Қауымдастық өкілдері қоғам қайраткері Ережеп Мәмбетқазиевпен кездесті

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі қазақтарды қолдау, мәдени-рухани жақтан байланыс орнату жұмыстары жалғасуда. 29 маусым күні Қауымдастықтың Бірінші орынбасарының кеңесшісі Дәурен Жанұзақов пен Қауымдастықтың Шығыс Қазақстан облысындағы филиал басшысы Совет Иманғалиев Ресейдегі Астрахань облысының тумасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, Қазақстан-Американ еркін университетінің Президенті (1993-1995 ж.), Білім министрі болған Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиевпен кездесіп, Ресей қазақтарының мәдени жағдайын, кездесіп отырған мәселелерін талқылады.

Ескере кететін жай Астрахань облысында 2010 жылғы санақ бойынша 150 мың қазақ қоныстанған. Бұл Ресейдегі қандастарымыз ең көп шоғырланған өлке болып есептеледі. Жергілікті қазақтардың тілі мен мәдениеті айтарлықтай деңгейде емес. Ережеп Әлқайырұлы осы өңірдің тумасы болғандықтан көптеген ішкі мәселелермен хабардар.  Қазіргі таңда осы мәселелерді белсене көтеріп, оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында қолдау көрсетуін сұрап Ресей Президентіне хат жолдауда. Сонымен қатар, 2019 жылы Е.Мәмбетқазиев Астрахань облысының губернаторы И.Ю. Бабушкинмен кездесіп өлкедегі қазақтардың тілі мен мәдениетін дамыту, қазақ мектептерін ашу және оларға жағдай жасау төңірегіндегі проблемаларды шешу мәселесін қолға алатындығына келісті.

Е. Мәмбетқазиев тарапынан Володар ауданы Калинино елді мекеніндегі өзі оқыған қазақ мектебін оқу құралдары және кітаптармен қамтамасыз етіп, мектеп жанына қазіргі талапқа сай шағын спорттық алаң салынды. Сонымен қатар Е. Мәмбетқазиев өзі басқарып отырған университеттің бас ғимаратынан еліміздің шығысындағы қауымдастықтың филиалына арнайы қызметтік бөлме беруге дайын екендігін ескертті. Болашақта да Қауымдастықтың жұмысына көңіл бөліп, қолдайтынын білдірді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ