Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағы жаңа тағайындау

 

Бүгін Ахат Мырзалин «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе олбыстық филиалының жетекшісі болып тағайындалды.

Ақтөбе облысында дүниеге келген А. Мырзалин Ресей Федерациясының Омск  мемлекеттік ветеринариялық институтының Ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Атбасар ет комбинатының ветеринарлық дәрігері болып бастаған ол Темір аудандық атқарушы халық депутаттар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, Темір ауданының әкімі сияқты бірқатар басшылық лауазымдарда болған.

Кейіннен Облыс әкімінің кеңесшісі, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындарында қызметтер атқарған.

2017 жылдан бері Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Өмірлік тәжірибесі мол азаматтың қоғам арасындағы беделі мен белсенділігі жоғары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ