Екіжақты Меморандумға қол қойылды

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Татарлардың дүниежүзілік конгресі» Халықаралық Одағы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен Дүниежүзілік татарлар конгресі ұлттық кеңесінің төрағасы Василий Шайхразиев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол жеткізді.
Меморандумның басты мақсат – екі ел арасындағы бауырластық достықты нығайту және Ресей Федерациясының Татарстандағы қандастарға білім, мәдениет саласында көмек қолын созу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ