Әлем қазақтарын «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестиваліне шақырамыз

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы биылғы «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Павлодар қаласында өтетінін хабарлайды.

Фестивальдің мақсаты

Талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, шетелде тұратын отандастарымыздың шығармашылық әлеуетін арттыру;

Ұлттық мәдениет пен өнердің дәстүрлі түрлерін көпшілікке дәріптеу.

 

Фестиваль номинациялары

Фестивальде 4 номинация бойынша конкурс ұйымдастырылады:

– мүшайра;

– терме;

– халықтық-қолданбалы өнер;

– вокал (дәстүрлі ән);

 

 ФЕСТИВАЛЬДІҢ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ

Фестивальге қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 1 шілдеден бастап, 31 тамызға дейін.

Фестивальге 16 және одан жоғары жастағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен этникалық қазақтар қатыса алады.

Сырттай іріктеу турындағы қатысушылар санына шектеу қойылмайды. Қорытынды турға қатысушылардың санын және құрамын Қазылар алқасы ақтық іс-шаралар өткізілетін күннен 20 күн бұрын анықтайды, бұл туралы қатысушыларға хабарланады.

Фестивальге қатысу үшін жарна төленбейді. Қатысушылардың жолға, тұратын орындарына, тамақтануларына кететін шығындарды ұйымдастырушылар көтереді.

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

а) Мүшайра номинациясы:

– ақынның конкурсқа ұсынған туындысы бұрын жарияланбаған болуы тиіс. Туындының көлемі 10 парақтан аспауы шарт;

– ақын биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақ Елі», «Халық мұрасы» және бір еркін тақырыптағы 3 туындысымен қатысуы тиіс.

б) Терме номинациясы:

– аспапты жоғары деңгейде еркін меңгеру;

– тақырыптық шектеулер қойылмайды;

– Екі туынды орындалады.

в) Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы:

– конкурста авторлық бұйымды ұсыну;

– бұйымдар, кәдесыйлар заманауи, тұрмыста пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс;

– бұйымдар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және тұрмысын бейнелеуі тиіс;

– ұсынылатын бұйымдар саны шектелмеген.

г) Соло вокал (дәстүрлі ән) номинациясы:

– дәстүрлі ән айту нақышын сақтау;

– музыкалық материалды Фестивальдың тақырыбына сәйкес таңдау.

 

Жұмыс тілі: қазақ тілі.

Фестивальге қатысу үшін ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының электронды поштасы alem_kazak92@mail.ru арқылы №1 Қосымшаға сәйкес онлайн-өтінімді толтырып (өзі туралы толық ақпаратты ұсыну), тіркеуден өту керек. Сонымен қатар Facebook (https://www.facebook.com/Dunyeqazaq) пен Instagram @kazak.kaum (https://www.instagram.com/kazak.kaum) әлеуметтік желісіндегі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының парақшасына жазылуы тиіс.

Қазылар алқасының алдын-ала іріктеуіне қатысу үшін туындыны №2 Қосымшаға сәйкес ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін ұсыну қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

Дауыс беру қорытындысы негізінде Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша Гран-приді және 1, 2, 3-ші орындарды табыстайды;

Фестивальдің ақтық сыны және лауреаттар мен жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 15 қазанда Павлодар қаласында өткізіледі;

Жүлдегерлерге ақшалай және кәде сыйлықтар қарастырылған.

 

Байланыс тел.: 8 (7172) 23-59-44, 8-701-752-11-83

Е-почта: alem_kazak92@mail.ru

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ