлесіп халықаралық қатынастар аясында «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі қағидаларын талқылауға арналған конференция өтті.

    Оған Түркия Сыртқы министрінің орынбасары Али Кемаль Айдын,  АӨІСШК атқарушы директоры Чинар Алдемир, Түркиядағы Қазақстанның елшісі Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ Анкарада тіркелген дипкорпустың өкілдері, Ауғанстанның, Норвегияның елшілері, академиялық қайраткерлер, зерттеу орталықтары мен институттарының сарапшылары қатысты. Бұл туралы қазақстандық елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

     «Жаңа Еуразия және Қазақстан» тақырыбындағы баяндамасында Ж. Түймебаев келешектегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысты Астананың көзқарасы мемлекеттің салыстырмалы сыртқы саясатқа, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген елдің одан әрі дамуының стратегиялық пайымына негізделгенін айтты.

  Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдын Қазақстанның жетістіктерін ерекше атап өтіп, 2050 жылға дейінгі одан әрі стратегиялық дамудың таңдалған бағыты әлемдік экономикадағы жаһандық өзгерістер мен қиындықтарға қарсы дер кезінде қабылданған құжат екенін мәлімдеді.

    Ол сонымен бірге Қазақстан мен Түркияның ортақ мүдделерге және жаһандық, өңірлік мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға, халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, АӨІСШК, ЭЫҰ, Түрік кеңесі шеңберінде келісілген ұстанымға ие екенін және бір-бірін өзара қолдайтынын атап өтті.

    Елдің "Қазақстан-2050 стратегиясын»  қабылдауы  көшбасшы басшылығымен мемлекеттің жарқын келешек үшін жұмыс істейтіндіктерін көрсетеді және өз болашағын еуразиялық кеңістікте жаһандық және интеграциялық үрдістер жағдайында одан әрі дамудың стратегиялық пайымы негізінде қалыптастыруда", - деп түйіндеді сөзін А. Айдын.

    Ол сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның стратегиялық әріптестігі достық, бауырластық рухта, өзара тиімді ынтымақтастықта серпінді дамып келе жатқанын және 2009 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Түркияға ресми сапары кезінде  қол қойылған Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартта тұжырымдамалы түрде бекітілгенін атап өтті. Стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру  және 2012-2015 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау жоғары деңгейдегі маңызды екі жақты уағдаластыққа айналды.

    Конференция аясында тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның жетістіктері туралы фотокөрме, түрік тілдеріне аударылған қазақстандық кітаптар, оның ішінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың таңдамалы шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.

    ҚазАқпарат

толығырақ

   

    Бабаларымыздың арманы болған  Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ал ел бірлігі, ынтымағы мықты болғанда ғана  Мәңгілік болады?  Сондықтан ендігі мәселе ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын биылғы Жолдауында айтылған нәрселерді бүкіл халықтың жүрегімімен қабылдап,  Президент түсінгендей түсініп, жүзеге асыруға талпынып,  әрекет жасауында болып отыр.  Елбасы әлемдегі 230-дан астам елдің ішінен алғашқы 30-дыққа кіруді мақсат етіп қоюда. Қазаққа бұдан артық қандай абырой керек? Қазірдің өзінде Қазақстанның азаматығын алғысы келетін  жер жүзінде мыңдаған емес миллиондаған адам бар. Біз оның қадірін біліп, түсінеміз бе? Мәселенің төркіні осында жатыр.  ХХІ ғасырдың сөздің емес, істің заманы. Егер бәріміз бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаратын болсақ алынбайтын қамал жоқ.

    «Отаным-Елім» халықаралық  заң компаниясы бұл бағыттағы өз жұмысын осыдан 10 жылдан  бұрын бастаған болатын. Шетелдіктер көп келетін - Түркия, Ресей, Қытай, БАӘ, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Германия, Белорус, Украина сияқты елдермен көп жұмыс жасап жүрміз. Бұл алыс-жақын шет елдердің инвесторлары арасында «Қазақстанға келген кезде сендер пайда көрдіңдер ме, әлде зиян шектіңдер ме» деп ашық әңгіме өткізіп, сенімді өкілдеріміз бен кеңселеріміз арқылы сауалнама жүргізіп, оған  сарапта жасаймыз.  Олар тексеру органдарының тарапынан орын алатын заңсыздықтарға көп шағымданады. Олардың арасында Қазақстанда біз миллиардтаған ақшамызды жоғалттық деп жүргендер де бар. «Ауыруды өлім әшкерелейді» дегендей, оның рас, өтірігін  анықтау үшін біз олардың шағымдарын құзырлы органдарға жіберіп, оған  бірлесіп тексеру жүргізіп жатырмыз.  Өйткені кейде олардың өздерінен де қателіктер кеткен. Заңды, жергілікті жағдайды  елеп-ескермеушілік жағдайлары аз кездеспейді. Қазақстанға қызығатын шетелдіктер көп. Дегенмен  «бір құмалақ бір қарын майды шіретеді» дегендей, Президент пен Үкіметтің елдің абыройын көтеріп, халықаралық қауымдастықтағы зор беделіне нұқсан келтірушілер бар. Біз өз әріптестерімізге инвесторларлы қорғайтын түрлі ұйымдардың жұмысын көрсетіп, олардың еліміздің өкілетті органдарымен жақынырақ танысуына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Өйткені бұл -  біздің Отанымыз.

    Омар Саид «Отаным-Елім» халықаралық заң компаниясының төрағасы

толығырақ

   

    Қазақстан өз болашағын баянды етуде алға тағы бір үлкен қадам жасады. Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Шәміс Құмардың айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын биылғы Жолдауы бұған негіз бола алады.

    «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!  Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», - деген Елбасының сөзінен үлкен әсер алдым. Қазақстанның дербестігі мен  Мәңгілік ел болып көркейіп, гүлденуі шет елдердегі  қазақтар үшін де төтенше маңызды. Сондықтан оны шет елдер де қолдайды. Мәңгілік Елдің  келешек ұрпақ тәрбиелеуде зор маңызы бар.  Отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуде жас ұрпаққа Мәңгілік Елді үлкен идея қылып сіңдіру керек», - дейді Қытайда тұратын қандасымыз Ш.Құмар. Жазушының пайымдауынша,  Н.Әбішұлының дәстүрлі түрде жыл сайын жарияланатын бұл Жолдауы барлық саланы қамтыған. Жалпы Мәңгілік Ел болу үшін, өнеркәсіп, мәдениет, ауылшаруашылық, оқу-ағарту, ғылым мен техниканың бәрі кемелденуі керек. Сонда ғана Қазақстан Мәңгілік Ел болып тұра алады.

толығырақ

    ҚР Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауын шетелдегі қазақтар да қазір өз ортасында қызу талқылауда. Солардың қатарында  Түркиядағы қандастар да бар.  

    Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Әбдіуақап Қараның айтуынша,  Елбасының биылғы Жолдауы Түркияның 50-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген. Соның арқасында туысқан түрік халқы да Қазақстанның 2050-жылға дейінгі даму жоспарымен кеңінен танысуға мүмкіндік алыпты.

    «Біздің пікірімізше елдік мұратты көздейтін Жолдау ең алдымен ұлт пен ұлысты ортақ мүддеге жұмылдырады. Екінші,   қазақ халқы мен Қазақстанның әлемнің озық елдері қатарында орын алуының жолдарын қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, Президенттің көздегені Қазақстан және қазақтардың брэндке айналуы. Өйткені Жолдаудың мазмұнына көз жүгіртер болсақ, онда нанотехнологиялар жайлы сөз болып жатыр. Медицина ғылымының дамуы, экономика, ауыл шаруашылығы салаларының сапасын озық технологиямен көтеру және ең маңыздысы туризм саласында Қазақстан қауіпсіз бір ел және адамдар үшін жайлы бір жер болсын деген идеалар ортаға салынып жатыр. Нәтижеде Қазақстанның келешектегі нысанасы - әлемдегі озық 30 елдің қатарына  кіру көзделіп отыр. Бұның барлығы қорытындылап айтқанда, қазақ халқының брэндке айнлауы деп білемін», - дейді Әбдіуақап Қара.

 

толығырақ

Тамыздың 24-жұлдызынды Қостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қонақжай шаңырағы алыс-жақыннан жиналған қандастарымыздың келелі басқосуына дәнекер болды. Басқосуға себеп болған іс-шара «Стратегиялық Жолдау «Қазақстан-2050» және шетелдегі қазақтар» атты дөңгелек үстел еді. Дөңгелек үстел аясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының ашылуы болды.

Қостанай облысының стратегиялық жағдайын ескере отырып, Ресеймен шекаралық аймақтағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, репаnриант-оралмандарға байланысты бейімдеу және интеграциялану саясатын жетілдіруге, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайы шешімдерін орындау қажеттілігіне орай Қостанайда Қауымдастықтың филиалын ашу туралы шешім қабылданды.

Қостанайдағы филиалға  жетекшілік ету белгілі журналист, "Егемен Қазақстан" газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Нәзира Жәрімбетоваға жүктелді. Ол соңғы төрт жыл бойы  қауымдастықпен қоян-қолтық араласып,  белсенді  жұмыс атқарып жүр. Ресей Федерациясындағы Челябі, Қорған, Түмен,Орынбор облыстарындағы қазақ мәдени орталықтарында өткізілген  іс-шараларға  арнайы барып қатысты. Нәзира  республикалық  басылым беттерінде сырттағы қандастар мен Қазақ жеріне қайта оралған ағайындардың проблемасы туралы талай қалам тартқан. Сол арқылы қауымдастықтың жұмысына қолқабыс етуден жалыққан емес.

Осыған дейін қауымдастықтың бөлімшелері Орал, Павлодар, Атырау, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе және Астана  қалаларында құрылған болатын.

Дөңгелек үстелге көрші мемлекеттің Челябі, Қорған, Орынбор, Свердлов облыстарындағы қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының бір топ өкілдері келді. Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жолдауын талқылап сөз еткен қатысушылар алдағы уақытта арадағы байланысты бұрынғыдан бетер  арттырып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бейіл танытты. Шара барысында сөз алған зиялы  қауым өкілдері «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жолдауының шетелдегі қазақтарға бебрі көп екенін айтты.  Ұсыныстарын да іркіп қалмады.   Мәжіліс соңында  Гүлнар Үсенова, Талғат Молдағалиев сынды облыстық филармонияның күміс көмей әншілері өнер көрсетті

ДҚҚ ақпарат

толығырақ

Тамыздың 24-жұлдызында Қостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының «Стратегиялық Жолдау «Қазақстан-2050» және шетелдегі қазақтар» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел аясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының ашылуы болады деп күтілуде.

толығырақ

Өркениетті мемлекеттердің бәрі ежелден сырт жерлердегі өз диаспорасына айрықша көңіл бөледі, оларға ұлттық-мәдени, саяси-әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасы да тәуелсіз ел болғаннан кейін шетелдердегі қазақтармен тұрақты байланыс орнатуды жүзеге асыра бастады. Мұның ең алғашқы жарқын көрінісі – 1992 жылы өткен әлем қазақтарының тұңғыш Құрылтайы еді. Бұл Құрылтайда жер жүзінің түпкір-түпкірінде шашырап жүрген қазақтардың өкілдері тұңғыш рет бас қосты. Алқалы жиында қазақ халқының ұлттық өсіп-өркендеуі жан-жақты сөз болды. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып оның төрағасы болып Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. Міне, содан бергі кезеңде Қауымдастық сырт елдерде тұратын қазақтармен жан-жақты байланыс жасап, олардың ұлттық-мәдени, саяси-әлеуметтік жағдайын үнемі назарда ұстап келеді. Осы істеліп жатқан іс-шаралар, шеттегі қандастардың әлеуметтік мәселелері жайлы қазан айының 31 жұлдызында Ғылым Ордасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев «Қазақстан -2050» Стратегиясы және қазақ диаспорасы» атты талдамалық баяндама жасады. Баяндамада Шетелде тұратын қандастарды Елбасының Стратегиялық жолдауы бойынша қолдау жөніндегі шараларды іске асыру жолдары кеңінен айтылды. Баяндамаға Ұлттық ғылым және педагогика саласының өкілдері, бизнес және мәдениет саласының өкілдері, алыс-жақын шет елдерден  келген оралмандар және жастар қатысты. 

толығырақ

Алғысөз

Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудағы алға қойылған ең басты міндет – 2050 жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30  мемлекетінің қатарына қосу.   

Елбасының алға қойған бұл асқақ та ауқымды мақсатының жүзеге асуы анық. Бұған Қазақстанның әлеуеті де, экономикалық мүмкіндігі де толық жетеді. Енді осы үлкен міндетті бүкіл халқымыз айқын жоспар, нақты іспен қолға алуға тиіс.  Бұл ретте қолдағы бар  мүмкіндік пен ресурсты  толығымен тиімді пайдаланудың маңызы айрықша. Мұндай маңызды ресурстарымыздың бірі – шетелдердегі 5 млн. қазақ диаспорасы. Сырт жерлердегі диаспорасын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына  жан-жақты пайдалану – өркениетті елдердің бәрінде де кездеседі. Мысалы, Израиль мемлекетінің қазіргідей биік деңгейге көтерілуі – шетелдегі диаспорасының жаппай көмек беріп, қолдау жасауының нәтижесі. Соңғы кезде Қытай мемлекеті де ел экономикасын өркендетуге сырт жерлердегі диаспорасын барынша тиімді пайдалануда.

Біз де бұл мәселені ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың  тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап шетелдегі ағайындармен байланыс жасауға айрықша көңіл бөлуінің  басты себебі де, міне, осыған байланысты еді.

Осыған орай, тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде Қазақстанның  бүгінгідей биік деңгейге көтерілуіне  шетелдегі қазақ диаспорасының да үлкен үлес қосқанын айта кеткеніміз жөн. Мысалы, тоқсаныншы жылдарда Қазақстаннан сырт жерлерге бірнеше миллион халық көшіп кетті. Сөйтіп, көптеген елді мекендердің тұрғындары азайып, жұмыс қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осындай қиын жағдайда сырт жерлерден этникалық қазақтардың көптеп  келуі Қазақстанға үлкен демеу болды. Бос қалған елді мекендер оралмандармен толықты; экономикамыздың түрлі салаларында, шағын және орта кәсіпкерлікте, ауылшаруашылығында істің көзін тауып, аянбай жұмыс істейтін азаматтар көбейді. Ана тіліміздің,  ұлттық болмысыздың қайта жаңғыруына да оралмандардың қосқан үлесі мол. Демографиялық жағдайымыздың жақсарып, халқымыздың санының өсуіне де оралман ағайындар ерекше ықпал етті.

         Бұл игілікті бастама болашақта да тоқтамай жалғаса беруге тиіс. Соған орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға шетелдердегі қазақ диаспорасын қатыстырудың тұжырым-дамалық бағдарламасын дайындап еді. Төменде осы тұжырымдаманы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

 

Қазақ диаспорасының «Қазақстан-2050» стратегиясына

қатысуының төрт жолы

 

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясына шетелдегі ағайындар да айрықша қызығушылық танытып отыр. Өйткені, шетелдегі қазақтар – қай елде тұрса да  қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Яғни, қазақ халқының бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген  іс-шара оларға да  тікелей қатысты. Сондықтан да, шетелдегі қазақтар Қазақстанның атақ-абыройының асқақтап, экономикасының  дами беруіне барынша тілектес. Олар Нұрсұлтан Назарбаевты  Қазақстан Республикасының Президенті ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазақтың көшбасшы ретінде  бағалап, қадір тұтады; Елбасы қолға алған әрбір игілікті бастамаға өздері де үлес қосуды армандайды. Және олардың бұған  мүмкіндіктері де толық жетеді. Өйткені, шетелдегі ағайындардың көбі  өз мамандықтарын жетік меңгерген, еңбек сүйгіш, ешкімге алақан жаймай, жанын салып жұмыс істеуге бейім. Оның үстіне  ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты өте жақсы біледі.

Демек, шетел қазақтары «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген мақсат-міндеттерді, яғни  экономикалық дамудан бастап, ана тілімізді, ұлттық ерекшілігімізді өркендетуге дейінгі мәселелерге жан-жақты үлес қосып, ұшан-теңіз пайда тигізе алады.

Осыған орай, шетел қазақтарының Стратегияны жүзеге асыруға төмендегідей төрт жолмен қатыса алатынын айта кеткеніміз жөн:

Бірінші жол – Қазақстанға біржолата қоныс аударып, оралман ретінде

Қазақстан азаматтығын алып, атамекенде біржолата тұрақтап қалу.

         Екінші жол – Қазақстанға уақытша келіп, тұрақты тіркеліп, не Ықтияр хат  алып, түрлі салада жұмыс істеу.

         Үшінші жол – шетелдерде тұрып, Қазақстанмен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасап, жер бетіндегі бүкіл қазақ халқының бір тұтас ұлт ретінде өсіп – өркендеуіне үлес қосу.

         Төртінші жол – Қазақстанға келіп оқып, білім алу.

Шетел қазақтарының Қазақстанмен байланыс жасауының осы төрт жолын тиімді пайдалана білсек өзімізге де, шетелдегі ағайындарға да пайдалы көптеген мәселелерді жүзеге асыратынымыз анық.

         Енді осы мәселелер жөнінде сөз қозғайық.

                                

Демография және  қазақ диаспорасы

 

 Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық мәселеге айрықша көңіл аударған.  Бұл ретте, бүкіл әлемде адамзаттың қартаюы етек алып бара жатқаны атап көрсетілген. Бір қуанарлығы,   Қазақстанда бұл жөнінде үлкен проблема жоқ; біз халқы жас мемлекет болып саналамыз. Дегенмен, демографиялық жағдай Қазақстан үшін әрқашан да маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Оның  себебі – жеріміз ұлан-байтақ кең, ал  халқымыздың саны онымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Оның үстіне, халық санының өсуі әр облыста әртүрлі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы мен  оған көршілес өңірлерде бұл көрсеткіш  өте төмен. Бұл – алаңдататын жағдай.  Өйткені, кез-келген елдің экономикалық жағдайы жақсарып, тұрмыс деңгейі жоғарылаған сайын  сырттан келушілер  көбейе түседі. Айталық, Еуропаның Ұлыбритания, Франция сияқты  дамыған елдеріне соңғы жиырма-отыз жылда сонау Африкадан бастап әлемнің әр түкпірінен нешетүрлі ұлттың  өкілдері көптеп қоныс аударды. Соның салдарынан жергілікті ұлт өкілдерінің пайыздық мөлшері барынша  азайып, ол елдерде кәдімгідей алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл  жағдай бүгін болмаса ертең Қазақстанда да орын алуы әбден мүмкін.

Яғни, Қазақстан өркениетті елдердің қатарына  жақындаған сайын сырттан  келушілер  көбейе береді. Жасыратыны жоқ, мұның астарында мемлекеттің қауіпсіздік мәселесі де бар. Сондықтан да қазір Ресей  бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп, жергілікті  халықтың санын көбейтуді қолға алуда. Осыған орай, бізде  де қазақ халқының санын  көбейте беру үнемі назарда болуға тиіс. Бұл ретте, шетелдік қазақтардың басым көпшілігінің көп балалы екендігін де ескерген жөн. Яғни, олардың Қазақстанға әкелер ең  үлкен байлығы – адам.

 Осыған орай, алдағы уақытта этникалық көші-қон жұмыстары қолға алынғанда Қазақстан үкіметі облыстық әкімшіліктермен бірлесе отырып, демографиялық өсімі төмен, бірақ ауылшарушылығымен, басқа да түрлі кәсіпкерлікпен айналысуға  ыңғайлы елді мекендерді анықтап, көп балалы оралмандарды сол жерлерге орналастыру жөнінде арнайы бағдарлама не басқадай бір жоспар жасғаны дұрыс.

            

Экономикалық тайталас, кәсіпкерлік және қазақ диаспорасы

 

         Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс деп отырмыз. Ал сонда көздеген мақсатымызға жету үшін не істеу керек? Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында бұл мәселеге жан-жақты тоқталып, нақты әрі айқын жауап берген. Яғни, Елбасы ең дамыған отыз елдің қатарына  қосылуда бәсекелестіктің барынша қатал болатынын, соған орай «ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс» деп атап көрсетіп, осы жолда жеңіске жету үшін қажетті бірнеше мәселелердің басын ашып берген.

Солардың бірі – ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету. Міне, осы мәселеге келгенде ойландыратын біраз жағдай бар. Біздің халқымыздың экономикалық тайталас пен бәсекелестікке әлі де толық бейім еместігін мойындаған жөн. Мысалы, дүниежүзінің барлық елінде кез-келген халық егін егіп, мал өсіретін жер мен су болса ешкімге алақан жаймай, аянбай жұмыс істеп, жақсы өмір сүреді. Біздің Қазақстанда жер де, су да жетеді. Бірақ көптеген ауылдар  жер мен суды дұрыс пайдалана алмай отыр. Ал шетел қазақтары аянбай жұмыс істеуге әлдеқайда  бейім. Мысалы, сонау тоқсаныншы жылдарда Ауғанстан, Иран және Түркиядан бірнеше мың қазақ отбасы Қазақстанға қоныс аударды. Осы ағайындардың ешқайсысы да «Оралман едік; бізге жағдай жасаңдар» деп ешкімнің алдына барған да жоқ; ешкімге алақан жайған да жоқ. Күні-түні тынбай еңбек етті. Түрлі кәсіппен, шағын саудамен айналысты. Қазір олар өздері орналасқан жерлердегі бұрынғы тұрғындардан артық болмаса кем өмір сүрмейді.

         Еліміздің кез-келген жеріне барып, зерттеп көрсек, оралмандар жөніндегі  мұндай жақсы мысалдарды көптеп табуға болады.

     Осыған байланысты, «Қазақстан – 2050» стратегиясының экономика саласындағы міндеттерін жүзеге асыруда шетел қазақтарының мүмкіндігін жан-жақты пайдалану  ескерілуге тиіс. Әсіресе, жергілікті әкімдер  жаңадан келген оралмандар қандай шаруаға  бейім, не кәсіппен айналысқысы келеді дегенді анықтап, қажетті жағдай жасауды ойластырғаны жөн.     «Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша жергілікті әкімдер халықтың қалауымен сайланады. Осыған орай, халық сайлаған  әкімдер өз ауылдарының көркеюіне оралман ағайындарды дұрыс, тиімді пайдалануға айрықша назар аударар деп үміттенеміз

         Шетел қазақтарының арасында Қазақстанға белгілі бір мерзімге келіп,  қаржы салып, түрлі кәсіппен айналысқысы келетіндер де аз емес. Бірақ оларға Қазақстан тарапынан ешқандай қолдау жасалмайды. Керісінше визасын созбай, тұрақты тіркелуге, жұмыс істеуге рұқсат бермей, әуре-сарсаңға салып, ақыр соңында оларды кері қайтып кетуге мәжбүр ететін жағдайлар жиі кездеседі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігі мен Көші-қон комитеті сияқты құзырлы орындар бірлесе отырып осы мәселені реттеулері керек.

                   

Ауылшаруашылығын дамыту және қазақ диаспорасы

 

          Қазақстанның  жері ұшан-теңіз кең – ауылшаруашылығынан мол өнім алып, әлемнің алдыңғы қатарына шығуына толық мүмкіндігі бар.  «Қазақстан - 2050» стратегиясында бұл мәселеге де нақты көңіл бөлінген. Яғни, Елбасы  «елімізді әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауылшарушылығы өндірісін арттыру» міндетін күн тәртібіне қойып, бұл салада қолға алынатын негізгі мәселелерді анықтап берген. Соған орай, Елбасы «жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми-технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шарушылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту қажет» деп атап көрсеткен.     

Міне, осы міндеттерді жүзеге асыруға  шетел қазақтарының да үлес қосуға  үлкен мүмкіндіктері  бар. Мысалы, Қытай мен Өзбекстанда жер өңдеу мәдениеті барынша дамыған.  Мұны сол елде тұратын қазақтар да жақсы  игерген. Қытайда жер өңдеуге қажетті шағын техникалар жасау да барынша дамыған. Енді сол қазақтар осы диханшылық тәжірибесі мен қолда бар техникасын Қазақстанға әкелсе көп іс тындырар еді. Қазірдің өзінде олардың біразы шағын тракторлары мен  басқа да құрал-жабдықтарын Қазақстанға әкеліп, егін егіп, көкөніс өсіріп, өзгелерге үлгі көрсетуде.

 Міне, осы ағайындарға Қазақстан тарапынан қандай қолдау жасалуда?!. Оған нақты жауап қайтару қиын. Керісінше, шекарадағы кеденшілер олардың әкеле жатқан техникалық құрал-жабдықтарына кеден салығын барынша көбейтіп, басқа да тосқауылдар қойып, ойлаған мақсаттарына жетуге кедергі болуда.

Диханшылықты жақсы  менгерген ағайындардың басым көпшілігі Қазақстанға келгеннен кейін жекеменшікке жер ала алмай, әркімнің қараусыз жатқан бос егістіктерін жалға алып, уақытша жұмыс істеуде. Бұл да олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне қиындық келтіруде.

         Елбасының «мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту керек» деген тапсырмасы да шетелдегі ағайындар үшін айрықша  маңызды. Өйткені, Қытай мен Моңғолияда қазақтың ежелгі төрт түлік малы  жақсы сақталған. Осыларды Қазақстанға әкелсек, еліміздің бос жатқан ұлан-байтақ жері малға толар еді. Оралман ағайындар да  малды әкелсек деп армандайды.

Соған орай, Қазақстан үкіметі Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген тапсырмаларды орындауға кіріскенде Моңғолия мен Қытайдағы  қазақтарды өздерінің ежелгі төрт түлігімен әкелу мәселесін де ойластырса деген тілегіміз бар.

           ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып осы мәселені шешуі қажет.       

                     

Мемлекеттік тіл және қазақ диаспорасы

         «Қазақстан – 2050» стратегиясында мемлекеттік тіл мәселесіне де айрықша көңіл бөлінген. Яғни, Елбасы «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра  береміз» деп атап көрсеткен. Соған орай, Стратегияда мемлекеттік тілдің позициясын нығайтудың жолдары жан-жақты сараланған. Бұл ретте, Елбасының «Қазақ тілі 2025 жылға қарай  өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деп көрсете келіп, «Қазақ тілі шын мәніндегі мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп мәселені нақты қоюы шетелдегі қазақтар үшін де аса маңызды. Яғни, шетелдегі ағайындар да жалпы қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі болғандықтан қай жерде тұрса да өз ана тілін білуге тиіс. Бұл ретте Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөзі тек қазақстандық қазақтарға ғана емес, шетелдердегі, яғни жер бетіндегі бүкіл қазаққа ортақ.

Демек, Стратегиядағы тілге қатысты мәселелер  қолға алынғанда ана тіліміздің дамуына шетелдердегі ағайындардың да үлкен  үлес қосатынын ешқашан ұмытпауымыз керек. Шетелдерде, әсіресе, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай қазақтарында қазақтың бай да құнарлы тілі жақсы сақталған. Шетелдегі қазақтардың болашақта да өз ана тілін осындай таза қалпында сақтап, дамыта беруіне Қазақстан тарапынан  тиісті қолдау жасалынуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі сырт жерлердегі өз диаспорасына осындай қамқорлық көрсетеді. Мысалы, Ресей  Кеңес Одағының құрамында болған республикалардағы орыс тілінің жағдайына қазір айрықша көңіл бөліп, қолдау жасауға кірісті. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстандағы орыс халқының өз ана тілінде оқып, білім алуына барлық жағдай жасалып отырғанын атап айтқан жөн. Осымен салыстырғанда, Ресейдегі 1 миллионға жуық  қазақтардың қазақ тілінде оқытатын бір-екі ғана мектебі бар екендігі ойландырады әрі алаңдатады. Қазір екі ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы; осыған орай, Ресейдегі қазақтардың өз ана тілінде оқып, білім алуына қолдау жасауға толық мүмкіндік бар.

 Ана тілін дамытуға байланысты мұндай қолдауға өзге елдердегі ағайындар да өте зәру.

 «Қазақстан- 2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында  ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Білім және ғылым  министрлігі осы мәселеге де назар аударар деп үміттенеміз.

                       

Латын әліпбиі және қазақ диаспорасы

        «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы «2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын әліпбиіне көшіруіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деп атап көрсетті. Бұл  шетел қазақтарының көптен күткен жаңалығы еді. Өйткені, шетелдердегі ағайындардың біраз бөлігі, дәлірек айтқанда, Түркия мен Еуропаның бүкіл қазақтары латын жазуын қолданады. Өзбекстан мен Түрікменстан да латын жазуына көшкен. Яғни, бұл респуликалардағы қазақтар үшін  латын жазуы өте маңызды. Қытай қазақтары да өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары біраз уақыт латын жазуын пайдаланған. Қазір ағылшын тілі бүкіл дүниеге кеңінен тарауда; латын жазуын оқи алмайтын адам, әсіресе, жастар жер бетінде жоқ деуге болады. Сондықтан, латын жазуына көшу жер бетіндегі бүкіл қазақтың басын қосуға, шетелдегі ағайындардың атажұртпен байланыс жасауына, оралман болып көшіп келгенде жаңа ортаға тезірек бейімделуіне  оң ықпалын тигізері анық.

Яғни, шетелдік ағайындар Қазақстанның латын жазуына көшуіне ерекше ынталы, бұл жөнінде  қолға алынатын іс-шараларға әрқашан да өз үлестерін қосуға дайын.

         Сондықтан да Стратегияның латын жазуына көшу жөніндегі жұмыстары қолға алынғанда оған шетел қазақтарын да қатыстыру ұмыт қалмағаны дұрыс.

                               

Ұлттық мәдениет және қазақ диаспорасы

        Стратегияда ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлттық интеллигенцияның рөлін нығайту мәселесі де көтерілген. Бұл да шетел қазақтарына тікелей қатысты. Өйткені,  қазақ халқының ұлттық мәдениетін қазақстандық немесе шетелдік деп бөлуге болмайды. Яғни, жер бетіндегі барлық  қазақ халқының ұлттық мәдениеті – ешқандай шекарамен бөлінбейтін біртұтас қазына байлық. Қазіргі таңда шетелдерде, оның ішінде, әсіресе, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Иран, Түркия, Түрікменстанда қазақ халқының ұлттық бай мәдениеті, сапалы білімді ұлттық интеллигенциясы қалыптасқан. Тәуелсіздіктен кейін бұл елдермен  мәдени-рухани саладағы байланысымыз да жаңа деңгейге көтерілді. Соның нәтижесінде, елімізге мәдениет пен өнердің жаңа бір  тегеуірінді толқыны  келіп қосылды. Ұлттық әдебиетіміз бен ғылымымыз да соңғы жылдары шетелдерден келген  дарынды қандастарымызбен толығып, ұлттық интеллигенциямыздың  қатарын нығайта түсті.

Осы жақсы дәстүр одан әрі  жалғаса беруі үшін шетелдердегі Қазақ мәдени орталықтарына тұрақты түрде қамқорлық жасау керек. Өйткені, шетел қазақтарының  болашақтағы мәдени-рухани  жағдайы сол елдердегі Қазақ мәдени орталықтарының жұмысына  тікелей байланысты. Егер ол орталықтар неғұрлым жақсы жұмыс істесе, ағайындардың ұлттық-рухани мәселелері де солғұрлым  нәтижелі шешіледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы  алдағы уақытта шетелдердегі Қазақ мәдени орталықтарына осындай қамқорлық жасауды жүйелі түрде қолға алуы керек.

                 

Оқу-білім және қазақ диаспорасы

«Қазақстан – 2050» стратегиясында оқу-білім мәселесіне де айрықша көңіл бөлінген. Яғни, Елбасы алдағы уақытта білім беру ісін жаңа деңгейге көтеріп, жан-жақты дамыта берудің жолдарын анықтап, белгілеп берген.

Стратегияның оқу-білім жөніндегі  бұл міндеттері  де шетелдік қандастарымыз үшін  өте маңызды. Өйткені,  қазіргі кезде шетелдегі ағайындардың жас ұрпағы атамекенге келіп, білім алуға өте ынталы. Мысалы, соңғы кезде Англияның Лондон қаласындағы қазақ балалары өз күштерімен Алматыға келіп,  оқуға түссек деп  талаптанатын болды. Жұрт қазір балаларын шетелге, әсіресе Англияда оқытуға құмар. Ал осындай жағдайда Англиядағы қазақ жастары Қазақстанға келіп  оқимыз десе бұл бәрімізге ортақ абырой емес пе? Егер нақты қамқорлық жасалса шетелдерден келетін қазақ  жастарының барынша көбейетіні анық.

 Оның үстіне, алыстағы ағайындардың Қазақстанға келуінің ең оңай әрі тиімді жолы – оқуға түсу. Өйткені, салтбасты келген адам Қазақстандағы жаңа ортаға тез бейімделеді. Оқып, білім алғаннан кейін ешкімге салмақ салмай, одан әрі тұрақтап, жұмыс істеп кетуі де оңай. Бұған тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі  қазақ жастарының  Қазақстанға едәуір  мөлшерде  көптеп келе бастауы айқын дәлел. Бұл ретте,  тоқсаныншы жылдардың ортасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  қолға алуымен Жамбыл облысының Қаратау қаласынан 40 балаға арналған тұңғыш  дайындық бөлімінің ашылуы айрықша маңызды болды. Шетелдегі қазақ жастарын жоғары оқу орындарына дайындайтын бұл бөлімдерге түсушілердің саны қазір 1400 балаға жетті. Ендігі жерде осы Дайындық бөлімдеріне түскендерді  әр облысқа шашыратып жібермей, арнайы бір оқу орынында оқытуды жүзеге асырған дұрыс.

         Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттардың 2 пайызы шетелдік қазақ жастарына арналып отыр. Алдағы уақытта шетелдік қазақ жастарына арналған мұндай қолдаулар қазіргіден де ұлғая берсе  дейміз. Әсіресе, шетелдік қазақ жастарын кәсіптік мамандық беретін орта және арнаулы орта оқу орындарына арнайы гранттар бөліп қабылдау ескерілгені жөн.

      

Этникалық көші-қон және қазақ диаспорасы

          Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет» деп атап көрсете келіп «Үкімет 2013 жылы көші-қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірлеп, бекітуге тиіс» деп тапсырма берді. Бұл да шетелдегі қазақтарды үлкен үміт пен сенімге бастайды. Яғни, көші-қон жөніндегі бұл кешенді жоспарда этникалық көші-қон, яғни оралмандар мәселесіне де айрықша көңіл бөлінетініне   күманданбаймыз.  Қазақстан тәуелсіздік алысымен арнайы заң қабылдап, қаржы бөліп, әлемнің әр түкпірінде жүрген қандастарды атажұртқа жинауға кірісті. Қазір Қазақстан бұл  жөнінен Германия, Израиль сияқты санаулы елдердің қатарынан орын алады. Алдағы уақытта оралмандардың осы көшін  тоқыратып алмай, жал­ғастыру қажет.

Бұл ретте, Елбасының Әлем қазақтарының Астана қаласында өткен үшінші құрылтайында айтқан «Оралмандар елге не аламын деп емес, не беремін деп келулері керек» деген ұлағатты сөзі бірінші кезекте ескерілгені жөн. Яғни оралмандардың атажұртқа қоныс аударуына барлық қамқорлық жасалумен қатар, олардың жаңа ортаға тез бейімделіп, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өміріміздің әр саласында жұрт қатарлы  еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуы ескерілетін болуға тиіс. Және мұның нақты шарт-талаптарын да қалыптастыру керек.

      «Қазақстан – 2050» стратегиясында этникалық көші-қонға тікелей қатысты деп есептеуге болатын және бір мәселе бар. Ол – Елбасының шекарамен шектес аумақтарға ерекше назар аударуы.

 Яғни, Елбасы «Шекаралас өңірлердің әлеуеті әлі толық ашылған жоқ; оларды өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. Үкімет облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар  кешенін әзірлеу керек» деп атап көрсетті. Бұл тапсырманың да астарында халқымыздың көбеюіне, шетелдегі ағайындардың атажұртпен байланысын  жақсартуға бастайтын үлкен мәселелер жатыр. Өйткені, шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркіменстан, Қырғызстан  және Моңғолия мемлекеттерінде орналасқан. Сондықтан да Қазақстан үкіметінің  шекаралас аудандарға айрықша көңіл бөлуі көршілес елдерде тұратын ағайындардың осы өңірге тұрақты қоныс аударуына, немесе уақытша келіп жұмыс істеуіне ерекше жол ашатыны анық.

 

Еңбек көші-қоны және қазақ диаспорасы

         Бүгінгі таңда бүкіл  дүниежүзі бойынша еңбек көші-қоны ерекше көбейіп, халықаралық сипат алды. Яғни, қай елдің экономикасы дамыса сол елге барып  жұмыс істейтіндердің  көбейеді. Демек, болашақта Қазақстанға да еңбек көші-қонымен келушілердің саны арта түседі. Осыған орай, еңбек көші-қонына шетелдік қазақтарды тартуды да қазірден бастап   ойластырған жөн.

Яғни, шетел қазақтарының Қазақстанға белгілі бір мерзімге келіп, өндіріс пен ауылшаруашылығының түрлі салаларында жұмыс істеуіне жеңілдіктер беру керек. Мысалы, қазір елімізге Қытайдан бастап, көптеген мемлекеттердің үлкенді-кішілі компаниялары  келіп, мұнай мен газ өндіру, жол салу сияқты жұмыстарды жүргізуде. Олар өздерімен бірге қажетті мамандар мен жұмыс күшін де ала келеді. Міне, осы мамандар мен жұмысшылардың арасынан сол елдерде тұратын ұлты қазақ азаматтарды көбейтуге әбден мүмкіндік бар.  Соған орай,  шетелден келіп жұмыс істейтін мамандар мен жұмысшылардың арасындағы  ұлты қазақ азаматтарға жұмыс істеу мен тіркелуге байланысты  жеңілдіктер жасалуға тиіс. Бізде мұндай жеңілдіктер  жасау тәжірибесі  бұрын  болған еді. Мысалы, 1992 жылы Әлем қазақтарының алғашқы құрылтайы қарсаңында Қазақстан үкіметі «Шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің Қазақстанда болған кезінде  әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету жөнінде» №791 қаулы  қабылдады. Осы Қаулының негізінде шетелден келген қазақтарға  арнайы куәлік беріліп, олардың азаматтық алмай-ақ Қазақстанның кез-келген жерінде еркін жүріп-тұрып, жұмыс істеуіне, басқа да  кәсіпкерлікпен айналысуына рұқсат берілетін. Кейін осы жақсы Қаулының күші жойылды. Шетел қазақтарының  Қазақстанға келуіндегі қиындықтардың басым көпшілігі қазір осыдан  туындап отыр.

Осыған орай, шетел қазақтарын Қазақстанда болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ететін Қаулының  бүгінгі уақыт талабына бейімделген жаңа нұсқасы дайындалса екен  дейміз.

Мұндай жеңілдіктер бірінші кезекте шетелдерден тарихи отанына келіп өндіріс пен ауылшаруашылығының түрлі саласында жұмыс істеп, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін ағайындарға берілуге тиіс.

      

Шетел қазақтарының «Қазақстан – 2050» стратегиясына

                                                           қатысуының заңламалық негіздерін жетілдіру

Шетел қазақтарының «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға қатысуының заңнамалық негіздері толығымен қалыптасқан деуге болады.      

Бұл ретте, Қазақстанда «Халықтың көші-қоны туралы заң» бар; кезінде екі рет «Шетелдердегі отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, басқа да маңызды құжаттар дүниеге келген.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен Дүниежүзі қазақтарының төрт құрылтайында  да Қазақстанның шетел қазақтарымен байланысы жан-жақты сөз болды. Әлемнің әр түкпірінен келген Құрылтай делегаттары, Қазақстаның үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары түгел жиналған  бұл алқалы жиындарда Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев арнайы баяндама  жасап, шетелдегі ағайындардың атажұртпен байланыс орнатуына, көшіп келуі мен оқып-білім алуына, жұмыс істеуіне қажетті жағдайлардың бәрі жасалады деп атап көрсетті.

Елбасының  бұл сөзін жүзеге асыруға Қазақстанның  жағдайы толық жетеді – жері кең,  қазба байлығы мол. Соған орай жылына 15-20 мың отбасын қабылдауға квота беріліп, қаржы да бөлініп келді. Бірақ, қазір оралмандар көші біраз саябырсыды. Оның басты бір себебі - шетелдік ағайындардың атажұртпен байланыс жасауы мен уақытша не тұрақты көшіп келуіне қатысты заңдық-құқықтық мәселелердің  бір жүйеге түспегендігі.

Мысалы, Көші-қон мекемелері шетелден келген қазақтардың оралман мәртебесін алуы үшін ең алдымен бір үй тауып, сол үйге тұрақты тіркелуді талап етеді. Ал бірақ қазіргі кезде Қазақстандағы ең қиын мәселелердің бірі – біреудің үйіне тіркелу. Тіпті, Алматыдан Астанаға барған қазақстандық азаматтар да ағайын-туыс, таныс-білісін жағалап, тіркелетін үй таба алмай жүреді. Осындай жағдайда Қазақстанға жаңадан келген шетелдік қазақ тұрақты тіркелетін үйді  қайдан табады; бүгінгідей бәрі есептеулі заманда шеттен келген біреуді үйіне кім тіркеуге  тұрғызады?!. Бұл мәселе көші-қон мекемелерін мүлдем ойландырмайтын сыңайлы.

        Соңғы кезде  оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу үшін бұрыңғы тұрған елдің азаматтығынан шыққандығы туралы куәлік пен  сотталмағаны жөнінде анықтама әкелу керек деген талап қойылатын болды. Бұл талаптың да дұрыс екендігі көңілге күмән келтіреді. Мысалы, соңғы он бес – жиырма жылда бірнеше миллион адам Қазақстаннан сырт жерлерге көшіп кетті. Міне, осы сан миллион адамның ең болмаса біреуінің   қайта келіп  ҚР Ішкі істер министрлігінен Қазақстан азаматтығынан шыққандығы жөнінде куәлік, сотталмағаны туралы анықтама сұрап жүргенін көрген де, естіген емеспіз. Ал сонда біз өзге ешқандай елде жоқ әлгіндей талапты қайдан ойлап тапқанбыз?!.

         Жоғарыда айтқанымыздай, қазір шетелден келіп, Қазақстандағы оқу орындарына түсіп жатқан бауырларымыз да баршылық. Бірақ олар да құжат жөнінен түрлі  қиындықтарға кездеседі. Мысалы олар әуелі «жай визамен» келсе, оқуға түскеннен кейін ол визаны келген еліне қайта барып, «оқу визасымен» ауыстыру керек деген талап қойылады. Соның салдарынан «оқу визасын» аламын деп қайта кетіп, бірақ  виза да жоқ, оқу да жоқ, Қазақстанға жете алмай қалған бауырларымыз да көп

          ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет депертаменті, Ішкі істер министрлігінің Көші – қон полициясы комитеті және басқа тиісті орындар бірлесіп қолға алса мұның бәрі оп-оңай шешілетін  мәселелер.

                       

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және қазақ диаспорасы

 Жоғарыда айтылған жұмыстардан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да шет қала алмайтыны айтпаса да түсінікті. Соған орай,  Қауымдастықтың негізгі  міндеті – шетел қазақтарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасау екендігін атап айтқымыз келеді.

Сондай-ақ, Қауымдастық этникалық көші-қон мәселесіне де атсалысады. Бұл ретте, Қауымдастық шетелдегі ағайындардың атажұртқа қоныс аудару жөніндегі өтініш-тілектерін Қазақстанның тиісті орындарына жеткізіп отыруға күш салады.

 Осындай жұмыстардың нәтижесінде Қауымдастық шетел қазақ-тарымен  байланыс жасайтын еліміздегі ең басты ұйымға айналды.

Қауымдастық алдағы уақытта өз жұмысын қазіргіден де жақсартып, жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Бұл жоспарды жүзеге асыруда Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы» атты Жолдауына айрықша көңіл бөлінбек. Стратегиядағы көтерілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға шетел қазақтарын кеңнен қатыстыруға Қауымдастық өз тарапынан жан-жақты атсалысатын болады.

                          

Сөз түйіні

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы бүкіл халқымыздың алдына айрықша жауапты міндет,  биік мақсат қойып отыр. Қазақ елінің бұл биікке абыроймен көтеріліп, көздеген мақсатқа кідірмей жетеріне біз кәміл сенеміз. Және бұл тарихи кезеңге шетелдердегі қазақ диаспорасы да өздерінің  ылайықты үлестерін жан-жақты, толық қосады деп сенеміз.

                                                        

                                                             Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ.

толығырақ

ҚАУЫМДАСТЫҚ ҰСЫНЫСТАР ЖОЛДАДЫ

2012 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудағы алға қойылған ең басты міндет – 2050 жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу.

Елбасының алға қойған бұл асқақ та ауқымды мақсатының жүзеге асуы анық. Бұған Қазақстанның әлеуеті де, экономикалық мүмкіндігі де толық жетеді. Жолдауда мұның бәрі жан-жақты талданып көрсетілген. Енді осы үлкен міндетті бүкіл халқымыз айқын жоспар, нақты іспен қолға алуға тиіс.

Бұл игі істен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да шет қалмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан-

2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына

Жолдауын жүзеге асыруға шетелдік қазақтарды қатыстыру туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына №02 10.01.2013ж. шығысхаты арқылы ұсыныстар жолдады.

Өйткені, шетелдегі қазақтар – қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Яғни, қазақ халқының бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген іс-шара оларға да тікелей қатысты. Соған орай, олар Елбасы қолға алған әрбір игілікті бастамаға өздері де үлес қосуды армандайды. Және олардың бұған мүмкіндіктері де толық жетеді. Осыған байланысты, елімізді бұдан әрі дамыту барысында шетелдердегі ағайындарымызды қолтығымызға тартып, бүкіл халқымызға ортақ мұраттарды бірлесіп жүзеге асыруға қатыстыруымыз қажет. Бұл, әсіресе, «Қазақстан-2050» стратегиясыын жүзеге асыру барысында айрықша маңызды.

Міне, осы жағдайды ескере отырып Қауымдастық Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың жетекшілігімен «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыруға шетелдік қазақтарды қатыстыру туралы арнайы тұжырымдамалық ұсыныстар дайындалған еді. Бұл ұсыныстарда төмендегідей мәселелер қамтылды:

1. Елбасы және «Қазақстан - 2050» стратегиясы

2. «Қазақстан - 2050» стратегиясы және шетел қазақтары

3. «Қазақстан -2050» стратегиясына шетел қазақтарын қатыстырудың

төрт жолы

4 Ел болашағы, демография және шетел қазақтары

5. Экономикалық тайталас, кәсіпкерлік және шетел қазақтары

6. Ауылшаруашылығын дамыту және шетел қазақтары

7. Мемлекеттік тіл және шетел қазақтары

8. Латын әліпбиіне көшу және шетел қазақтары

9. Ұлттық мәдениет, ұлттық интеллигенция және шетел қазақтары

10. Оқу-білім және шетел қазақтары

11. Этникалық көші-қон және шетел қазақтары

12. Еңбек көші-қоны және шетел қазақтары

13. Шетел қазақтарының «Қазақстан - 2050» стратегиясына қатысуының

заңнамалық негіздері және оны жетілдіру

14. Оралман көшін кім ұйымдастырады?!.

15. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және шетел қазақтары

Eлбасы бұл ұсыныстарға қолдау білдіріп, көтерген мәселелерді ескеру жөнінде Қазақстан Үкіметіне тапсырма берді.

ДҚҚ ұсынысына байланысты Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен жауап хат келді. Хатта төмендегідей мәселелер айтылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда елге оралған отандастарымызды әлеуметтік қолдау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстарды келіп жатқан отандастарды тұрмыстың жаңа жағдайларына тездетіп бейімдеу, олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету, соның ішінде, оларды жұмыспен қамту бойынша соңғы жылдары қабылданған нормативтік құқықтық актілер көрсетеді.

Осылайша, 2009-2011 жылдары “Нұрлы көш” салалық бағдарламасы іске асырылды.

Аталған бағдарламаның оралмандарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша негізгі ережелері, өз бетінше жұмыспен айналысатындарды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды, оралмандарды тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету арқылы олардың табысын арттыруға бағытталған “Жұмыспен қамту–2020” бағдарламасына енгізілді.

Шетелдерде тұратын отандастарды(қазақ диаспорасы) Стратегия-2050-ді іске асыруға жұмылдыру мақсатында, бірқатар ұсыныстар енгізілді, соның ішінде:

1.Басым негізде иммиграция квоталарына көпбалалы оралмандар отбасыларын енгізу

“Халықтың көші-қоны туралы” ҚР заңының 20-бабына сәйкес этникалық қазақтар оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге артықшылықты мынадай кезектілік ретімен:

1)белгілі бір мамандық бойынша тиісті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі барлар;

2)көп балалы отбасылар;

3) жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар кәмілетке толған жастар;

4)саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақсыз елдерден келгендер пайдаланады.

Осылайша, көпбалалы отбасылар заңнамалық деңгейде көшіп келу квотасына енгізуге артықшылығы бар тұлғалар тізіміне қосылған.

Аталған шара қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсартуға үлес қосатындығын атап өту қажет.

Бұған қоса, “Оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1581 қаулысына сәйкес, оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбелік жылға саны 10 мың отбасыдан белгіленгендігін хабарлаймыз.

2.Кәсіпкерлікпен айналысуға оралмандар үшін жағдай жасау.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілеріне кешенді қолдау көрсету мақсатында 2010 жылдан бастап елде “Бизнестің жол картасы –2020” Бағдарламасы іске асырылуда.

Аталған бағдарламаға мемлекетіміздің барлық азаматтары (жеке кәсіпкерлер), соның ішінде ҚР азаматтығы бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген оралмандар да қатысуға құқылы.

Аталған бағыт аясында мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

–сервистік қызметтер көрсету, соның ішінде кеңестік(бухгалтерлік, заңнамалық, маркетінгтік), білім алуға материалдық көмек көрсете отырып, кәсіпкерліктің негіздеріне тегін оқыту, бизнес жоспар әзірлеуге қолғабыс көрсету, жобаларды іске асыруға 1 жылға дейінгі мерзімде көмек көрсету;

–микрокредиттер беру;

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен бюджеттік несие 5 жылға қайтарымды қағидасымен, 0,001% жедел және төлемді жылдық сыйақы ставкасымен беріледі.

Осылайша, оралмандарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Шетелдерде тұратын отандастарымызға қолдау көрсету бойынша жұмыс қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар және мемлекетіміздің заңнамасы аясында іске асырылады, соның ішінде:

“Жұмыспен қамту 2020” Бағдарламасы;

“Халықтың көші-қоны туралы” Заң;

“Білім туралы” Заң және т.б.

Бұдан басқа, жекелеген мемлекеттік органдарға қатысты мәселелер сол мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары аясында іске асырылады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда, шетелдерде тұратын этникалық қазақтарға қолғабыс көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 мамырда Дүниежүзі қазақтарының ІҮ құрылтайында берген тапсырмаларын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Осыған орай, алдағы уақытта шетел қазақтарының Қазақстанмен байланысы барынша кеңейіп, нығая түседі деген сенім мол.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алтын бесік» журналының бас редакторы

– Қазіргі таңда бүкіл еліміз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл тұрғыда шетел қазақтарының пі­кір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көш­бас­шысының осы стратегиясынан хабардар бо­лып, қызығушылық танытып отыр ма? Дү­­ниежүзі қазақтары қауымдастығы бас­шы­ларының бірі ретінде әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.

– Шетелдегі ағайындар Елбасының биылғы Жолдауынан жан-жақты хабардар деп толық сеніммен айта аламын. Ең ма­ңыз­дысы, олар Жолдаудан хабардар болып қана қоймай, сонымен бірге оны жүзеге асыруға қатысуға ынталы әрі бұған толық мүмкіндіктері де бар. Бұл ретте, тәуелсіздік алған жиырма жылда Қазақстанның қазіргідей биік деңгейге көтерілуіне шет­елдегі қазақ диаспорасының да үлкен үлес қосқанын айта кеткен жөн. Мысалы, тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезеңнің қиын уақытында Қазақстаннан сырт жерлерге бірнеше миллион адам көшіп кетті. Сөйтіп, көптеген елді мекендердің тұр­ғындары азайып, жұмыс қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осы қиын жағдайда сырт жерлерден Қазақстанға этникалық қазақтар, яғни оралмандар көптеп келе бастады. Осы үдеріс кезінде Қазақстанға үлкен демеу болды. Демек, шетелдегі ағайындарды болашақта да қолтығымызға тартып, бүкіл халқымызға ортақ мұраттарды бірлесіп жүзеге асыруды жалғастыра беру қажет. Бұл, әсіресе, «Қа­зақ­стан – 2050» стратегиясы сынды аса ма­ңызды міндеттерді қолға алғанда айрық­ша есте болғаны жөн.
 Осыған орай Елбасына Қауымдастық төралқа төрағасының бірінші орынба­сары Талғат Мамашевтың атынан «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға шетелдік қазақтарды да қатыстыру туралы тұжы­рым­дамалық ұсыныстар дайындап, ұсынған едік. Қазір Қазақстан үкіметі осы ұсы­ныс­тарды сараптамадан өткізіп, тиісті ақ­па­раттар жинап, жүзеге асырудың мүмкін­діктерін қарастыруда. Демек, болашақта Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға шетелдік ағайындар да өздерінің лайықты үлестерін қосады деп сенеміз.

 – Соңғы кезде «оралмандар көші мүлдем тоқтатылыпты, бұл жөнінде Үкіметтің қау­лысы да шыққан көрінеді» деген әңгіме айтылып жүр. Мұндай жағдайда шетелдегі ағайындар Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға қалай қатысады?

– Бұл – жай алыпқашпа сөз, оралман­­-дар көші тоқтатылған жоқ және тоқтатыл­май­ды да! Бұған Елбасына жолданған ұсы­ныстарымызға орай, Экономика және бюд­жеттік жоспарлау министрлігінен бізге күні кеше ғана келген жауап хат айқын дәлел. Бұл хатта «Оралмандардың 2012 – 2014 жылдарға арналған көшіп келу кво­тасын белгілеу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 жел­­­­тоқ­сандағы №1581 қаулысына сәйкес, оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбе­­лік жылға саны 10 мың отбасыдан белгілен­­ген» деп анық көрсетілген. Демек биыл да, ке­лесі жылы да атажұртқа кемінде 50-60 мың қан­дасы-мыз көшіп келеді деп есептеуге болады. Бірақ сонымен бірге ағайындар­дың ата­жұртқа келуі бұрынғыдан әлдеқайда бә­сеңдегені де даусыз. Мұндай жағдай, әсі­ресе, өткен жылы айқын аңғарылды. Бұл кездейсоқтық емес, көштің азаятыны осы­дан екі-үш жыл бұрын-ақ айқын байқала бастаған. Оның ең басты себептерінің бірі – көші-қондағы жемқорлық. 2007-2008 жылдардан бастап оралмандарға бөлінген ұшан-теңіз қаржыны неше түрлі алаяқтық жолмен талан-таражға салу кең етек алды. Кезінде біз Қауымдастықтың атынан бұл жөнінде бір емес, бірнеше рет баспасөз бетінде мәселе көтердік. Бірақ оған ешкім көңіл аудармады. Соның салдарынан ақыр соңында бірнеше облыстардағы көші-қон мекемелерінің басшылары мен қосшылары сотталып тынды. Көші-қондағы бүгінгі жағдай – соның «жемісі». Осыған орай Қа­зақстан Үкіметі қазір көші-қон жұмыста­рын ұйымдастыру мәселесін түбегейлі қай­та қарап жатыр.

– Көші-қон мәселесімен болашақта қан­дай мекеме айналысатын болады?

 – Елбасы «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясында «Бізге көші-қон мәселелерін ке­шенді түрде шешу бойынша ел өңірле­ріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қа­былдау қажет» деп атап көрсете келе: «Үкі­мет 2013 жылы көші-қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірлеп, бекі­туге тиіс» деп тапсырма берді. Бұл да шетел­дегі қазақтарды үлкен үміт пен сенімге бастай­ды. Көші-қон жөніндегі бұл кешенді жос­парда этникалық көші-қон, яғни орал­мандар мәселесіне де айрықша көңіл бө­лінеріне күмәнданбаймыз. Бүгінгі таңда көші-қон мәселелері Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау министр­ліктерінің құзырына берілген. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы №466 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жұмысын одан әрі жетілдіру туралы» Жар­лығында атап көрсетілген. Осы Жарлықта жоғарыда аталған үш министрліктің халық­тың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі міндеттері белгіленген.

Сондай-ақ алдағы уақытта оралман­дармен жұмыс жүргізуде біраз жаңалықтар болады деп күтілуде. Әкімшілік реформа шеңберінде көші-қон саласындағы заң­на­мада көзделген әлеуметтік төлемді бел­гілеу және атқару, әлеуметтік-тұрғындық бе­йім­деу, жұмыспен қамтамасыз ету, орна­ластыру, қабылдауды ұйымдастыру, көшіп келген оралмандарды есепке алу және тіркеу бо­йынша іске асыру функциялары жергі­лікті атқарушы органдардың күшімен жүзеге асырылмақшы. Бұл ретте, оралмандарға қатысты негізгі мәселелер «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары мен «Халықтың көші-қоны туралы» заңның аясында іске асырылады. 
Бұл жаңалықтар жүзеге асқанда орал­мандардың біраз мәселесінің бұрын­ғыдан әлдеқайда оңай шешілері анық. Алдағы уақытта алыстан келген ағайындар тұрақты тіркелетін жер іздеп әуреге түспейді, квотаға кіреміз деп ауылдан ауданға, облысқа шап­қыламайды, оралмандарға бөлінген қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейді.

– Көші-қон үдерісін тиімді жүргізу үшін бірінші кезекте қандай шаралар қолға алынуы керек деп ойлайсыз?

– Бірінші кезекте этникалық көші-қонды ең алдымен шетелдерде ұйымдастыру қолға алынуы тиіс. Өркениетті елдердің бәрі репатрианттардың (біздіңше айтқанда – оралмандардың) атажұртқа қоныс ау­да­руын осылай ұйымдастырады. Мысалы, Германия, Израиль, Польша елдерінің елшіліктері репатрианттардың алдын ала тізімін жасайды. Ұлтын анықтап, құжат­тарын мемлекеттік тілге аударады. Атаме­кенге бар­ғаннан кейін орналасатын жерін бел­гілеп, тұратын үйін, істейтін жұмысын анық­тайды. Әлеуметтік төлемақылар тө­леуді, тіл мен жазуды тегін үйретуді шешеді. Репатрианттар осы мәселелер толық рет­телгеннен кейін көшеді.
Бізде бұл жұмыстарды кім атқарады? «Халықтың көші-қоны туралы» заңда этни­калық көшті ұйымдастыруды Қазақстан­ның шетелдегі мекемелері, яғни елшілік­те­рі жүзеге асырады деп көрсетілген. Бірақ бұ­­ған әлі күнге не арнайы штат, не қаржы бөлін­ген емес. Сондықтан да біздің елші­ліктері­міз мұндай жұмысты толық жүргізе алмай­ды. Біздің оралмандар қай жерге бараты­нын, қайда орналасатынын өздері де біл­мей, нар­тәуекелмен шекарадан өтіп, келе салады. Қазақстанға келгеннен кейін де оларға нақты ие болатын, қажетті қам­қор­лық жа­сайтын мемлекеттік мекемелер табыла қой­майды. Алдағы уақытта осы­ның бәрі бір жүйеге түседі деп сенеміз. Бұл үшін қазақ­тар тығыз орналасқан елдердің Таш­кент, Нү­кіс, Баян-Өлгий, Үрімші сияқты қалаларынан көші-қон мекемелерінің бір-екі адамнан тұратын шағын өкілдіктерін ашу қолға алынғаны жөн.

– Оралмандар «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында көрсетілген міндеттердің қай са­ласына бірінші кезекте ерекше үлес қоса алады?

– Шетелдегі қазақтар «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы міндеттердің кез келген саласына белсенділікпен ат салыса алады. Қазір Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс деп отырмыз. Елбасы өз Жолда­уын­да бұл мақсатқа жетуде бәсекелестіктің барынша қатал болатынын, соған орай «ұлтымыз жаһандық экономикалық тай­таласқа дайын болуға тиіс» екендігін атап көрсетті. Міне, осы мәселеге келгенде ой­лан­дыратын біраз жағдай бар. Бұл ретте, әсіресе, біздің экономикалық тайталас пен бәсекелестікке әлі де бейімделе алмай отыр­ғанымызды жасырмау керек. Дүниежүзі­нің барлық елінде кез келген халық егін егіп, мал өсіретін жері, суы болса – ешкімге ала­қан жаймай, аянбай жұмыс істеп, күндерін көріп, жақсы өмір сүреді. Біздің Қазақстанда жер де, су да жетеді. Бірақ осы байлықты дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Есесіне «ауылда жұмыс жоқ, жағдайымыз қиын, әкімдер не бітіріп жүр?» деген әңгімелер жиі айтылады.
Шетел қазақтары жұмыс істеуге әлде­қайда бейім. Мысалы, сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында Ауғанстан, Иран және Түркиядан бірнеше мың қазақ отбасы Қазақстанға қоныс аударды. Осы ағайын­дардың ешқайсысы да «Оралман едік, бізге жағдай жасаңдар» деп ешкімге алақан жайған жоқ. Күні-түні тынбай еңбек етті. Түрлі кәсіппен, шағын саудамен айналысты. Қазір осы ағайындар өздері орналасқан жерлердегі бұрынғы тұрғындардан артық болмаса, кем өмір сүрмейді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядан келген ағайындар туралы да осыны айтуға болады. 

Сондай-ақ «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға байланысты маңызды мәселелер көтерілді. Бұл жөнінен де шетел қазақтарының тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Кешегі кеңес үкіметінің тұсында қазақ тілі Қазақстанның өз ішінен гөрі сырт жерлерде әлдеқайда жақсы сақталды. Сол кезде Қазақстанның Алматыдан бастап үлкенді-кішілі қалалары мен орталық, солтүстік облыстарындағы қазақтардың басым көпшілігі өз ана тілінен безініп, қазақша «аузың қайсы десең, мұрынын көрсететін» жағдайға душар болды. Осындай кезде Өзбекстан, Тәжікстан, Түрiкменстан, Моңғолия, Қытай елдеріндегі сан миллион қазақтар өз ана тілін таза күйінде сақтай білді. Тіпті, Түркия, Иран, Ауғанстан қазақ­тарының да қазақ тіліне деген көзқарасы біздегіден әлдеқайда жақсы болды. Осы ағайындардың 90-жылдардан бастап ата­жұртқа жаппай қоныс аударуы – Қа­зақ­стандағы қазақ тілінің біржолата тұралап қалмай, қатарға қосылып, қайта дамуына айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Шетелдік ағайындардың Қазақстандағы мемлекеттік тілге жасар мұндай ықпалы болашақта да өз маңыздылығын жоймайтыны даусыз.
«Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық жағдай, латын әліпбиіне көшу, ұлттық мәдениет пен ұлттық интел­лигенция, оқу-білім мәселелеріне де қа­тысты көптеген нақты міндеттер белгіленген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға да шетел қазақтарының айтарлықтай үлес қоса алатындығы даусыз. 

– «Қазақстан – 2050» стратегиясында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Жалпы, бұл саланың еліміз үшін аса маңызды екендігі баршаға мәлім. Соған орай, шетел қазақтарының осы салаға қатысу мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіз?

– Бұл сұраққа жауап берместен бұрын мына жағдайға тоқталғым келеді. Қа­зақ­станның жері ұшан-теңіз – ауыл ша­руа­шылығынан мол өнім алып, әлемнің ал­дыңғы қатарына шығуына толық мүмкін­дік бар. Бірақ соған қарамастан, айналдыр­ған 16 миллион халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмай, едәуір бөлігін сырт­тан тасимыз. Бұл – адам ұялатын жағдай. Болашақта ең дамыған 30 елдің қатарына кіретініміз рас болса, бұл жағдайды тез арада реттеу қажет. «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында бұл мәселеге де нақты көңіл бөлінген. Елбасы «жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми-технология­лық, басқарушылық жетістіктерді ескере оты­рып, мал шаруашылығындағы дәстүрлері­мізді жаңғырту қажет» деп атап көрсетті. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыруға да шетел қазақтары үлкен үлес қоса алады. Қытай мен Өзбекстанда жер өңдеу мәдениеті ба­рынша дамыған. Мұны сол елде тұратын қазақтар да жақсы игерген. Қытайда жер өңдеуге қажетті шағын техникалар жасау да барынша дамыған. Енді сол қазақтар осы диқаншылық тәжірибесі мен қолда бар техникасын Қазақстанға әкелсе, көп іс тындырар еді. Қазірдің өзінде олардың біразы шағын тракторлары мен басқа да құрал-жабдықтарын Қазақстанға әкеліп, егін егіп, көкөніс өсіріп, өзгелерге үлгі көр­сетуде. Бұл ағайындарға Қазақстан тара­пынан қандай қолдау жасалуда? Оған нақты жауап қайтару қиын. Керісінше, шекарадағы кеденшілер олардың әкеле жатқан техни­калық құрал-жабдықтарына кеден салы­ғын барынша көбейтіп, басқа да тосқауыл­дар қойып, ойлаған мақсаттарына жетуге ке­дергі болуда. Егiншiлiктi жақсы мең­гер­ген ағайындардың басым көпшілігі Қазақ­стан­ға келгеннен кейін жекеменшікке жер ала алмай, әркімнің қараусыз жатқан бос егістіктерін жалға алып, уақытша жұмыс істеуде. Бұл айтылған мәселелер болашақта ескерілер деп үміттенеміз.
Елбасының «мал шаруашылы­ғындағы дәстүрлерімізді жаңғырту керек» деген тапсырмасы да шетелдегі ағайындар үшін айрықша маңызды. Өйткені Қытай мен Моң­ғолияда қазақтың ежелгі асылтұқым­ды төрт түлік малы жақсы сақталған. Осылар­ды Қазақстанға әкелсек, еліміздің бос жат­қан ұлан-байтақ жері малға толар еді. Оралман ағайындар да малды әкелсек деп арман­дайды. Бірақ ол армандары жүзеге аспай отыр!

– Неге жүзеге аспайды? Моңғолия мен Қытай жағынан тосқауыл болып отыр ма?

– Жоқ, Моңғолия да, Қытай да қарсы емес, керісінше қолдайды. Ал қарсылық – Қазақстан тарапынан. Дәлірек айт­қанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігіне қарасты ветеринарлық қызмет мекемелері «бұл елдерде жұқпалы ауру бо­луы мүмкін» деген сылтаумен малды ше­карадан өткізуге тыйым салған. Бір таңқаларлығы, бізде Америка мен Еу­ропадан өлі тауық еті мен тірі сиыр тасуға ешқандай кедергі жоқ. Осыдан бір-екі жыл бұрын сол тауықтың етінде улы зат бар екендігі анықталып, Еуропада біраз шу шықты. Жақында ғана Австриядан асылтұ­қымды деп әкелінген 722 сиырда жұқпалы дерт бар екендігі анықталып, жойылғаны баршаға мәлім. Осыларды көргенде, мем­лекеттің ұшан-теңіз қаржысын шығын­дап, алыстан күмәнді тауық пен ауру сиыр та­сығанша, іргедегі елдерден Қазақстанның табиғаты мен ауа райына бейім, өзіміздің төрт түлік малымызды тегін неге әкелмейміз деген сұрақ туады. Кеңес Одағы тұсында Моң­­ғолияның малын Өскемен арқылы жер­мен айдап әкеліп, Семейдің ет комби­натына өткізетін еді. Сол кезде болмаған жұқпалы ауру енді қайдан шыққан?! Ма­мандармен сөйлесіп көрдік. Олардың айтуынша, Моңғолия мен Қытайдың малын шекарада бірер ай карантинде ұстап, жақсылап тексеріп, содан кейін өткізе беруге болатын көрінеді.

Осыған орай Қазақстан Үкіметі Елба­сының «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы мал шаруашылығына қатысты тапсыр­маларын орындауға кіріскенде, Моңғолия мен Қытайдағы қазақтарды өздерінің ежел­гі төрт түлігімен әкелу мәселесін де ойлас­тыр­са деген тілегіміз бар. Айта кететін тағы бір мәселе – «Қа­зақ­стан – 2050» стратегиясында Елбасы «Ше­каралас өңірлердің әлеуеті әлі толық ашыл­ған жоқ, оларды өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. Үкімет облыстардың әкімдері­мен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Бұл мәселе де қазақ диаспорасына тікелей қатысты. Өйткені шетелдегі қа­зақтардың басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде орналасқан. Сондықтан да Қазақстанның шекаралас аудандарына айрықша көңіл бөлуі көршілес елдерде тұратын ағайындардың осы өңірге тұрақты қоныс аударуына ерекше жағдай тудыратыны анық. Ендеше, шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қо­сымша шаралар кешенін әзірлегенде, бұл игілікті іске көршілес мемлекеттерде тұра­тын ағайындарды қатыстыру да ескеріл­гені жөн.
 
– Этникалық көші-қон, яғни оралмандар көші туралы біраз әңгіме айттыңыз. Осы жұ­мыстар жөнінде Дүниежүзі қазақтары қа­уымдастығы өз тарапынан қандай іс-ша­раларды қолға алмақшы?

– Бірден ашып айтайық, көші-қон және оралмандар мәселесімен айналысуға Қа­уымдастықтың да, Қауымдастық сияқты өзге қоғамдық ұйымдардың да заңнамалық құқы, қаржылық мүмкіндігі жоқ. Өйткені көші-қон бірыңғай мемлекеттік меке­ме­лердің құзырындағы шаруа. Мемлекеттік ме­кемелердің жұмысына қоғамдық ұйым­дардың араласуына заңмен тыйым са­лын­ған. Бірақ осыған қарамастан, елімізде «кө­ші-қонмен біз айналысамыз, оралмандар мә­селесін біз шешеміз» дейтін қоғамдық ұйым­дар көбейіп барады. Олардың көпші­лігі Қазақстанға жаңадан келген орал­мандарға дұрыс жол көрсетудің орнына, ешқандай заң мен ережеде жоқ, ойдан шы­ғарылған теріс ақпарат берумен айна­лы­сады. Қазақстан азаматтығын баяғыда ал­ған, қолында «оралман» екенін дәлел­дейтін ешқандай құжаты жоқ кісілерді жинап алып, «сендер оралмансыңдар, сендердің мәселелеріңді біз шешеміз» деп жиналыс өткізіп теріс үгіт жүргізу осының айқын бір көрінісі.Сайлау науқаны жақындаса неше түрлі саяси партиялар да оралмандардың кере­­мет жанашыры болып, орындалмайтын уәде­лерді үйіп-төгіп беруге кіріседі. Сайлау аяқ­талған соң ол партиялардың оралман­дардың төңірегінен төбесін де көрмейсіз. Мұның бәрі этникалық көші-қон жұмыс­тарын ұйымдастыруда кейбір түсініспеу­шіліктерді тудырып, жаңадан келген орал­мандарды түрлі шатастыруға ұрын­дырып жүр.Қауымдастық болса, бұл салада негі­зінен, алыс-жақын шетелдердегі ағайын­дардың көші-қон саласындағы өтініш-тілектері мен мұң-мұқтаждарын жинап, бір жүйеге түсіріп, Қазақстанның құзырлы орындарына жеткізіп, олардың заңдық-құқықтық негізде шешілуіне қозғау салып отыруды жүзеге асырады.

– Сонда Қауымдастықтың негізгі жұмы­сы не? Ол бұдан басқа қандай шаруалармен айналысады? 

– Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы – атажұрт пен шетелдегі 5 миллион қазақ диаспорасының арасын жалғастыратын ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті – шетел қазақтарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасау. Қауым­дастық күнделікті жұмысын Елбасының Әлем қазақтарының құрылтайларында белгілеп берген бағыт-бағдары бойынша және Құрылтай шешімі мен өз Жарғысына сүйеніп жүргізеді. Қазір Қауымдастық 30-ға жуық мемлекеттердегі қазақ диаспорасымен нақты байланыс орнатқан. Қауымдастықтың ең басты жұмыс­та­рының бірі – Қазақстанның қол жеткізген табыстарын және Елбасының Қазақстан­ды ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жөнінде жүзеге асырып жатқан игі істе­рін шетелдегі ағайындарға жеткізіп, насихат­тап отыру. Сондай-ақ бұл игілікті істер ше­телдегі ағайындарға Қауымдастықтың жа­нынан жарық көретін «Алтын бесік» жур­налы мен «Туған тіл» альманағы арқылы да дер кезінде жеткізіліп тұрады. Шетелдегі ағайындармен байланысты нығайту үшін Қауымдастық «www.kazaktar.kz» атты веб­сайт та ашқан еді. Елбасының биылғы Жолдауының айрықша маңызды екенді­гін ескере отырып, қазір бұл вебсайттың т­а­қы­рыптық ауқымы мен мүмкіндігін әлдеқай­да кеңейту қолға алынуда.

– Шетелдегі ағайындарды көші-қон­нан бөлек және қандай мәселелер тол­ғандырады? Олардың атажұртқа айтар басқа өтініш-ті­легі, мұқтаждықтары бар ма?

 – Бұл сұраққа да жауапты «Қазақстан- 2050» стратегиясымен байланыстырған дұрыс. Стратегияда ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлттық интеллигенцияның рөлін нығайта беру мәселесі де жан-жақты көте­рілген. Бұл да шетел қазақтарына тікелей қатысты. Өйткені қазақ халқының ұлттық мәдениетін қазақстандық немесе шетелдік деп бөлуге болмайды. Жер бетіндегі бүкіл қазақтың ұлттық мәдениеті – ешқандай шекарамен бөлінбейтін біртұтас мәдениет. Қазіргі таңда шетелдерде, оның ішінде, әсіресе, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Иран, Түркия, Түрiкменстанда қазақ халқының ұлттық бай мәдениеті, сапалы білімді ұлттық интеллигенциясы қалып­тасқан. Тәуелсіздіктен кейін бұл елдермен мәдени-рухани саладағы байланысымыз да жаңа деңгейге көтерілді. Соның нәтиже­сінде, елімізге мәдениет пен өнердің жаңа бір тегеурінді толқыны келіп қосылды. 
Осы жақсы дәстүр бұдан да әрі жалғаса беруі үшін шетелдердегі Қазақ мәдени ор­талықтарына тұрақты түрде қамқорлық жасау керек. Өйткені шетел қазақтарының болашақтағы мәдени-рухани жағдайы сол елдердегі Қазақ мәдени орталықтарының жұмысына тікелей байланысты. Егер ол орталықтар неғұрлым жақсы жұмыс істесе, ағайындардың ұлттық-рухани мәселелері де соғұрлым нәтижелі шешіледі. Өр­ке­ниет­ті елдер шетелдегі ұлттық мәдени ор­та­лықтарына бюджеттен арнайы қаржы бөліп, қолдау жасайды. Мысалы, Ресей соңғы кезде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде. Израиль де шетелдегі еврей мәдени ор­талықтарына нақты қамқорлық көмек көрсетеді. Оңтүстік Корея Алматыдан бір мәдениет үйін сатып алып, Корей мәдени орталығына айналдырды. Германия Қа­зақстандағы және басқа да елдердегі неміс мә­дени орталықтарына осындай көмек бе­руде. Қытай Халық Республикасы да соңғы уақытта Қазақстанда бірнеше қытай мәдени орталықтарын ашты. Демек Қазақстан Республикасы да алдағы уақытта шетелдер­дегі Қазақ мәдени орталықтарына осындай қамқорлық жасауды жүйелі түрде қолға алуы керек.

– Көпшілік «Алтын бесік» журналын біле бермейді. Ол туралы да бір-екі ауыз айта кетсеңіз.

– «Алтын бесік» журналы 2002 жылы Әлем қазақтарының III құрылтайына ар­налып шыққан еді. Шетел қазақтарына арналған бұл басылым содан бері ҚР Мә­дениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен үзбей жарық көріп келеді. Басы­лым, негізінен, Қазақстанның қол жет­кізген табыстары мен мәдени-рухани саладағы жаңалықтарын шетелдегі қазақ диаспо­расына насихаттауды мақсат етеді. Бұл ретте Елбасының Жолдауына әрқашан айрықша көңіл бөлінеді. Сондай-ақ жур­налда шетел қазақтары туралы тартымды ма­териал­дар тұрақты жарияланады. Шет­елдегі ағайын­дар Қазақстанның басы­лымдарын жаз­дыртып ала алмайды, соған орай «Алтын бесікті» алыстағы ағайындарға шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен елші­ліктеріміз арқылы тегін таратамыз. Енді алдағы уақытта журналдың элек­трон­дық нұсқасын дайындап, интернет жүйесі арқылы таратуды қолға алып отырмыз. 
– Әңгімеңізге рақмет!
 
Сұхбаттасқан 
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

толығырақ

Елбасы халыққа Жолдауында: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. 2025 жылға қарай Қазақстан азаматтарының 95 пайызы қазақша білуі тиіс» деп ашық айтты. Яғни қазақ тілін білу – Қазақстан азаматтарының міндеті әрі азаматтық борышы. Кез келген ұлттың жанды жері – тілі. Кез келген мемлекеттің саясаты сол мемлекетті құраушы ұлттың тарихына, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына сай түзіледі. Тіл мемлекеттік мәртебесіндегі тұғырында мызғымағанда ғана ұлттың айбыны асқақтай бермек. Бабадан балаға мирас болатын ұлттық дәстүр, салт, тіл, діл мен дін, ұлтын шексіз сүю сияқты қасиеттер Ананың сүті арқылы бала бойына дариды. Осы орайда, Елбасы халыққа Жолдауында: «Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деді. Осылайша, тіл мәселесіне баса назар аударған ол мемлекеттік тілдің ұстанымын нығайту үшін мемлекет тарапынан бірқатар шаралар атқарып жатқанына, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керектігіне тоқталды: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн». Өкінішке қарай, кейде барлық сөзді қазақ тіліне аударамыз деп шала бүлінетін кей ағайын халықаралық терминдерді қазақшалаймын деп тыраштанып, оның соңы күлкіге айналып жатады. Президент осы түйткілді де қозғады: «Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады. Біз өмірді өзіміз күрделендіре түсеміз, түсінбестікке бой алдырып, ақыл-ойды сапырылыстырамыз, көнерген сөздердің шырмауынан шықпаймыз. Мұндай мысалдар аз емес. Мен қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне қазіргіше аударуды ұсынамын. Бәлкім, жастар арасында конкурс жариялау керек шығар: өздеріне не нәрсе қызықты әрі пайдалы екенін олар да айтсын». Қазақстанның мемлекеттік тілін меңгеру, оны жетік білу – Қазақстан азаматтарының міндеті, азаматтық борышы. Неге екені белгісіз, Тәуелсіздік алғалы 21 жыл өтсе де, кеңестік империяның ұрдажық саясатының ықпалынан арылсақ та, құлдық санадан арыла алмай жүрген қандастар мен отандастар бар. Ана тілді білудің орнына, қазақ тілін меңгеруді өзгелерге насихаттаудың орнына олар тіпті мемлекеттік тілде сөйлегісі келмейтіндерін ашық мәлімдеуден де тартынбайды. Қазақстан – осы елде өмір сүретін барлық ұлт пен ұлыс өкілдеріне ортақ Отан. Демек, мемлекеттік тілді үйрену мәселесі білмейтін отандастар үшін өзекті болуы тиіс. Оның үстіне, Н.Назарбаев 2025 жылға қарай Қазақстан азаматтарының 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі керек деді: «Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл

саясатын сауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған». Елбасының айтуынша, қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз. Ең бастысы, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі». Осыдан 21 жыл бұрын, яғни, Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары еліміздегі қазақтар саны 6,8 миллион немесе 41 пайыз болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 пайыздан асты. Сандық көрсеткіштерге шақсақ, қазақтың саны 4 миллионға артқан. Бұл орайда Елбасы «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс» деген көкейге қонымды уәжі мемлекеттік тілге шорқақ шенеуніктерге сабақ болса, игі. Әйтпесе, «Қазақша білесіз бе?» деген сұрақ қойылса шамданып, шамырқанып шыға келетін шенеуніктер көп. Үкіметтегі, Парламенттегі баяндамаларын қағазға жазып алып, оның өзін қатемен және құлаққа түрпідей тиетін акцентпен оқығанын қанағат тұтып жүргендер туралы әңгіме бір басқа. Сонымен қатар мемлекеттік органдар, әсіресе, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне т.б. министрліктерге қарайтын құзырлы органдар мен да іс-қағаздарын жүргізу әлі күнге ресми тілде қалып отырғаны тағы бар. «Өркениеттіліктің жөні осы» деп, қит етсе, орысша шатып-бұтуға құмар қандастардың жөні бір басқа. Олар туралы Президент: «Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», – деді. Әлбетте, бұл дегеніңіз – мемлекеттік тілді білу жауапкершілігі тек қазақтардың мойнына жүктеледі деген сөз емес. Президенттің «2025 жылға қарай Қазақстан азаматтарының 95 пайызы қазақша білуі тиіс» деп баса айтуы – соның айғағы: «Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ». Кейде кез келген әрекеттен саяси астар іздейтін, айрандай ұйыған елді іркіттей ірітуге тырысатын арампиғылды, мысықтілеулер жетерлік. Бірақ мұндай арандатушылық әрекеттерге ұрынбағанымыз жөн. Бұл туралы да Елбасы былай деді: «Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз». Ал тіл еліміздегі ұлт пен ұлысты ұйыстыратын басты қағида болуы шарт: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен

енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз».

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=38&id=8645

толығырақ

Әлемде экономикалық және саяси дағдарыстан көз ашпай, берекесі қашып, бейбітшілігінен айырылған қаншама мемлекет бар. Ханының қадірі кетіп, халқының қарны ашқан елдердің жағдайын әлемдік ақпарат құралдарынан күн сайын естіп, жағамызды ұстап, тәубемізге келеміз.  Атыс-шабыстан көз ашпай келе жатқан Ауғанстан, Ирак, Египет, Сирия, Тунисті айтпаған күннің өзінде, күні кеше ғана шаңырағын шайқалтып алған көрші қырғыздарға қарап, «елдің ең бірінші байлығы – бейбітшілік» екенін мойындайсыз. 


...Аз қазақты ақырындап кө­бей­тіп, еңсесін көтеріп, сабырлы­лық пен салмақтылықтан ажыра­май, елді жарқын болашаққа бас­тап бара жатқан – Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Көптің қамын жеген Көш­бас­шымыз ай сайын әкім-қарала­р­дың жұмысын сараптап,  жыл сайын еліне есеп беріп, сонымен қатар әр жылдың басында бағыт-бағдарды анықтайтын Жолдау жариялайды. Президентіміздің кө­регендігі мен еңбекқорлы­ғы­ның арқасында 21 жыл ішінде ғасырға бергісіз жетістікке қол жеткіздік. 

Елбасымыздың өз сөзімен айтсақ: «Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көк­жиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жол­дардан өттік. Осыдан 21 жыл бұ­рын әлем жұртшылығы Тәуел­сіз­дігін енді ғана жариялаған Қа­зақ­стан Республикасын былай қойғанда,  қазақ деген халықтың бар-жоғын әлі танып-білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүниежүзі мойындаған Қазақ­станның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі, шынында да, қиын еді. Бірақ бұл – бәріміз куә болған ақиқат дүние. Содан бері 21 жылда ұлан­ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық... Бұл жүректен шыққан қуанышты лебіз, шын сөз еді.
Менің осы мақаланы жазуыма түрткі болған, жүрегіме терең ой салып, қаламыма қайрат бітірген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы. Бұл – Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесінде орайластырып, қазақ халқына арналған ең үлкен сый­лық болды. Халықтың көңілдегісін қалай дөп басты. Тым ерте емес, аса кеш те емес. Дер кезінде, нысананы дәл көздеген мергеннің оғындай болды. Мінсіз стратегия болды. 
Бұл стратегияның қазақ ұлты үшін аса қымбат, ерекше маңызды болары сөзсіз. Оған көптеген дәлелдер келтіруге болар, бірақ «Қазақ мемлекеті боламыз» деген екі ауыз сөздің өзі жетіп жатыр. Сабыры сабынның көпіршігіндей жеңіл, қайсыбір «тұлғалардың» орынсыз ұрандарынан гөрі, ха­лыққа дәл осындай нақты әрі ба­тыл шешім керек. Күткеніміз осы еді. Көңілімізден шықты. Дәл осы жерден аттың басын ірке тұрып, елді елең еткізген Жолдаудың өзі­ме тікелей қатысы бар, денсау­лық пен жеке кәсіпкерлік тақырып­тарын таратып өтейін. 

Елбасымыз саясатты тұрақ­тандырып, экономиканы өсіруді қаншалық басты орынға қойса да, халықтың денсаулығы мен жан­ саулығына қатысты түйткіл­дерге де тоқталмай кеткен жоқ. Әсіресе, нағыз ер-азамат ретінде аналар мен балаларға деген сүйіс­пеншілігін жеткізе білді. Анығын айтсақ, Елбасы Н.Назарбаев «Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет.  Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, за­манға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілме­ген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар» –деді. Бұл сөз ұлтымыздың әлсіреп бара жатқан рухани құндылықтарына деген Елбасының алаңдаушылығы еді. Мемлекет басшысы Отанның отбасынан басталатынын тілге тиек етіп, әйел заты әрдайым біз­дің қоғамның тең құқылы мүшесі екенін баса айтты. Отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайт­тарының жолын кесу керектігін жеткізді. Жетімін қаңғыртпаған, жесі­рін жылатпаған қазақ екенімізді еске алған Президенті: «Бейбіт өмір­дің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар балалар үйлері толы. Бұл – өкінішке қарай, жал­пы­әлемдік үрдіс және жаһан­дану­дың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі ба­ла­лар үйлері салынуын көтерме­леуі қажет» деп, ұлт болашағы үшін аса маңызды мәселенің басын ашып берді. 

Ұлттың болашағы жас ұр­пақта екенін алға тартқан Елба­сымыз «Біз балаларымыздың ден­саулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұ­мыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды меди­циналық қызметтің барлық спек­трімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарт­та­рына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады» деді.
Денсаулық саласының түпкі түйткілі медициналық білім беру жүйесінде екеніне назар аударған Назарбаев «Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орын­дары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру меке­мелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс» деп, осы саланың халық үшін қаншалықты маңызды еке­нін білдірді. Сонымен бірге Елбасымыз «денсаулық саласындағы мем­ле­кеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек» деді. Бұл – бүгінгі медицина саласына тың өзгеріс, үлкен серпіліс әкелетін ұсыныс. Егер осындай жоба кемшіліксіз атқарылатын болса, денсаулық сақтау саласындағы таза бәсеке­лестік артып, соның нәтижесінде үлкен жетістікке жетуге болады. 

Нұрсұлтан Әбішұлы «барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді деп ес­керт­ті. Жеке ауруханалар мен емха­наларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз» деді. Расында, мемлекетке арқа сүйеп, тұрақты айлық пен пейілсіз жұмысқа бой алдырып алған мамандарымыз үшін жағымсыз өзгеріс болға­ны­мен, ел үшін аса игілікті шаруа боларсы сөзсіз.  Біздің «Жас-Ай» медициналық орталығы Елбасының қазақстан­дықтардың алдына қойған осы мақсатын іс жүзіне асыруды бастап кетті. Айталық, жеке медици­на­лық орталығымыздың жаны­нан, 5 қабатты аурухана сал­­дыр­­дық. Ал­дағы уақытта Елба­сының «Қазақ­стан – 2050» страте­гия­лық Жол­дауында айтылған осы бағыттарын барынша шы­найы орындау үшін күш сала­мыз.  «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негі­зі» деді Елбасы. Бұл үндеуіне «Жас-Ай» орталығы да өз үлесін қосады. Біз орталығымыздың жанынан құрылған «Ел-Шуақ» қоғамдық қоры арқылы Алматы қаласы мен Қарасай ауданының тұрғындары үшін квота беруді жолға қоймақ­шымыз. 

Елбасы Жолдауында «Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауап­кершілігі білім беру сала­сында айрықша көрінуі керек»  деді. «Бұл ең бірінші кезекте, лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жас­тарға көмек беруге қатысты» деп айтты. Жолдаудың осы бөлі­гін орындау үшін орталығымыздың жанынан құрылған «Ел-Шуақ» қоғамдық қоры арқылы, медици­налық университеттерде оқып жатқан үздік студенттер арасында байқау жариялап, ақшалай сый­лық үлестірмекшіміз. Бұл үрдісті жыл сайын жалғастырып, өзіндік үрдіске айналдыруды көздеп отыр­мыз. Жалпы, денсаулық сақтау са­ласының жекеменшік әріптестер­мен бірлесе жұмыс істеуін айтқан Елбасы оларға қолдан жасалатын кедергінің болмауын ескертті. Бұл – біз үшін үлкен абырой және ауыр міндет деп есептейміз.

Қазіргі ғасырымыз тұрақты­лық пен гүлденудің, бейбітшіліктің ғасыры болатынына сенім біл­дір­ген Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсат­керлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. Елбасы белгілеп берген «Қа­зақстан – 2050» жаңа саяси стра­те­гиялық даму бағыты қазақ­стан­дықтарды жаңа белестерді ба­­ғын­­дыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады. Ал біздің міндетіміз – бола­шаққа жол ашатын Жолдаудың қолдаушысы болу. Жолдаудың орындалу жолында азаматтық үлесімізді қосу. «Көп түкірсе, көл болады» демекші, Үкіметке ала­қан жайып, қарап отырмай, бел­гілеп берген бағыт бойынша, заң шең­берінде жұмыс жасап, еңбек ете­тін болсақ, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ертерек қосы­латынына сенімдімін.

Жасан Зекейұлы,
медицина ғылымдарының
докторы, профессор, академик


толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті